«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус | Eng
Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2017 жыл бойынша жұмысы туралы

Ақмола облысының
мемлекеттiк архив мекемелерiнiң
2017 жыл бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Басқарманың, облыстың барлық архив мекемелерiнiң есептiк кезеңдегi жұмысы бекiтiлген 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзiлдi.

Аталған жоспарға сәйкес, а.ж. 10 наурызы «Ақмола облысының мемлекеттiк архивтiк мекемелерiнiң 2016 жыл бойынша жұмысы және 2017 жылға қойылған мiндеттер туралы» күн тәртiбiмен, мемлекеттiк архив директорларының шақырылуымен облыстық басқарманың алқа отырысы өттi.

А.ж. 04 тамызы августа скеңейтiлген алқа отырысы өттi, оның күн тәртiбi:

1. Қазақстандағы мiндеттi медициналық сақтандыру.

2. «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн сапалы және уақытында көрсету туралы.

3. Облыстың архив мекемелерiнiң 2017 жылғы бiрiншi жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелерi туралы.

4. Басқарманың салалық кеңестерiнде және алқа отырыстарында берiлген тапсырмаларды орындау туралы.

Алқа жұмысына Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» департаментiнiң өкiлдерi қатысты. Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыстың архив саласын бұдан әрi дамыту бойынша нақты тапсырмалары көрсетiлiп, алқа шешiмi дайындалды.

А.ж. 23 қарашасы Ақкөл ауданында Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасарының төрағалық етуiмен басқарманың облыс архив қызметiнiң а.ж. 9 айы бойынша жұмыс нәтижесi туралы кеңейтiлген көшпелi кеңесi өткiзiлдi.

А.ж. 11 қыркүйегi архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы облыс әкiмiнiң қатысуымен өткен аппараттық кеңесте сөз сөйледi, онда ол Ақмола облысының архив саласының жағдайы мен даму болашағы туралы баяндады. Аталған кеңестiң барысында облыс әкiмi келесi тапсырмаларды бердi:

электрондық құжаттарды сандық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты белсендiлендiру;

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жаңа жобалар әзiрлеу.

Аталған тапсырмаларға сәйкес басқарма 3 ұзақ мерзiмдi жоба әзiрледi: «Акмолинская область в архивных документах», «Өлке тарихы — ел тарихы», «По страницам истории», оларды жүзеге асыру 2018 жылғы қаңтардан бастап жоспарланған.

Для информационного обеспечения деятельности архивной службы области функционируют и постоянно обновляются сайты управления и всех госархивов, за отчетный период на сайте управления зафиксировано 2251 посещений.

Облыстың архивтiк қызметiн ақпараттық қамсыздандыру үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтердiң сайттары жұмыс iстейдi және әрдайым жаңартылып тұрады, есептiк кезеңде 2251 рет сайтқа кiру жүргiзiлген.

А.ж. 03 ақпаны архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен «Халыққа қызмет көрсету» департаментiнiң базасында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн ХҚКО департаменттерiнiң бөлiмшелерi арқылы көрсету мәселелерiндегi жағдайлар және оларды шешу жолдары» тақырыбында бiрлескен кеңес өткiзiлдi.

А.ж. 17 наурызы Ақмола облысы мен Қазақстанның Солтүстiк өңiрiнiң тарихы, архивтану, археография салаларында ғылыми зерттеулермен айналысатын тарихшы-ғалымдардың, зерттеушiлердiң, өлкетанушылардың қатысуымен «Архив мекемелерiнiң Қазақстан тарихындағы рөлi» атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiзiлдi, конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы басып шығарылды.

2017 жылғы 07 маусым Халықаралық Архивтер күнiне орай облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi адам көп жиналатын жерлерде бiр уақытта «Архив кеңес бередi» науқанын өткiздi. Науқан әдемi баннерлермен безендiрiлiп, науқанға қатысушыларға барлық архив мәселелерi бойынша ақпараттық буклеттер таратылды.

А.ж. 13 қазан Ақмола облысының әкiмi облыстық мемлекеттiк архивтiң «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» көрме залында болды, нәтижесiнде тапсырмалар қатары берiлдi.

