Қазақша
Астана күніне арналған іс-шара

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы Астана күнiн мерекелеу аясында облыстық және қалалық архивтермен бiрлесiп салтанатты жиын өткiздi, жиын барысында елдiң қалыптасуы мен Астана қаласының егемендi және қарқынды дамып жатқан мемлекеттiң астанасы ретiнде дамуындағы Мемлекет басшысының маңызына ерекше назар аударылды. Аталған iс-шара барысында «Поднятие Астаны» бейнефильмi көрсетiлдi

Осындай iс-шаралар Ақмола облысының барлық мемлекеттiк архивтерiнде өткiзiлдi: лекциялар, дөңгелек үстелдер, «Астана — жас қала», «Астана — символ расцвета нового независимого Казахстана», «Астана — символ единства и независимости Республики Казахстан», «Астана — город будущего» тақырыптарына сабақтар өткiзiлдi, «Арман қала — Астана», «Достопримечательности Астаны», «Это твой день — Астана» көрмелерi, кiтапханалармен бiрлесiп «Айбыны асқақ, тұғыры биiк Астана», «Менiң астанам — Астана», «Астана — түрлiк әлем мәдениетi» көрмелерi ұйымдастырылды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында елiмiздiң бас қаласы — Астанаға арналған мақалалар мен жарияланымдар орналастырылды.

Мақаланың шыққан күні: 28.07.2017 16:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.07.2017 16:12
Қаралым саны: 1441

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+