A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2017 жылы Ақмола облысында архив ісін дамытудың НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2017 жылы
Ақмола облысында архив iсiн дамытудың
НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

Архив iсiн дамытуды
мемлекеттiк реттеу

Басқарма мен Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң 2017 жылғы жұмысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» — танылған мемлекеттiң жаңа саяси курсы Қазақстан халқына Жолдауын, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң, Архив iсi және құжаттамалар департаментiнiң, облыс әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, жеке ұйымдық-өкiмдiк құжаттарын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Архив iсiн дамыту мен жетiлдiруге, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталатын құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, ақпараттық технологиялар енгiзуге ерекше назар аударылатын болады.

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын құжаттардың сақталуы мен пайдалануын қамтамасыз етуге, ведомстволық архивтерде жатқан ҚР ҰАҚ құжаттарының құндылығын сараптауға бағытталған дәстүрлi жоспарлы жұмыстар мен iс-шаралардан басқа, мәдениет, бiлiм беру мекемелерiмен, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағымемлекеттiк қызметшiлердi қайта

дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiруаймақтық орталығымен, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыру жоспарланды.

Құжаттармен жұмысҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына, Сақтау мерзiмдерi бар үлгiлiк құжаттар тiзбесiне, Ұлттық архивқорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивтердiң қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы Заңына, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартына сәйкес жетiлдiрiлетiн болады.

2017 жылы басқарманың алқа отырыстарында 2016 жылғы негiзгi және қаржылық қызмет бойынша жұмыс нәтижесiн; азаматтар сұранымдарын сапалы орындау мәселелерi, ведомстволар құжаттарын қалыптастырудың, мемлекеттiк архивтер құжаттарын есепке алу және сақталуын қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерiн және басқа мәселелердi талқылау жоспарланған.

Ақпан айында «2017-2021 жылдарға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтiзбесi», «Архивная служба Акмолинской области», «Первые руководители Акмолинской области» ақпараттық құралдары басып шығарылатын болады.

2017 жылдың 3-тоқсанында СТӘК-ның отырысында қарауға болжамданған тұрақты сақталатын, жеке құрам бойынша iстер тiзiмдемелерiн, сақтауға жарамайтын құжаттарды жою туралы актiлердi жасау бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрленедi. Сондай-ақ, 2017 жылдың 4-тоқсанындаАқмола облысының мемлекеттiк архивi «Тарих ағымындағы адамдар» архивтiк құжаттар жиынтығын басып шығарады. 4-тоқсанда СТӘК-ның келiсуiне ұсынылатын облыстық мекемелер мен ұйымдардың тарихы бойынша құжаттар жинағын дайындау бойынша жұмыс жалғастырылады.

2017 жылғы мамыр айында «Архивтiк құжаттардағы Қазақстанның қалыптасу тарихы» ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiледi, а.ж. маусым айында Халықаралық архивтер күнiне арналған салтанатты жиын фотокөрме және «Ақмола облысының үздiк архивистi — 2017» байқауымен өтедi. Жыл бойы «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы», «Ақмола облысының үздiк архивi», «Ақмола облысының үздiк сайты» байқаулары жоспарланған.

Жыл бойы облыс архивтiк мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайту және кадрлық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолданылатын болады.

Мемлекеттiк архивтердiң қызметтерiн зерттеу және басқарманың алқа отырыстарына материалдар дайындау, тәжiрибелiк көмек көрсету мақсатымен iссапарлар жүзеге асырылады.

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының
сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

Облыс мемлекеттiк архивтерiнiң құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлiгiндегi жұмысы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталатын болады. Осы мақсаттарда — күзет, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және ауа-ылғалдық режимдердi ұстану бойынша қажеттi iс-шараларды өткiзу.

2017 жылы Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiне ғимарат сатып алынады, Бұланды және Целиноград аудандарының мемлекеттiк архивтерiне архив қоймасы үшiн қосымша алаң бөлiнедi; Еңбекшiлдер және Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде ғимарат қасбетiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланды; облыстық архивке мобильдi стеллаждар, облыстың мемлекеттiк архивтерiне құжаттарды сандық форматқа ауыстыру үшiн сканерлер сатып алынады.

Жақсы және Жарқайың аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде күзет дабылы орнатылады.

