A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2018 жылы Ақмола облысында архив ісін дамытудың НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Архив iсiн дамытуды
мемлекеттiк реттеу

Басқарма мен Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң жұмысы 2018 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң, Архив iсi және құжаттамалар департаментiнiң, облыс әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, жеке ұйымдық-өкiмдiк құжаттарын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Архив iсiн дамыту мен жетiлдiруге, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталатын құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, ақпараттық технологиялар енгiзуге ерекше назар аударылатын болады.

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын құжаттардың сақталуы мен пайдалануын қамтамасыз етуге, ведомстволық архивтерде жатқан ҚР ҰАҚ құжаттарының құндылығын сараптауға бағытталған дәстүрлi жоспарлы жұмыстар мен iс-шаралардан басқа да.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына, Сақтау мерзiмдерi бар үлгiлiк құжаттар тiзбесiне, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке архивтердiң қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы Заңына, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартына сәйкес жұмыстар жетiлдiрiлетiн болады.

2018 жылы басқарманың алқа отырыстарында 2017 жылғы негiзгi және қаржылық қызмет бойынша жұмыс нәтижесiн, сонымен бiрге 2018 жылдың бiрiншi жартжылдығы және 9 ай жұмыс қортындысын; азаматтар сауалдарын сапалы орындау мәселелерi, ведомстволар құжаттарын қалыптастырудың, мемлекеттiк архивтер құжаттарын есепке алу және сақталуын қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерiн және басқа мәселелердi талқылау жоспарланған.

СТӘК-ның отырыстары материалдардың түсу шамасы бойынша жүргiзiлетiн болады, сарапшылармен ұйым құжаттарының ғылыми-техникалық өнделу сапасын бақылау iс асырылатын болады.

Архив саласының негiзгi көрсеткiштерiн жақсарту мақсатында 2018 жылы архив саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлетiн болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шегiнде 3 жоба жүзеге асырылатын болады:

Бiрiншi жоба «Архив құжаттарындағы Ақмола облысы» көрме залы базасында жүзеге асырылатын болады, онда Ақмола облысының тарихы туралы айтатын, 300ден астам фото құжаттамалық архив материалдары орналастырылатын болады. Жүзеге асыру мерзiмi 2018-2020 жылдар.

Жобаның негiзгi мақсаты: тек қана тарихи деректер туралы ғана бiлiм бермей, сонымен бiрге өз тамырын, өз өлкесiн құрметтеуге тәрбиелеуге көмек беру.

Жоба қатысушыларын көбейту мақсатында мемлекеттiк органдармен, мекемелермен, кәсiпорындармен, ардагерлер, жастар ұйымдарымен, үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынас жасау жоспарлануда.

Үш жылдың iшiнде жобаға 20 мыңнан астам адам қатысады, 4832 экскурсия, лекция өткiзiлетiн болады.

Осы жобаның шегiнде, көрме залының құжаттарын жаңарту үшiн бiздiң өлкенiң тарихы туралы құжаттарды Республикамыздың басқа архивтерiнде iздеу iске асырылатын болады.

Осы мақсатта облыстық архивке Алматы қ, Астана қ., Петропавл қ., Қостанай қ. Және Қарағанды қ. архивтерiне бару жоспарланған. 3 жылда бiз 500ден астам архив құжаттарын жинауды iске асыруды жоспарлаудамыз.

Сонымен бiрге, олимпиадаларға қатысушы, Қазақстан тарихына қызығушылық танытушы мектеп оқушылары, колледж студенттерi iшiнен «Жас зерттеушi» клубы құрылатын болады.

Екiншi жоба «Өлке тарихы — ел тарихы» 2 сатыда жүзеге асырылатын болады: I саты- 1991 жылға дейiнгi өлке тарихы, II саты — Тәуелсiздiк тарихы. Жүзеге асыру мерзiмi 2018-2019 жылдар.

Жобаның мақсаты — өз елiне деген сүйiспеншiлiгiнде негiзделген, қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру, осы маңызды жұмысқа бұқаралық ақпарат құралдарын кенiнен тарту.

Бұл жобада қызыл әрiппен Егемендi Қазақстанның қалыптасуындағы және дамуындағы Мемлекет басшысының ролi көрсетiлетiн болады

Осы жоба бiздiң облысымыздың қалалары, аудандары және ауылдық елдi-мекендерi бойынша жылжымалы көрме ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Наурыз айынан маусым айы бойынша олар аудандар және қалалар бойынша өтедi, ал шiлде айынан қазан айы бойынша ауылдық округтер бойынша өтедi. Жылжымалы көрмелерде әр ауданның- шағын Отанының тарихы суреттелетiн болады.

