A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Халық жадын сақтаушылар

«Акмолинская правда» газетi
2016 жылғы 14 маусымдағы № 72

Өткен жұмада Халықаралық архивтер күнiмен ұштастырылған облыстық кеңесте архивистер жылды қорытындылады. Мереке қарсаңында облыс әкiмi Сергей Кулагин барлық уақытта архивистердiң басты мiндетi қоғамның материалдық және рухани өмiрi айнадай ашық көрiнетiн құжаттарды сақтау, жинақтау және пайдалану болып табылатынын атап өтiп, архив қызметi жұмысшыларын кәсiби мерекелерiмен құттықтады. «Құрметтi архив қызметкерлерi, сiздердiң мейлiнше әрi жауапты еңбектерiңiз тарихтағы «ақтаңдақтарды» жоюға себебiн тигiзедi. Сiздер алдағы уақытта да тамаша дәстүрлердi көбейтiп, облыс архив iсiнiң дамуына маңызды үлес қосатындарыңызға сенiмдiмiн»,- деп облыс әкiмi сенiмiн бiлдiрдi.

Жиналыс өткен Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыка-драма театрының кiре берiсiнде архивистер қызықты фотоқұжаттық экспозициялар әзiрлеген. Кезеңдерге бөлiнген «Листая страницы истории» көрмесi облыстың соғысқа дейiнгi, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, тың игеру жылдарындағы, қазiргi уақыттағы өмiрi туралы баяндады. «Құжаттар дәлелдейдi» экспозициясында Көкшетау қаласының ұзақ уақыт бойы бастан кешкен ең жарық оқиғалары фотоқұжаттармен, газет қиындыларымен ұсынылды. Мәселен, фотосуреттерден қаланың ХIХ ғасырдан бастап дамуы мен өзгеруiн көруге болады. Кездесудiң модераторы ретiнде облыс әкiмiнiң орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйледi. Кеңестiң басында төраға Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң жаңа директоры Тасболат Кәкпеновтi таныстырды.

Архив қызметiнiң жағдайы мен болашағы, мәселелерi туралы облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Тохаева баяндады. Қызмет құрылымына облыстық басқармамен қоса миллиондаған iсi бар 21 мемлекеттiк архив енедi. Сонымен қатар, барлық архив бейiмделген ғимараттарға орналастырылған, 21 архивтiң 12-сiнде өз ғимараты бар, тоғызы түрлi меншiктерден жалдайды. Алаңдардың жыл сайын өсуiне орай Бурабай, Зерендi, Жарқайың, Целиноград аудандық архивтерi 100 %-ға жүктелген.

Архив жұмысының басты бөлiгi — өрт қауiпсiздiгi туралы айта келе, Марзият Тохаева Есiл мемлекеттiк архивiнде пеш жағып жылыту жүйесi жалғасып келе жатқанын атап өттi. Биыл бұл архивте электр қазанын орнату жоспарланған. Алты ауданда күзет дабылын орнату мәселесi бар.

Архивистер қорлардың сақталуы мен қалыптасуына, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы және уақытында көрсетiлуiне көп көңiл бөледi. Ал құжаттардың сақталуы үшiн ұйымдарда заңға сәйкес ведомстволық архивтер ашу қарастырылған, бұл iске жауапкершiлiк басшыларға жүктелген. Яғни, оперативтi қолданыстан шыққан құжаттардың барлығы есепке алынып, соңынан мемлекеттiк архивке тапсыру үшiн дайындалуы қажет. Алайда, Марзият Тохаеваның айтуынша, басшылардың көбi құжаттардың сақталуының мiндеттi шарты ретiнде ведостволық архивтер ұйымдастырудың қажеттiлiгiн түсiнбейдi. Көптеген мекемелер мен кәсiпорындар жабылып, басқалары қайда құрылып жатқан дағдарысты 90 жылдарда құжаттардың сақталуына ешкiм жауап бермеген, және олардың бiр бөлiгi бiржола жоғалған кездiң жаңғырығы бүгiнгi күнi көптеген сұранымдардың жауапсыз қалуы болып табылады. Мәселен, өткен жылы облыс архивтерi 2000-нан астам азаматтың еңбек өтiлiн, ақысын, бiлiктiлiгiн құжатпен растай алмады.

Ал архивтен келген терiс жауап зейнетақы, әлеуметтiк жәрдемақы тағайындауға әсерiн тигiзедi.

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң директоры Ләззат Мұхамедина өз баяндамасында бүгiнгi күнi құжаттарды мемлекеттiк архивтерге сақтауға тапсыру толық көлемде жүргiзiлмей жатқаны туралы айтып өттi.

Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округының әкiмi Светлана Валитова мен Атбасар қ. № 9 АТК директоры Зәуреш Асқарова өз ұйымдарында ведомстволық қорлардың жұмысы туралы баяндады.

Нұрлан Нұркенов адамдар үшiн архивист мамандығындай аса маңызды мамандық көп еместiгiн атап өтiп, кеңестi қорытындылады. Бiрақ архив — бұл құжаттарды сақтайтын орын ғана емес, бастысы өз iсiн кәсiби тұрғыда атқарып жатқан адамдар. «Бүгiн облысымыздың архив саласында 132 қызметкер жұмыс iстеуде, олар өз iсi — ұлттық жадымызды сақтауға шексiз берiлген, — дедi ол. Бұл күнi ардагерлер — Владимир Качковскийге, Геннадий Матросовқа, Александр Положенцевке, Владимир Котовқа, Петр Резовке, Николай Байчиковке, Галина Нефедоваға, Галина Гладковаға, Валентина Долговаға және архив қызметiн дамытуға көп күш-қуатын жұмсаған көптеген басқа ардагерлерге ризашылық бiлдiргiм келедi. Биыл елiмiз Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығын атап өтпекшi, маңызды жетiстiктерiмiздiң бiрi — сiздердiң еңбектерiңiздiң арқасында халықтың мәдени-тарихи мұрасын жандандыру және дамыту болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Мұрағат — құжаттар қоймасы емес, халық тарихының қайнар көзi».

Нұрлан Нұркенов Халықаралық архивтер күнiнiң құрметiне облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен бiрқатар архив қызметi жұмысшыларын марапаттады. Кеңес мерекелiк концерттiк бағдарламамен аяқталды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.07.2016 10:54
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59