Қазақша
«Жеке тұлғаларға архив анықтамаларын беру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

22 маусым 2018 жылы Ақмола облысының архивтер және құжаттамалар басқармасында «Жеке тұлғаларға архив анықтамаларын беру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Дөңгелек үстелдiң жұмысына Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары В.В.Городецкий, Ақмола облысының архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы М.Ю. Тохаева, Ақмола облысының архивтер және құжаттамалар басқармасының архив қызметi бөлiмiнiң басшысы Г.М.Филипьева, Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетi департаментi директорының орынбасары Н.Е. Салингереева, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының кеңселер майданың үйлестiру басқармасының басшысы А.К. Сансызбаева, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы А.А. Пузиков, Ақмола облысы мемлекеттiк архивi директорының орынбасары Г. К. Қалиева,, Көкшетау қаласы архивiнiң директоры Т.Ж.Қақпенов, Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң басшысы О.Я. Полеткина, Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивiнiң ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң бастығы А.С.Тiлеубергенова, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалының заңды және жеке тұлғалармен жұмыс iстеу бойынша және ЭМД бақылауды басқарудың бас сарапшысы Р.Ж. Сансызбаева қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жеке тұлғаларға архив анықтамаларын беру және архивтiн лауазымды тұлғаларымен архив анықтамаларын растығына бақылау жасау мәселелерi талқыланды.

Осы дөңгелек үстел барысында көтерiлген барлық мәселелердi қарастырып және талқылап, мынадай шешiм қабылданды:

- облыстың мемлекеттiк архивтердiн директорлары «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсеткенде бақылауды күшейтсiн және жалған архив анықтамаларын берудi болдырмау бойынша архивтердiн мамандарымен түсiнiктеме жұмыстарын жүргiзсiн.

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2018 12:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.07.2018 17:21
Қаралым саны: 486

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+