«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус | Eng
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ және облыс архивтік мекемелерінің қызметіндегі 2017 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтамасы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк

қағидаларын бекiту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерi бойынша комиссия отырысының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52-32.1 хаттамасын орындау үшiн, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу мақсатында «Ақмола облысының архивтiк мекемелерi көрсететiн «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi» бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтауға арналған талдау жүргiзу үшiн «Жұмыс тобын құру туралы» 2017 жылғы 19 маусымдағы № 16 бұйрық қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне талдау жүргiзу кезеңi 2017 жылғы 8 ақпаннан 9 ақпанға дейiн.

Талданатын кезең: 2017 жылғы 01 қаңтардан 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейiн.

I.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi туралы ақпарат
«Мемлекеттiк қызмет көрсету» бағыты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорта министрiнiң 2017 жылғы 07 наурыздағы № 57 бұйрығымен бекiтiлген «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық архивi» республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi және олардың филиалдары «Архивтiк анықтамалар беру» бiр мемлекеттiк қызметiн көрсетедi.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Жұмыс тобының талдау нәтижесiнде келесi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi анықталды:

1. Қызмет алушылармен тiкелей байланысқа түсу.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 3-тармағының 1,2,3)-тармақшаларына сәйкес өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1)көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2)"Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) "электрондық үкiмет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. Бұл нысан көрсетiлетiн қызметтi берушi мен қызметтi алушының тiкелей қатынасуына әкеледi. Осылайша мемлекеттiк қызмет көрсетудi тездету, мәселенi оң шешу немесе жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызметтi көрсетуде кедергi жасауы бөлiмiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелi туындайды.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға тепе-тең қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз ету.

ҚР «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 15.04.2013ж. № 88-V Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабындағы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес мүмкiндiгi шектеулi адамдардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуы кезiнде оларға қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдау облыстың архивтiк мекемелерi орналасқан ғимараттардың барлығында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн жағдай қарастырылмағанын белгiледi. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша талдау жүргiзiлiп, оның нәтижесi бойынша келесi анықталды:

Қазiргi уақытта облыста 21 архивтiк мекеме жұмыс iстейдi.

17 мемлекеттiк архивтерде көрсетiлетiн қызметтi алушыларға және мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар жағдай жасалған.

Аршалы, Есiл, Жаксы айдандарының мемлекеттiк архивтерiнде күрделi жөндеу өткеннен кейiн пандустар орнатылады.

Сонымен бiрге, 2018 жылы Степногорск мемлекеттiк архивiне пандус орнатуға қаражан бөлiндi.

Шақыру батырмалары барлық мемлекеттiк архивтерде орнатылған.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау iс-шараларын жүргiзу.

Басқарма 2017 жылы Степногорск қ., Қорғалжын, Егiндiкөл, Жарқайың, Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде 5 бақылау iс-шарасын жүргiздi. Бақылау iс-шаралары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттiк бақылау қағидаларына сәйкес жүргiзiлдi.

Бақылау iс-шараларының нәтижесi бойынша Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивiнде мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды жағдаймен қамтамасыз ету бөлiмiнде бiр бұзушылық анықталды, ол бақылау iс-шарасын өткiзген күннен бiр ай iшiнде жойылды, сәйкесiнше мемлекеттiк архивтiң ғимаратына кедергiсiз кiру үшiн ғимарат табалдырығына рельстер орнатылды.

Тексерiс барысында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңның басқа бұзушылықтары анықталған жоқ.

II.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдердi жою бойынша ұсынымдар.

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшылығы жүргiзiлген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн талдаудың нәтижесi бойынша анықталған кемшiлiктердi есепке ала отырып, келесiнi ұсынды:

1)Облыстың мемлекеттiк архивтерi қызметкерлерiнiң арасында мемлекеттiк қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша аппараттық кеңестер өткiзу, мемлекеттiк архив жұмысшыларының бiлiктiлiк деңгейiн арттыру, басқарма мамандары өткiзетiн семинарларда бiлiм алу, ұжым iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдау арқылы ақпараттық-түсiндiру жұмысын күшейту.

2)Мемлекеттiк архив директорларына, немесе жауапты тұлғаларға берiлетiн архивтiк анықтамаларды архивтiк құжаттарға қарама-қайшылықтың болуына және болмауына қайта тексеру тапсырылды. Архивтiк анықтамалардың ақырғы көшiрмелерi бөлек iске тiгiлiп, архив директорының кабинетiнде сақталсын, берiлетiн бланктер қатаң түрде есепке алынсын;

3)Халық арасында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету және мемлекеттiк қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүзеге асыру.

Аталған жұмысты жүргiзу облыстың мемлекеттiк архивтерi директорларына жүктелсiн.

III.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою бойынша ұсынымдарды iске асыру мерзiмдерi

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою бойынша ұсынымдарды iске асыру мерзiмi 2018 жылғы 01 шiлдеге дейiн.

Басқарма басшысы                                                                                          М. Тохаева

Орын.: Хабибулов Б.Б.

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2018 17:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 17:57
Қаралым саны: 508

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59

A-
A
A+
Қаз
Рус
Eng