Қазақша
«Қазақстан трагедиясы – ұрпаққа сабақ» саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара

Миллиондаған адамдардың өмiрiн құрбан еткен, саяси репрессия құрбандарын еске алу күнi, Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң көрме залында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А. Мусралимованың қатысуымен «Қазақстан трагедиясы — ұрпаққа сабақ» iс шарасы өткiзiлдi, онда этно мәдени, ардагерлер және жастар бiрлестiктерi, ғылыми және шығармашылық интеллегенциялары қатысты.

Iс шара мақсаты — бiздiң халқымыздың өткен тарихы туралы естелiктi сақтау.

Iс шараны ұйымдастырушы: Ақмола облысының архивтер және құжаттамалар басқармасы.

Iс шара барысында сөз сөйлеушiлер көпшiлiкке келесi тақырыптарға ғылыми баяндамаларды ұсынды: «Репрессияның табиғи болмысы және қоғам дамуына тигiзген керi әсерi», «Алаш қозғалысындағы әдеби тұлғалар», «Руханият, төзiмдiлiк — ұлттық өзiндiк сана-сезiмнiң негiзi», «Архив құжаттары арнайы қоныс аударушылар туралы».

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2018
Қаралым саны: 412

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+