2 жылдың iшiнде бұл жобада халықтың әртүрлi санаттағы жалпы қамтуы 33 мың адамнан астам қатысады. 250ден астам экскурсия өткiзiлетiн болады. Сонымен бiрге отбасылық мұра құнды фото құжаттарды жинау бойынша халық арасында түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Үшiншi жоба «Тарих беттерi бойынша» облыстың барлық мемлекеттiк архивтерiнiң қызметкерлерiмен ғалымдарды, тарихшыларды, ЖОО студенттерiн, өлкетанушыларды, зерттеушiлердi, мұражай мекемелерiнiң және мектеп мұражайларының қызметкерлерiн тарту жолымен жүзеге асырылатын болады. Жүзеге асыру мерзiмi 2018-2020 жылдар.

Жобаның қортынды нәтижесi «Рухани жаңғыру» рубрикасымен «Адамдар тарих ағынында»; «Ақмола өлкесiнiң бiрiншi басшылары»; «Ақмола облысының архив қызметi»; «Өткен ғасырдың бет-бейнесi»; «Олардың аттарымен көшелер аталған»; «Кеңес Одағының батырлары» кiтаптарын, Жеңiс күнiне, Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған, Социалистiк еңбек ерi, ЖҒАШЗИ директоры — А.И.Бараев туралы брошюралар мен жинақтар басып шығару және таныстыру рәсiмi болып табылады, «Оқиғалар хронографы — 2018» облыстық, қалалық және аудандық газеттердiн материалдары бойынша ғылыми-тәжiрбиелiк және мектептiк конференциялар, дөнгелек үстелдер өткiзу.

Үш жобаны жүзеге асыру барысында мәдениет, бiлiм мекемелерiмен, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердiн бiлiктiлiгiн қайта дайындау және жоғарлату аймақтық орталығымен, ЖООмен, қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыру, Көкшетау және Астана қалаларының ЖООмен меморандумдар жасау жоспарлануда.

2018 жылдың 3 тоқсанында СТӘКде қарастыру болжанған, тұрақты сақтау, жеке құрам бойынша құжаттарды, сақтауға жатпайтын, құжаттарды жоюға бөлу туралы актiлердi қайта өндеу бойынша Әдiстемелiк нұсқамалар әзiрленетiн болады.

2018 жылдың қазанында «Архив сөрелерiндегi тарих» ғылыми-тәжiрбиелк конференциясы, сол жылдың маусымында фото көрме өткiзумен, Архивтiн Халықаралық күнiне және Ақмола облысының архив қызметiнiң 95 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өткiзiлетiн болады. Жыл ағымында «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы», «Ақмола облысының үздiк мемлекеттiк архивi», «Ақмола облысының үздiк сайты» байқаулары жоспарланған.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнде көздердiң тiзiмiн жаңарту және жинақтаудың әлеуеттi көздерi бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

Жыл бойы облыс архивтiк мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайту және кадрлық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолданылатын болады.

Мемлекеттiк архивтердiң қызметтерiн зерттеу және басқарманың алқа отырыстарына материалдар дайындау, тәжiрибелiк көмек көрсету мақсатымен iссапарлар жүзеге асырылады.

1. Ұлттық архив қоры құжаттарының
сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

Облыс мемлекеттiк архивтерiнiң құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлiгiндегi жұмысы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталатын болады. Осы мақсаттарда — күзет, өрт қауiпсiздiгi, тиiстi санитарлық-гигиеналық және ауа-ылғалдық режимдердi ұстану бойынша қажеттi iс-шараларды өткiзу.

2018 жылы Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi жаңа ғимаратқа көшуi жоспарлануда, Жақсы ауданының мемлекеттiк архивiмен күрделi жөндеуге ЖСҚ әзiрлеу жоспарланған, облыстық архивке мобильдi стеллаждар, облыстың

мемлекеттiк архивтерiне құжаттарды сандық форматқа ауыстыру үшiн сканерлер сатып алынады.

Аршалы және Атбасар аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде күзет дабылы орнатылады. Облыс бойынша толығымен бұл мәселе шешiлетiн болады.