А.ж. 23 қазан басқарма Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң, ЗТЖМО және «Қазпошта» АҚ басшыларымен «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн сапалы және уақытында көрсету мәселелерi бойынша жұмыс кеңесiн өткiздi, кеңес қорытындысы бойынша осы ведомстволардың қызметкерлерi үшiн оқыту семинары өткiзiлдi.

Облыстық басқарма 2017-2021 жылдарға арналған есте қаларлық және атаулы күндер күнтiзбесiн дайындады.

Жүктелiмдi алу және архивтiк құжаттарды қабылдау үшiн есептiк кезеңде келесi архивтердiң аудандарын арттыру бойынша мәселелер шешiлдi: Бұланды ауданының мемлекеттiк архивiнiң архив қоймасының ауданы қосымша үй-жайды (58,4 шаршы метр) жалға алу есебiнен; Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi сол ғимараттың жалпы ауданы 324,12 шаршы метр бiрiншi қабатына ауыстырылып, орналастырылды (ауданы 124,12 шаршы метрге артты). Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiне ауданы 525 шаршы метр жаңа ғимарат сатып алынды, онда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, өрт және күзет дабылдары, автоматтандырылған өрт сөндiру жүйесi, мобильдi стеллаждар орнатылды.

Архив қоймаларының жүктелiм мәселелерiн шешу үшiн облыстық мемлекеттiк архив мобильдi стеллаждар сатып алды және орнатты.

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi ғимаратының күрделi жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Ақмола облысының әкiмi мемлекеттiк архив ғимаратына барды.

Құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты белсендiлендiру үшiн облыстық мемлекеттiк архивке және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiне жалпы соммасы 1500,0 мың теңгеге қосымша 2 сканер сатып алынды.

Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және кешендi тексерiс жүргiзу үшiн Атбасар қаласының, Степногорск қаласының, Аршалы, Бурабай, Егiндiкөл, Ерейментау, Жарқайың, Зерендi, Қорғалжын және Целиноград аудандарының мемлекеттiк архивтерiне iссапарлар жүзеге асырылды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын
сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2018 жылғы 01 қаңтарға дейiн 8782 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 9992 бет 3274 сақтау бiрлiгi жаңартылды. 376 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 54455 iстiң, 1143 фотоқұжаттың бар болуына және табиғи жағдайына тексерiс жүргiзiлдi. 71633 iс картондалды.

261 қордың есептiк құжаттар жинағы салыстырылды, қорлардың негiзгi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта ресiмделдi.

Мәдениет және спорт министрлiгiнiң қорлар карточкаларын электрондық форматта толтыру бойынша тапсырмасына сәйкес қорлар карточкаларының электрондық базасы құрылды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету аясында Егiндiкөл, Еңбекшiлдер, Жақсы және Жарқайың аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде күзет дабылы орнатылды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру.
Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзуiнде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық ету

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-тiң 12 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстердiң тiзiмдемелерi, фотоқұжаттар, жеке тектiк iстер тiзiмдемелерi, iстер номенклатуралары қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемелерiнiң көрсеткiштерi: тұрақты сақтаудағы 17314 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 26167, 507 жеке тектiк, 690 фотоқұжатты, 29 бейнеқұжатты, 2558 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 15805 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 17599; 596 жеке тектiк, 731 фотоқұжат келiп түстi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын жинақтау дереккөздерi-ұйымдардың iс жүргiзу қызметiнiң жұмысшыларына көмек ретiнде Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша iстер, құжаттар тiзiмдемелерiн, сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актiлердi жасау бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар; ХҚКО қызметкерлерiне көмек ретiнде «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету мәселелерi бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрлендi.

Еңбек ардагерi, Қаз.КСР халықтық ағарту iсiнiң үздiгi — Иван Сергеевич Климошенконың; еңбек ардагерi, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесi — Сайлау Көшкенұлының; тұңғыш қазақ инженер-энергетик, КСРО-ның энергетика және электрификация үздiгi — Рақымбек Мәлiкұлы Сабатаевтың; КСРО және Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесi — Валентина Андреевна Теплякованың; еңбек ардагерi, Қазақ КСР ағарту iсiнiң үздiгi, Зерендi ауданының құрметтi азаматы, Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы — Шияп Шарапұлы Әлиевтiң; Қазақстан Республикасы IIМ отставкадағы полковнигi, Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi, Қазақстан Республикасы ТЖМ Құрметтi ардагерi — Хабибола Хамитұлы Ғазизовтың; дәрiгер-кардиолог, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi — Сергей Викторович Зиборовтың; Зерендi ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерi — Қыныбай Жаныбаевтың; дала Есiл маңында Кеңестiк билiк орнатудың белсендi қатысушысы, орден иегерi, Сандықтау ауданының қоғамдық қайраткерi — Василий Михайлович Шуховцовтың; Ұлы Отан соғысының ардагерi, үш мәрте орден иегерi — Петр Ильич Горобцовтың жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Есептiк кезеңде басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңыздағы түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 465-тен аса кеңес берiлдi.

