A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының құрылу тарихы

Қазақ КСР IСХК 1939 жылғы 22 желтоқсандағы № 1875 бұйрығымен Ақмола облысының қалыптасуына байланысты 1940 жылғы қыркүйекте IIХК облыс бойынша басқармасының құрамында мұрағат бөлiмi ұйымдастырылды. Кейiн 57 жыл бойы мұрағаттық орган 11 рет атауын өзгерткен (Ақмола облысы бойынша IIХКБ мұрағат бөлiмi; облыстық атқарушы комитет, өлкелiк атқарушы комитет жанындағы мұрағат бөлiмi; мұрағат басқармасы, мұрағат бөлiмi, архивтер мен құжаттамалар басқармасы).

1996 жылы Ақмола облысы әкiмiнiң мұрағат бөлiмi жойылып, оның қызметтерi Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатына берiлдi.

Ақмола облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 22 наурыздағы № 43 шешiмiмен Ақмола облысы әкiмiнiң мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмi қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Қазақстан Республикасыныңдағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мекеме атауына өзгерiстер енгiзiлiп, Мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмi 2005 жылғы 25 қаңтардан бастап «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi деп аталынды.

«Кейбiр мемлекеттiк мекемелердiң атауларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 14 сәуiрдегi № А-3/126 қаулысына сәйкес «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң атауы «Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi деп өзгертiлдi.

Басқарманың қызметi

Басқарма Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң басты мiндетi — тарихи байлығымыздың сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметiн тұрақты түрде қадағалайды, сондай-ақ облыстың мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорындарындағы ведомстволық архивтер мен iс жүргiзудi ұйымдастыруға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасайды.

Басқарманың жанында Алқа, Сараптау-тексеру әдiстемелiк комиссия (СТӘК) құрылған.

Облыс әкiмiн архив қызметiнiң жағдайы, оның мәселелерi мен шешiлмеген сұрақтары туралы жүйелi түрде ақпараттандыру басқарма қызметiнiң мiндеттi элементi болып табылады.

Архивтiк қызмет облыс әкiмiмен, облыстық мәслихат сессиясының шешiмiмен бекiтiлген арнайы Бағдарламаларға сәйкес дамиды.

Архивтер мен құжаттамалар басқармасы 2003 жылдан бастап шығу мерзiмдiлiгi жылына екi рет архивтiк ақпараттық бюллетень шығарып тұрды, онда архивтiк мекемелердiң жұмысы, мемлекеттiк архивтердiң құжаттары бойынша басылымдар, жаңа әдiстемелiк әзiрлемелер жарияланып тұрды. Ақмола облысының тарихы туралы «Ақмола облысы. Тарих. Оқиғалар. Адамдар. Естелiк» (2007), Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi туралы (2008); Ақмола облысының 70 жылдығына — Айтулы тұлғалар туралы (2009); Ақмола облысының ономастикасы мен топонимикасы (2009); «Ақмола облысы 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында» (2010) альманахтары басылып шықты.

Ақмола облысының қалыптасқанына 70 жыл толуын мерекелеуге байланысты басқарма Ақмола облысының энциклопедиясы бойынша жұмысқа қатысты.

Облыстың архивтiк қызметi — Қазақстан Республикасындағы ең iрiлердiң бiрi. Бүгiнде өңiрде 21 мемлекеттiк архив жұмыс iстейдi: облыстық, үш қалалық және 17 аудандық.

Басқарма ведомстволармен жұмысқа көп көңiл бөледi. Жыл сайын облыста көрсетiлген Министрлiктердiң мекемелерi жүйесiнде құжаттауға және құжаттаманы басқаруға кешендi тексерiстер жүргiзiледi. Нәтижелерi архивтер мен құжаттамалар басқармасының алқасында немесе СТӘК-да талқыланады. Басқарма мамандары ведомстволар қызметкерлерi үшiн оқыту семинар-кеңестерiн, «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығы» МКК-да құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша дәрiстер өткiзуге қатысады. Басқарма, мемлекеттiк архивтер iс жүргiзу, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толымдау дереккөздерi болып табылатын мекемелерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерiн тұрақты түрде қадағалайды.

2015 жылғы 01қыркүйектен бастап Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Тохаева Марзият Юсуповна болып табылады.

Іс-шаралар

 

Ақмола облысы мемлекеттiк архивтерiнiң 2015 жылғы негiзгi қызметiнiң қорытындысы бойынша кеңес

 

 

 

 

 

 



Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының және облыстық мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi 2016 жылғы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған салтанатты iс-шарада

 

 

 

 

 

 

 

Архивтiк мекемелердiң 2015 жыл және 2016 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша басқармадағы кеңес және Халықаралық архивтер күнiн мерекелеуге арналған Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Н. Ж. Нұркеновтiң қатысуымен өткен салтанатты iс-шара


2016 жылдың 1-тоқсаны бойынша «Ақмола облысының үздік архиві» байқауында 1-орын алғаны үшін Зеренді ауданының мемлекеттік архивін дипломмен және кубокпен марапаттау

 

 

 

 

 

 

Архив мекемелерiнiң 2016 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша басқармадағы кеңес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үздік мұрағатшы – 2016» облыстық байқауы

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жылғы тамызда өткен «Үздiк мұрағатшы — 2016» облыстық байқауының қатысушылары

 

 

 

 

 

  


Қазақстан Республикасының Тiлдер күнiне арналған «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы» облыстық байқауы. Онда өзге ұлт өкiлдерi қатысты.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.05.2017 18:00
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59