Қазақша
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ және облыс архивтік мекемелерінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк

қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi бойынша комиссия отырысының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52-32.1 хаттамасын орындау үшiн, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу мақсатында «Ақмола облысының архивтiк мекемелерi көрсететiн «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi» бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтауға арналған талдау жүргiзу үшiн «Жұмыс тобын құру туралы» 2017 жылғы 19 маусымдағы № 16 бұйрық қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне талдау жүргiзу кезеңi 2017 жылғы 19 маусымнан 10 шiлдеге дейiн.

Талданатын кезең: 2017 жылғы 01 қаңтардан 2017 жылғы 01 шiлдеге дейiн.

Құрамы 3 адамнан тұратын жұмыс тобы бұйрықпен бекiтiлдi: бөлiм басшысы (1 адам), бас мамандар (2 адам) (Бұйрықтың көшiрмесi қоса берiлген).

I.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi туралы ақпарат

«Мемлекеттiк қызмет көрсету» бағыты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорта министрiнiң 2017 жылғы 07 наурыздағы № 57 бұйрығымен бекiтiлген «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық архивi» республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi және олардың филиалдары «Архивтiк анықтамалар беру» бiр мемлекеттiк қызметiн көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Жұмыс тобының талдау нәтижесiнде келесi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi анықталды:

1. Қызмет алушылармен тiкелей байланысқа түсу.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 3-тармағының 1,2,3)-тармақшаларына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1)көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2)"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiмет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. Бұл нысан көрсетiлетiн қызметтi берушi мен қызметтi алушының тiкелей қатынасуына әкеледi. Осылайша мемлекеттiк қызмет көрсетудi тездету, мәселенi оң шешу немесе жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметтi көрсетуде кедергi жасауы бөлiмiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелi туындайды.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға тепе-тең қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз ету.

ҚР «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 15.04.2013ж. № 88-V Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабындағы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдау облыстың архивтiк мекемелерi орналасқан ғимараттардың барлығында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн жағдай қарастырылмағанын белгiледi. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша талдау жүргiзiлiп, оның нәтижесi бойынша келесi анықталды:

Қазiргi уақытта облыста 21 архивтiк мекеме жұмыс iстейдi (1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық).

21 архивтiң тек 12 мемлекеттiк архивте ғана өз ғимараты бар, 9 архив үй-жайды жалға алады (Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жарқайың, Зерендi, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград және Шортанды мемлекеттiк архивтерi).

Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет алу кезiнде 12 мемлекеттiк архивте жағдай жасалған: Көкшетау және Атбасар қалаларының, Астрахан, Атбасар, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Жарқайың, Қорғалжын, Сандықтау, Егiндiкөл, Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерi.

Шақыру батырмалары Ақмола облысының және Степногорск қаласының мемлекеттiк архивтерiнен басқа барлық мемлекеттiк архивтерде орнатылған.

Сонымен бiрге, бүгiнгi күнi аталған мәселенi шешу үшiн басқарма мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды жағдаймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданғанын хабарлаймыз, аталған мәселе 2017 жылғы 10 наурыз басқарманың алқасына қойылды және басқарма мамандарымен бақылауға алынды.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау iс-шараларын жүргiзу.

А.ж. бiрiншi тоқсанында басқарма Қорғалжын, Егiндiкөл, Жарқайың аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде 3 бақылау iс-шарасын жүргiздi. Бақылау iс-шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттiк бақылау қағидаларына сәйкес жүргiзiлдi.

Бақылау iс-шараларының нәтижесi бойынша Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивiнде мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды жағдаймен қамтамасыз ету бөлiмiнде бiр бұзушылық анықталды, ол бақылау iс-шарасын өткiзген күннен бiр ай iшiнде жойылды, сәйкесiнше мемлекеттiк архивтiң ғимаратына кедергiсiз кiру үшiн ғимарат табалдырығына рельстер орнатылды.

Тексерiс барысында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңның басқа бұзушылықтары анықталған жоқ.

Архивтер мен құжаттамалар басқармасы 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында облыстың мемлекеттiк архивтерi берген архивтiк анықтамалардың дұрыстығына және архивтiк құжаттарға сәйкестiгiне 20 ыңғайласпа тексеру жүргiздi.

Ыңғайласпа тексерулердiң нәтижесiнде Шортанды ауданының мемлекеттiк архивiнiң мамандарының тарапынан бiр бұзушылық анықталды. Архивтiк анықтама архивтiк анықтамада көрсетiлген мәлiметтердiң Шортанды ауданының мемлекеттiк архивiнде қолда бар архивтiк құжаттармен сәйкес келмеуiне байланысты расталмады.

II.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердi жою бойынша ұсынымдар.

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшылығы жүргiзiлген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдаудың нәтижесi бойынша анықталған кемшiлiктердi есепке ала отырып, келесiнi ұсынды:

1)Облыстың мемлекеттiк архивтерi қызметкерлерiнiң арасында «мемлекеттiк қызмет көрсету», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» мәселелерi бойынша аппараттық кеңестер өткiзу, мемлекеттiк архив жұмысшыларының бiлiктiлiк деңгейiн арттыру, басқарма мамандары өткiзетiн семинарларда бiлiм алу, ұжым iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдау арқылы ақпараттық-түсiндiру жұмысын күшейту.

2)Мемлекеттiк архив директорларына, немесе жауапты тұлғаларға берiлетiн архивтiк анықтамаларды архивтiк құжаттарға қарама-қайшылықтың болуына және болмауына қайта тексеру тапсырылды. Архивтiк анықтамалардың ақырғы көшiрмелерi бөлек iске тiгiлiп, архив директорының кабинетiнде сақталсын, берiлетiн бланктер қатаң түрде есепке алынсын;

3)Халық арасында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету және мемлекеттiк қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүзеге асыру.

Аталған жұмысты жүргiзу облыстың мемлекеттiк архивтерi директорларына жүктелсiн.

III.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою бойынша ұсынымдарды iске асыру мерзiмдерi

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою бойынша ұсынымдарды iске асыру мерзiмi 2018 жылғы 01 қаңтарға дейiн.


Басқарма басшысының м.а.                                                                                Г. Филипьева


Орындағандар: Уразаева Д.С.

                        Каримова Г.С.

                        Жакупова Д.Т.

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2017 18:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2017 18:06
Қаралым саны: 1447

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+