Мемлекеттiк архивтер құжаттарының табиғи жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс жоспарлануда: 7339 беттi қалпына келтiру (Атбасар уездiк кеңестiк жұмысшы-шаруа милициясы, Макинскi болыстық атқару комитетi, Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты, «Прогресс» АТАҚ, «Ивановский» астықсовхозы, «Красная Заря» колхозы және басқалары), 60780 сақт.бiрл. картондау («Красная Заря» колхозы, «Макинский» совхозы, Жарқайын ауданы Мәслихатының аппараты, Кино бойынша Көкшетау облыстық Кеңесi, Көкшетау облысы әкiмдiгiнiң жанындағы статистика және талдау бойынша басқармасы, «40 лет комсомола» Көкшетау тiгiн фабрикасы, «Комфорт» кәсiподақ жұмысшыларының Көкшетау облыстық комитетi және басқалары), 256 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндердi қалпына келтiру, қағаз негiздегi 55596 сақт.бiрл., фотоқұжаттар -1000 сақт. бiрл. iстердiң бар болуын және табиғи жағдайын тексеру.

Аса құнды құжаттарды анықтау бойынша жұмыс облыстық мемлекеттiк архивте жоспарланған, Көкшетау облыстық әкiмдiгiнiң жанындағы орман шаруашылығы бiрлестiгi, Көкшетау облыстық су шаруашылығы бөлiмi қорлары бойынша 25 iс қаралатын болады. 25 сақт.бiрл. аса құнды iс анықталады.

236 қор бойынша есептiк құжаттар жинағын салыстырып тексеру жүргiзiледi.

1934-1991 жылдар бойынша Қазақстан Компартиясының Атбасар аудандық комитетi қорының 613 сақт.бiрл. мөлшерiндегi тiзiмдемелерiн қайта өңдеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, сондай-ақ 1935-1991 жылдар бойынша Атбасар ауданының алғашқы партиялық ұйымдары, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң архивтiк топтамасы жасалатын болады — 305 сақт.бiрл. мөлшерiнде 13 қор. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен Көкшетау облыстық сот-медициналық сараптамасы бюросының 1955-1996 жылдар бойынша қорының 104 сақт.бiрл. мөлшерiндегi, «Металлист» АҚ 1949-1998 жылдар бойынша қорының 187 сақт. бiрл. мөлшерiндегi тiзiмдемелерiн қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзетiн болады.

Барлығы басқармалық құжаттаманың 1709 сақт.бiрл. тiзiмдемесi қайта өңделедi, басқармалық құжаттаманың 258 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 3013 сақт.бiрл. жетiлдiрiледi.

Жыл бойы архив қоймаларында ауа-ылғалдық режимдi бақылау жүзеге асырылады, санитарлық күндер, дезинфекциялық және дезинсекциялық өңдеу өткiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Ведомстволық архивтер мен iс жүргiзуде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық ету

Облыстың архивтiк мекемелерi Ұлттық архив қорының және облыс ұйымдарында сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерiне, құжаттарды мемлекеттiк сақтауға iрiктеу сапасын жоғарылатуға назар аударатын болады.

2018 жылы тұрақты сақталатын басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстерiн, фотоқұжаттар, бейнеқұжаттар мен жеке құрам бойынша iстердi қабылдау жоспарланған. Басқармалық құжаттаманың 10235 iсiн, жеке тектiк 356 сақт.бiрл., 444 фото және 10 бейнеқұжат, жеке құрам бойынша 1802 құжат қабылдау жоспарланған.

Қазақстанның еңбек сiнiрген қайраткерi, жазушы-драматург, публицист, ҚР Парламент сенатының депутаты — Ж.Е.Ерғалиевтiң; Қазақстанның құрметтi құрлысшысы, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы — В.И.Мартыновтың; ауған-жауынгерi — С.В.Демещенконың; соғыс және еңбек ардагерi — М.А.Куликовтың және басқалардың жаңа жеке тектiк қорлары жасалатын болады.

182 iстер номенклатурасын жетiлдiру, семинарлар (101) өткiзу, ведомстволық архивтерi туралы 79 ережелердi және 87 сараптау комиссиясы туралы ережелердi келiсу жоспарланған.

3. Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.
Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.

Облыстық мемлекеттiк архив Целиноград облыстық партия комитетi қоры бойынша басшы қызметкерлерге атаулы каталог құру бойынша жұмысты жалғастырады.

