A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2017 жылғы 27 қаңтардағы ағымдағы өзекті және ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен кеңес

2017 жылғы 27 қаңтар «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң қызметкерлерiнiң бiрлескен кеңесi өткiзiлдi. Күн тәртiбi «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментi бөлiмшелерi арқылы көрсетудiң өзектi мәселелерi және оларды шешу жолдары» болды.

Кеңесте басқарма басшысы М.Ю.Тохаева мен департамент директоры С.Б.Кенжетаева төрағалық еттi, сондай-ақ, облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтер көрсетудi талдау бөлiмiнiң басшысы Д.Г.Жұмабек, департамент, басқарма мен облыс мемлекеттiк архивтерiнiң қызметкерлерi қатысты.

Кеңес барысында келесi мәселелер талқыланды: Облыс мемлекеттiк архивтерiнiң мемлекеттiк қызметтердi көрсету көрсеткiштерiн арттыру бойынша 2016 жылға арналған iс-шаралар жоспарын орындау нәтижелерi, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын жақсартуға қатысты мәселелер, архивтiк мекемелердiң ХҚКО-мен өзара әрекеттесу кезiндегi жұмыс барысында туындайтын өзектi мәселелер көрсетiлдi.

Нәтижесiнде құрылымдық диалог болып өттi, ол бойынша «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша жұмыстағы негiзгi басымдылықтар анықталды, оларды жүзеге асыру бойынша мiндеттер қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 28.01.2017
Қаралым саны: 711
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59