A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Халықаралық архивтер күніне арналған іс-шара

2016 жылғы 10 маусым Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыка-драма театрында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновтiң қатысуымен Халықаралық архивтер күнiне арналған салалық кеңес пен салтанатты iс-шара өттi.

Облысымызда аталған мереке алғаш рет атап өтiлдi, онда архив қызметiнiң қызметкерлерi мен ардагерлерi, Ұлттық архив қорын жинақтаушы 68 ұйымнан 93 өкiл, қоғам, баспасөз қатысты.

Облыстық архив «Листая страницы истории…» архив құжаттарының көрмесiн ұйымдастырды, онда Ақмола облысы тарихының басты кезеңдерi, сондай-ақ өңiрiмiздiң тарихынан аса маңызды және қызықты оқиғалар, құбылыстар мен деректердi бейнелейтiн құжаттар ұсынылды.

Кеңес барысында Ақмола облысы архивтiк қызметiнiң аса маңызды мәселелерi талқыланды. Облыс архив мекемелерiнiң 2015 жылғы жұмысы қорытындыланып, архив iсiн бұдан әрi жетiлдiру бойынша 2016 жылға арналған мiндеттер қойылды.

Күн тәртiбi бойынша ақпаратпен Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Юсуповна Тохаева сөз сөйледi.

Жарыссөзде Атбасар қаласының (Ағзамов Мұрат Жалелұлы), Степногорск қаласының (Мұхамедина Ләззат Назымбековна), Атбасар ауданының (Ахметов Абай Бағарұлы) мемлекеттiк архив директорлары, Атбасар ауданының Щұңқыркөл ауылдық округi әкiмi (Валитова Светлана Андреевна), Атбасар қаласы № 1 индустриалдық-техникалық колледжiнiң директоры (Асқарова Зәуреш Құдайбергенқызы) баяндамамен сөз сөйледi.

Кеңестi қорыта келе, облыс әкiмiнiң орынбасары келесi мiндеттердi қойды:

-материалдық-техникалық базаны жетiлдiру және архив iсiнде ақпараттық технологияларды қолдану;

-құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк архивтердiң толықтығы мәселесiн кезең-кезеңмен шешу;

-ведомстволық архивтермен жұмысты жақсарту, ұйымдарға жиiрек бару және архив iсi мәселелерi бойынша кеңестер, семинарлар өткiзу;

-ашық есiк күндерiн өткiзу, ауылдық округтарға бару, халықпен кездесу.

Кеңестi қорыта келе басқарма басшысы Марзият Юсуповна Тохаева архив iсiнiң барлық қызметкерлерiн құттықтап, Елбасының архивтiк қызмет алдына қойған үлкен де жауапты мiндеттерiн жүзеге асыруда жетiстiктерге жетудi тiледi.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркенов құттықтау сөз сөйледi. Әкiм орынбасарының сөзi архив қызметi қызметкерлерiн архив iсiн дамытуға, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және әйгiлендiруге қосқан елеулi үлестерi үшiн облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен марапаттау салтанатымен жалғасты:

Уразақова Баян Жамкенқызы — Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры.

Бижанова Кенжетай Қалымханқызы — Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу бөлiмiнiң басшысы.

Комашко Галина Васильевна — Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң архивистi.

Искакова Галина Сергеевна — Есiл ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi.

Дворников Игорь Петрович — Атбасар қаласының мемлекеттiк архивiнiң бухгалтерi.

2016 жылдың бiрiншi тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола облысының архивтiк қызметiндегi үздiк көрсеткiштерi үшiн «Ақмола облысының үздiк архивi» кубогымен және дипломмен Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы марапатталды.

Марапаттау салтанатынан кейiн iс-шара мерекелiк концертке ұласты.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.10.2016 10:15
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59