A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Қазақ тілі-Қазақстанның болашағы» байқауы

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығының аясында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен және «Бари» армян этно-мәдени орталығының төрағасы Норик Ашотович Магломянның қолдауымен архив қызметiндегi өзге ұлт өкiлдерiнiң арасында «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы» атты байқау өттi.

Байқаудың басты мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн нығайту, қолдану және даму аясын кеңейту, архив iсi саласында мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау.

Байқауға Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi Полеткина Ольга Яковлевна, Лушина Татьяна Петровна, Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң өкiлдерi Спиридонова Татьяна Валентиновна, Сорокина Елена Юрьевна, сондай-ақ Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының iс жүргiзушiсi Скоковская Екатерина Валерьевна қатысты. Байқауға қатысушылар сахнаға қазақ ұлттық киiмiнде шығып, өздерiнiң мемлекеттiк тiл бойынша бiлiмдерiн ортаға сала бiлдi.

Байқау төрт аталымнан тұрды:

«Өзiн-өзi таныстыру» — қатысушылар өздерiн слайд-шоулар қолдану арқылы таныстырды, кәсiптерi туралы өлең формасында айтып бердi. «Әдебиеттанушы» — мемлекеттiк тiлде мақал-мәтелдер айту.

«Полиглот» — сөздер мен сөйлемдердi қазақ тiлiнен орысшаға аудару.

«Шабыт» — мемлекеттiк тiлде өлең оқу, ән айту.

Конкурсанттарды бағалау кезiнде тiлдi меңгеру деңгейi, жауаптың сапасы мен мазмұны, сахна мәдениетi ескерiлдi. Iс-шараның соңында байқауға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.10.2016 15:25
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59