Жинақтау көздерi — мекемелердегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар пакетiн жинақтау бойынша да жұмыс жүргiзiледi. Басшылардың ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (сәйкесiнше 105 және 110).

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен 20 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 284 iстер номенклатурасы, iс жүргiзу бойынша 16 нұсқаулық жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Облыстың архив мекемелерiмен iс жүргiзу бойынша 169 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi, соның iшiнде:

-облыстық мемлекеттiк архив мәдениет басқармасыының құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерi үшiн «Ұйымның iстер номенклатурасын құру, iстердi ресiмдеу тәртiбi» тақырыбына семинар өткiздi;

-Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi денсаулық сақтау жүйесiнiң iс жүргiзушiлерiмен iс жүргiзу, iстердi қалыптастыру және оларды ведомстволық сақтау кезеңiнде сақтау мәселелерi бойынша семинар өткiздi;

-Ақкөл, Аршалы, Жақсы, Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерi ауылдық округ мамандары үшiн құжаттау, құжаттаманы басқару, құжаттарды ведомстволық сақтау тақырыптарына семинарлар өткiздi және т.б.

Ұйымдардың, кәсiпорындардың ведомстволық архивтерiнде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру мақсатымен аудандық мемлекеттiк архив директорлары «Архив кеңес бередi» акциясын және оқыту семинарларын өткiзумен ауылдық округтарға барады.

Аталған жұмыс Атбасар, Бурабай, Еңбекшiлдер, Зерендi, Сандықтау және Целиноград аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде белсендiлендiрiлген.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi ауданда акция өткiзуде. Сандықтау архивiнiң директоры «Сенiң де тағдырың аудан тарихына тиесiлi» акциясының барысында аудан халқына таспалы негiздегi құжаттарда аудан тарихын бейнелейтiн құжаттарды тапсыруды үндедi. Аталған акция аясында мемлекеттiк сақтауға 93 фотоқұжат тапсырылды.

Ай сайын облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi ХҚКО жұмысшыларымен «Архивтiк анықтамалар беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi, 2017 жылы 122 семинар-кеңес өткiзiлдi.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивi жүргiзген төлқұжаттау нәтижесi бойынша «Үздiк ведомстволық архив» байқауын өткiздi, «Ақмола облыстық соты» ММ, «Ақмола облысының статистика департаментi» РММ мен «Қазақстан Халық Банкi» Ақмола облыстық филиалы байқау жеңiмпаздары атанды.

Жүргiзiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алу нәтижелерi бойынша құжаттарды ведомстволық сақтаудың жағдайына күшейтiлген бақылау жүргiзу үшiн талдау жүргiзiлдi және аудан әкiмдерi мен облыстық басқарма басшыларына облыс әкiмi орынбасарының қолы қойылған хаттар жолданды.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде тұрақты сақтаудағы — 447 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша — 2284 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi жетiлдiрiлдi, тұрақты сақтаудағы 1918 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi, жеке құрам бойынша 619 сақт. бiрл. қайта өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 1260 сақт.бiрл. каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1781 карточка енгiзiлдi.

Архивтiк қорларды ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту келiсiм шарттарының мәлiметтер базасына «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша 5500 келiсiм шарт — 133 сақт.бiрл. енгiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивпен 1180 тек, Целиноград облыстық партия комитетi номенклатуралық жұмысшыларының атаулы каталогына 1000 карточка енгiзiлдi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Еңбек ардагерi» мәлiметтер базасын құрды, оған 130 тек енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының тарихы бойынша электрондық фотоқұжаттар базасына 52 бiрлiк фотоқұжат енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивтiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 2191 сақт.бiрл. («Көкшетау облыстық Халықтық депутаттар кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 157683 бет сканерден өткiзiлдi. Сандық мәлiметтер — 157683 суретке өңдеу жүргiзiлдi.