Мемлекеттiк архивтер құжаттарының табиғи жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс жоспарлануда: 7074 беттi қалпына келтiру (Адыр элеваторы, «Красная заря» ұжымшары, Алексеевка тұрмыстық қызмет көрсету өндiрiстiк комбинаты, Трудовой бидай кеңшары, Атбасар уездiк жер бөлiмi, Атбасар уездiк кеңестiк жұмысшы-шаруа милициясы, Көкшетау облыстық статистика және талдау бойынша басқармасы, Рождественский автокөлiк кәсiпорны, Златополье

кенсiз құрылыс материалдары зауыты, Қазандық және жылу желiлерi дирекциясы, Астрахан аудандық кәсiподақтар кеңесi және т.б.);37975 сақт.бiрл. картондау («Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар автокөлiгiмен тасымалдауды басқару орталығы» МКК, «Қызыл сая ауылдық округi әкiмi аппараты» ММ, «Зерендi ауданының әдiлет басқармасы» ММ, Көкшетау қалалық халық депутаттары кеңесi және оның атқарушы комитетi, Еңбекшiлдер аудандық комитетi, Қалалық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi, «Тасөткел ауылдық округi әкiмi аппараты» ММ, Макинск аудандық тұрмыстық комбинаты, Рождественский автокөлiктiк кәсiпорны, Астрахан аудандық халықтық бақылау комитетi және т.б.); 340 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндердi қалпына келтiру, қағаз негiздегi 52881 сақт.бiрл. iстердiң бар болуын және табиғи жағдайын тексеру.

Аса құнды құжаттарды анықтау бойынша жұмыс облыстық мемлекеттiк архивте жоспарланған, Таганрог болыстық атқарушы комитет, Приреченский болыстық әскери комиссариат, Ново-Колутоновский болыстық атқарушы комитет, Ақмола губерниялық жабдықтау әскери-сату бөлiмi, Ново-Георгиевский болыстық атқару комитетi қорлары бойынша 36 iс қаралатын болады. 25 сақт.бiрл. аса құнды iс анықталады.

264 қор бойынша есептiк құжаттар жинағын салыстырып тексеру жүргiзiледi.

1990-1991 жылдар бойынша «Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» қорының 185 сақт.бiрл. мөлшерiндегi, 1930-1972 жылдар бойынша Қазақстан Компартиясының Атбасар аудандық комитетi қорының 817 сақт.бiрл. мөлшерiндегi тiзiмдемелерiн қайта өңдеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, сондай-ақ 1938-1987 жылдар бойынша Астрахан ауданының алғашқы партиялық ұйымдары, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң архивтiк топтамасы жасалатын болады — 660 сақт.бiрл. мөлшерiнде 20 қор. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi «Тоған» мемлекеттiк компаниясының «Көкше-СУ» акционерлiк қоғамының 1967-1999 жылдар бойынша қорының 500 сақт.бiрл. мөлшерiндегi тiзiмдемелердi қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзетiн болады.

Барлығы басқармалық құжаттаманың 2162 сақт.бiрл. тiзiмдемесi қайта өңделедi, басқармалық құжаттаманың 266 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 546 сақт.бiрл. жетiлдiрiледi.

Жыл бойы архив қоймаларында ауа-ылғалдық режимдi бақылау жүзеге асырылады, санитарлық күндер, дезинфекциялық және дезинсекциялық өңдеуөткiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Ведомстволық архивтер мен iс жүргiзуде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық ету

Облыстың архивтiк мекемелерi Ұлттық архив қорының және облыс ұйымдарында сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуын

қамтамасыз ету мәселелерiне, құжаттарды мемлекеттiк сақтауға iрiктеу сапасын жоғарылатуға назар аударатын болады.

2017 жылы тұрақты сақталатын басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстерiн, фотоқұжаттар, бейнеқұжаттар мен жеке құрам бойынша iстердi қабылдау жоспарланған. Басқармалық құжаттаманың 11432 iсiн, жеке тектiк 213 сақт.бiрл., 287 фото және 14 бейнеқұжат, жеке құрам бойынша 11930 құжат қабылдау жоспарланған.

