A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Бекiтемiн
«Ақмола облысының архивтер мен
құжаттамалар басқармасы» ММ
басшысының м.а.
____________Г. Филипьева
«_19_» __мамыр__2017 ж.


«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Осы «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрi — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрленген және басқарма құзыретi салаларындағы тыйымдар, шектеулер және рұқсаттар жүйесiн ұсынады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлық танытуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық танытуда құқықтық сауаттылық пен нөлдiк төзiмдiлiктi арттыру болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мiндеттерi:

1) басқарма қызметшiлерiнiң өз құқықтары мен мiндеттерiн атқару кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртiбi мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлықты уақытында анықтау және оның жағымсыз салдарының алдын алу;

3) басқарма қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт басқарма қызметiнде өз функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде қолданылады;;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты басқарманың барлық қызметшiлерi орындауға мiндеттi;;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуына басқарманың барлық қызметшiлерi жауапты.

5. Басқарма қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды басқарма басшысы және кадрлық қызмет меңгерушiсi жүзеге асырады.

6. Басқарманың кадрлық қызметiн меңгерушi тоқсан сайынғы негiзде есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10 дейiнгi мерзiмде (егер ақпарат өзге мерзiмде сұратылмаса) басқарма басшысына басқарма қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауы туралы ақпаратты ұсынады.

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың өзгертiлуi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiледi.

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар басқарма қызметшiлерiнiң қызмет ету саласына байланысты орнатылған ережелердi мүлтiксiз сақтауына және сыбайлас жемқорлық танытуын болдырмауға бағытталған iс-әрекеттерi мен шешiмдерiн анықтайды.

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде;

2) құзыреттер шегiнде басқармалық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде;

3) нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде;

4) саланың ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде қолданылады.

10. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңнамамен белгiленген тәртiпте және мерзiмде қарау, олар бойынша тиiстi шараларды қолдану;

2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң тұтынушысы ретiнде жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарына толық бейiмделiп, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру бойынша тұрақты негiзде шаралар қолдану;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдауда айқындықпен қамтамасыз ету;

4) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге тұлғалардың iс-әрекетiне ықпалын тигiзу үшiн қызметтiк жағдайды пайдаланбау;

5) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған шектеулер мен тыйымдарды сақтау;

6) бақылау және қадағалау нысандары болып табылмаса немесе тексеру затына жатпаса құжаттар, ақпараттар ұсынуды талап етпеу;

7) тексерiс жүргiзу нәтижесiнде алынған ақпаратты және Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, заңмен қорғалатын өзге құпияларды ашпау және (немесе) таратпау;

8) жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен немесе өзге мемлекеттiк органмен бұрын тексерiс жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектiге), Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, бiр кезең және бiр мәселе бойынша тексерiс жүргiзбеу;

9) тексерiлетiн субъектiлер есебiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатымен шығынды сипаттағы iс-шаралар жүргiзбеу;

10) тексерiлетiн субъектiлер тарапынан анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуларын бақылау және қадағалау iс-әрекетiнiң актiлерiнде толық көлемде көрсету;

11) бұзушылықтарды жою мерзiмдерiн анықтау кезiнде заңдылық, негiздiлiк және парасаттылық принциптерiн ұстану;

12) мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды iске асыру кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау iс-шараларының мақсаты мен мiндеттерiне жатпайтын мәселелер бойынша байланысуына жол бермеу;

13) басқарманың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне ықпалын тигiзу үшiн қызметтiк жағдайын пайдаланбау қажет.

11. Құзыреттер шегiнде басқармалық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде:

1) мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет, олар туындаған жағдайда оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жою бойынша шаралар қолдану;

2) бақылау және қадағалау iс-шараларын және шешiм шығаруды ұйғаратын өзге iс-әрекеттердi жүргiзу кезiнде мәселелердi әдiлдiкпен қарап шешу, шешiмдердi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылдау;

3) мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне енетiн шешiмдердi қабылдау кезiнде өзiнiң заңды мiндеттерiмен байланысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызметтер мен өзге жеңiлдiктер қабылдамау;

4) өкiлеттiктердi өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқығы мен заңды мүдделерiн сақтау;

6) тексерiстердi Қазақстан Республикасының кодекстерiмен және (немесе) заңдарымен, нормативтiк-құқықтық актiлерiмен орнатылған тәртiпке сәйкес және негiзiнде жүргiзу;

7) тексерiс кезеңiнде тексерiлетiн субъектiлердiң орнатылған жұмыс тәртiбiне кедергi келтiрмеу;

8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жол бермеу бойынша өкiлеттiкке ұсынылған iс-шараларды уақытында және толық көлемде орындау;

9) тексерiс жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттар мен мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету қажет..

12. Нормативтiң-құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде:

1) егер мазмұны азаматтардың құқығы мен бостандығына қатысты болса, нормативтiк-құқықтық актiлердi алдын ала қоғамдық талқылаудан өткiзбей әзiрлеуге және қабылдауға жол бермеу;

2) нормативтiк-құқықтық актiлердi өзi немесе үшiншi тұлғалар үшiн пайда табу мақсатымен қабылдауға жол бермеу керек.

13. Сала ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде:

1) мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн, мемлекеттiк органдардың қызмет ету тиiмдiлiгiне кедергi келтiретiн немесе төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;

2) заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған терiс қылықтар және өзге заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

3) iскерлiк этикеттi және ресми тәртiп ережелерiн сақтау қажет.

14. Жетекшiлiк ететiн салаларда сыбайлас жемқорлық фактiлерiмен қақтығысу кезiндегi басқарма қызметшiлерiнiң әрекеттерi:

1) егер мемлекеттiк қызметшi сыбайлас жемқорлық бұзушылық туралы ақпаратпен хабардар болса, ол осындай заң бұзушылықты жою және тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолдануы керек, соның iшiнде тез арада жазбаша түрде жоғарыда тұрған басшысын, жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығын, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;

2) сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi тез арада жазбаша түрде көрсетiлген тұлғалар мен органдарды оны өзге тұлғалармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа иiлдiру жағдайлары туралы хабардар етуге мiндеттi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.07.2017 15:56
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59