«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус | Eng
«Қазақстан трагедиясы – ұрпаққа сабақ» саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне арналған іс шара

31 мамыр — миллиондаған адамдардың өмiрiн құрбан еткен, саяси репрессия құрбандарын еске алу күнi, Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң көрме залында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А. Мысыралiмованың қатысуымен «Қазақстан трагедиясы — ұрпаққа сабақ» iс шарасы өткiзiлдi, онда этно мәдени, ардагерлер және жастар бiрлестiктерi, ғылыми және шығармашылық интеллегенциялары қатысты.

Iс шара мақсаты — бiздiң халқымыздың өткен тарихы туралы естелiктi сақтау.

Облыстық архивте «Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң құжаттарындағы репрессия саясаты» тақырыпты фотоқұжат көрмесi дайындалды.

Осы iс-шарада алғы сөзбен Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А. Мысырәлiмова сөз сөйледi, ол онда бiздiң тарихымыздың қарастырылып жатқан кезенi –қазақ даласының үздiк ұлдарын жоюға әкелiп соқтырған, ұлт түсiн жойған, бәлен мың жүз адамның өмiрiн қиған және халық генофонына түзелмес шығын әкелген өте қайғылы және қасiреттi кезен екенiң ерекше атап өттi.

Сонымен бiрге баяндамаларымен Ақмола облысы iшкi iстер департаментiнiң ақпараттық-талдау орталығының полиция подполковнигi К. Салықов «Репрессияға ұшыраған тұлғаларға қатысты мәлiметтердi iздестiруде Ақмола облысы IIД мамандандырылған мемлекеттiк архивiнде қызметтi ұйымдастыру» тақырыбында, «Ел бiрлiгi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Бақыт Смағұл «Тағдырлары қасiреттi қайраткерлер» тақырыбында, «Жалпы тарих және философия» кафедрасының аға ұстазы, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ тарих магистрi Г. Төлепбергенов «Репрессивтi жүйелердiң табиғи болмысы және олардың қоғамның өркениеттi дамуына керi ықпалы» тақырыбында, архив қызметiнiң ардагерi Г.Салык «Депортация туралы — архив құжаттары» тақырыбында, облыстық мемлекеттiк архивтiн ұйымдастыру-ақпараттық бөлiмiнiң басшысы, тарих магистрi Н. Кукушева «Тарих куәлiгi (Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң құжаттары бойынша)» тақырыбында, «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Г. Яндиев сөз сөйледi.

Iс шара барысында облыс әкiмiнiң орынбасары А. Мысырәлiмова архивтер және құжаттамалар басқармасына белгiлi қазақ ғалымы Тұрсын Жұртбайдың «Алаш» қозғалысының көшбасшылары туралы кiтап — трилогиясын тапсырды.

Бұл iс-шара «Саяси репрессиялар туралы» және «Қазақстан жерi» тақырыпнамалық бейнефильмдерiмен жалғасын тапты.

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2018 09:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.06.2018 12:07
Қаралым саны: 189

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Пошталық мекенжайы: Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

Телефон: 8 (7162) 31-56-70

Электрондық пошта адресі: arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59

Яндекс.Метрика
@ 2018 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
A-
A
A+
Қаз
Рус
Eng