Тыл еңбеккерi, Қазақ КСР бiлiм беру үздiгi, еңбек ардагерi — Ж.К.Какпеновтiң; қоғамдық және саяси қайраткер, еңбек ардагерi — Ш.Ш.Әлиевтiң; ҚР журналистер одағының мүшесi, еңбек ардагерi — В.А.Теплякованың; ҰОС және еңбек ардагерлерi — А.М.Селезнева мен А.И.Селезневтiң; Зерендi ауданының құрметтi азаматы — М.К.Кабдешовтiң және т.б. жаңа жеке тектiк қорлары жасалатын болады.

193 iстер номенклатурасын жетiлдiру, семинарлар (97) өткiзу, iс жүргiзу бойынша ережелер әзiрлеуде көмек көрсету (5),76 мекеменiң ведомстволық архивтерi туралы және 84 мекеменiң сараптау комиссиясы туралы ережелердi келiсу жоспарланған.

3. Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.
Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.

Облыстық мемлекеттiк архив Целиноград облыстық партия комитетi қоры бойынша басшы қызметкерлерге атаулы каталог құру бойынша жұмысты жалғастырады.

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде барлығы 1082 сақт.бiрл. каталогтау, каталогқа 1627 карточка енгiзу жоспарланған.

«Еңбек ардагерi» бағдарламасына облыстық мемлекеттiк архив және Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi 700 фамилия енгiзедi, Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен сатып алу-сату келiсiмшарттары бойынша компьютерлiк мәлiметтер базасы құрылып, оған «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» 358 қоры бойынша 4000 келiсiмшарт енгiзiлетiн болады.

Жеке және заңды тұлғаларды құжаттарға жылдам әрi тиiмдi қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етуге арналған электрондық архив құру үшiн облыстық мемлекеттiк архивпен көлемi 79743 бет (скан-бейне) 764 сақт.бiрл. мөлшерiндегi құжаттарды сканерлеу болжамданды. Бұдан басқа фотоүлдiрлер жазбасы бойынша жұмыс және оны бұдан әрi 5 орам, 4000 кадр мөлшерiнде айқындап шығару жоспарланған.

Мерейтойлық даталармен байланысты ақпараттық хаттар нысанындағы бастамашы ақпараттандыру жалғастырылады (3).

Мемлекеттiк архивтер қызметiнде облыс, қалалар мен аудандар тарихы бойынша, сондай-ақ мерейтойлық және тарихи оқиғалармен байланысты

ретроспективтi құжаттық ақпаратты анықтау мен пайдалануға ерекше орын бөлiнген.

Газеттерде (75) жарияланым, телебағдарламалар (7), экскурсиялар (30), сабақтар, дәрiстер (42) жоспарланған. Мемлекеттiк архивтер «Ер есiмi — ел есiнде»; «Құжаттық деректердегi тәуелсiздiк бейнесi», «Пламенное сердце», «Акмолинские дивизии на фронтах ВОВ», «Первый», «Память горьких лет», «Быть почетным — призвание»және т.б. фотоқұжаттық көрмелерiн әзiрлейдi. Барлығы 37 көрме жоспарланған.

Генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы сұраныстарды сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтi ХҚКО мен «Электрондық үкiмет» арқылы көрсетуге ерекше назар аударылатын болады.

 

Жыл бойы архив iсi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу, жаңа әдiстемелiк және архивтанушы әдебиеттердi, «Қазақстан мұрағаттары», «Қазақстанда iс жүргiзу», «Құжатайналым мәселелерi» журналдарына шолу жүргiзiлетiн болады.

2017 жылы кәсiптiк және бiлiктiлiк дайындығын анықтау мақсатымен мемлекеттiк архив директорлары мен архивистерiн, басқарма мамандарын аттестаттау жоспарланды. Ақмола облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн көтеру аймақтық орталығында басқарма мамандары оқытылатын болады. Мемлекеттiк архивтерде архивистердiң iскери бiлiктiлiгiн жоғарылату, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы бойынша аппараттық оқулар жүргiзiлетiн болады.

Басқарманың, мемлекеттiк архивтердiң кадрларын iрiктеу және орналастыруға, облыстың архив мекемелерiнiң кадрлық потенциалын нығайтуға айқын назар аударылатын болады.

Нақты мүмкiндiктер шамасында архив мекемелерi қызметкерлерi мен архив iсi ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне де көңiл бөлiнетiн болады.

Қосымша:2017 жылға арналған негiзгi бағыттар мен қызмет нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 4 б. 1 дана.


Орынд.: Бердалина Д. Б.
Тел.: 31-56-61


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.03.2017 11:51
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59