Облыстың мемлекеттiк архивтерiнде барлығы 526 сақт.бiрл. каталогтау, каталогқа 1587 карточка енгiзу жоспарланған.

«Еңбек ардагерi» бағдарламасына облыстық мемлекеттiк архив және Зерендi, Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерiмен 1805 фамилия енгiзедi, Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен сатып алу-сату келiсiмшарттары бойынша компьютерлiк мәлiметтер базасы құрылып, оған «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» 358 қоры бойынша 4000 келiсiмшарт енгiзiлетiн болады.

Жеке және заңды тұлғаларды құжаттарға жылдам әрi тиiмдi қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз етуге арналған электрондық архив құру үшiн облыстық мемлекеттiк архивiмен және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен көлемi 181104 бет (скан-бейне) 3049 сақт.бiрл. мөлшерiндегi құжаттарды сканерлеу болжамданды. Бұдан басқа фотоүлдiрлер жазбасы

бойынша жұмыс және оны бұдан әрi 5 орам, 4000 кадр мөлшерiнде айқындап шығару жоспарланған.

Мемлекеттiк архивтер қызметiнде облыс, қалалар мен аудандар тарихы бойынша, сондай-ақ мерейтойлық және тарихи оқиғалармен байланысты ретроспективтi құжаттық ақпаратты анықтау мен пайдалануға ерекше орын бөлiнген.

Газеттерде (111) жарияланым, телебағдарламалар (1), экскурсиялар (102), сабақтар, дәрiстер (93) жоспарланған. Мемлекеттiк архивтер «Бәрi майдан үшiн, бәрi Жеңiс үшiн»; «Барлық өмiрiнiң iсi», «Мәнгiлiк жүрегiнде белгiмен», «Халық есiнде аңыз боп қалғандар», «Көшбасшысының өмiрбаяны — ел тарихы», «Құжаттық деректердегi тәуелсiздiк бейнесi», «Мен ғасырлар теренiне толқумен қараймын», «Өткен және қазiргi туралы естелiк болашақ үшiн», «Тарихқа қайта оралу» және т.б. фотоқұжаттық көрмелерiн әзiрлейдi. Барлығы 89 көрме жоспарланған.

Генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы сауалдарды сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтi ХҚКО мен «Электрондық үкiмет» арқылы көрсетуге ерекше назар аударылатын болады.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн жоғарылату. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

2018 жыл ағымында архив iсi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеу, жаңа әдiстемелiк және архивтанушы әдебиеттердi, «Қазақстан архивтерi», «Қазақстанда iс жүргiзу», «Құжатайналым мәселелерi» журналдарына шолу жүргiзiлетiн болады.

2018 жылы кәсiптiк және бiлiктiлiк дайындығын анықтау мақсатымен мемлекеттiк архив директорлары мен архивистерiн аттестаттау жоспарланды. 2018 жылы мемлекеттiк архив қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн жоғарлату бойынша жұмыстар аяқталатын болады, қалған 59 маман сертификат алумен курстардан өтедi. Басқарманың жанында 60 архившi және архив мекемелерiнiң 23 бухгалтерлерi үшiн 6 оқу семинарын, шебер-класстар өткiзу бойынша жұмыстар белсендiрiлетiн болады. Мемлекеттiк архивтерде архивистердiң iскери бiлiктiлiгiн жоғарылату, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы бойынша аппараттық оқулар жүргiзiлетiн болады.

Басқарманың, мемлекеттiк архивтердiң кадрларын iрiктеу және орналастыруға, облыстың архив мекемелерiнiң кадрлық потенциалын нығайтуға айқын назар аударылатын болады. 2018 жылдан бастап «Тарих» мамандығы бойынша архив мекемелерi үшiн мамандарды дайындау бойынша университетпен жұмыстар басталатын болады.

Нақты мүмкiндiктер шамасында архив мекемелерi қызметкерлерi мен архив iсi ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне де көңiл бөлiнетiн болады.

Қосымша: 2018 жылға арналған Ақмола облысы мемлекеттiк архивтерi қызметiнiң негiзгi бағыттарының көрсеткiштерi 3 б. 1 дана.

Басқарма басшысы                                                                                                                                               М.Тохаева

Орынд.: Бердалина Д. Б.
Тел.: 31-56-59

Мақаланың шыққан күні: 05.12.2017 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.12.2017 15:08
Қаралым саны: 703

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59