Аса құнды құжаттар таспаға (микрофиша) жазылды — 3000 кадр (бет) — 60 сақт.бiрл.

Зерендi ауданның мемлекеттiк архивi 1917-2016 жылдар аралығында мемлекеттiк архивте сақталудағы қорлар бойынша жолсiлтеме әзiрледi.

Мемлекеттiк архивтер мәдени-ағарту қызметiн атқара отыра, архивтiк құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайды, көрмелер ұйымдастырады, тарих сабақтарын, дәрiстер, дөңгелек үстелдер, экскурсиялар өткiзедi.

Облыстық мемлекеттiк архив 11 көрме дайындады: Ақмола облыстық Ардегерлер кеңесiнiң 30 жылдығына «Ардагерлер — бiздiң мақтанышымыз»; «Қазақ халқының мәдениетi және тұрмысы»; Наурыз мейрамын мерекелеуге орай «Көктем мен береке мейрамы»; комсомол, партия жұмысшысы, қоғам қайраткерi Геннадий Николаевич Матросовтың жеке тектiк қоры бойынша «Тұлға»; «Ақмола дивизиялары Ұлы Отан соғысы майданында»; Халықаралық архивтер күнiне орай «Естелiк сақтаушылары»; «Еңбек адамы — өз елiнiң патриоты!»; «Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихи құжаттарда», «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы», «Архивтiк құжаттар бойынша қазақ әлiпбиiнiң латындау тарихы», «Ғасыр құрдастары»; «Тәуелсiз ұлт көшбасшысы» көрмелерiн дайындады.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi — Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне орай «Болашақ үшiн өткен туралы»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Туған жердiң мемлекеттiк рәмiздерi».

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi — Жеңiс күнiне «Жалындаған жылдар естелiгi»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Ту, Елтаңба, Әнұран — тiрегiмiз, туған жер деп соғады жүрегiмiз»; «Арман қала — Астана»; «Ата заң тұрақтылығы — Қазақстан тұрақтылығы».

Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi — «Жеңiмпаздар естелiгi»; «Болашақ пен бүгiнгi шақ үшiн өткен туралы»; «Луч» газетiне 85 жыл».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивi — «Соғысты жеңгендер туралы».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi — Ұлы Отан соғысының ардагерi Қабдiрашид Рақымжановтың 95 жылдығына арналған жеке тектiк қор бойынша көрме; «Алтын жұлдыздары — асыл адам».

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi — «Бiздiң есiмiзде! Бiз мақтан тұтамыз!».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «Уақыттар байланысын жоғалтпау»; «Сандықтау ауданының құжаттық мұрасы»; «Туған өлкенiң тарихынан оның дамуына дейiн»; «Сiздер мәңгi жассыздар»; «Аудан тарихы архивтiң баспасөз басылымдарында: жинақтарда, кiтаптарда, брошюраларда, күнтiзбелерде».

Барлығы 102 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 138 мақала жарияланды. Соның iшiнде:

облыстық мемлекеттiк архив 46 мақала жариялаған: «Эвакуация, депортация и научные открытия», «Прерванный бег», «Солдат двух войн…», «Акмолинская область между двух революций», «Их Родиной стал Казахстан», «Архивные свидетельства о спецпереселенцах», «Благодаря архивам я узнал свое имя», «Ұлы нәубет: қасiретi мен тағдыры», «Религиозные объединения в Акмолинском регионе на основе архивных документов», «Из истории казахского края», «Латиница из архивных документов свидетельствует…» және т.б.;

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi 9 мақала жариялады: «У нас бесплатно…», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Личность», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Горький период истории» және т.б.;

Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi: «Неутомимый и преданный делу», «Атбасар: майданда, тылда»;

Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi: «Жеңiмпаздар рухына», «Казахстан — моя вторая Родина», «Балалардың күлкiсi — ол шынайы бақыт», «О прошлом для настоящего и будущего», «Память на пыльных листах и веб-страницах» және т.б.;

Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi: «Родник исторической памяти»;

 Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi «По волнам нашей памяти», «По документам военных лет», «Документальное наследие»;

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi: «Ардегерлердi ардақтаймыз», «Ата Заң — болашақтың алтын кiлтi», «Ер атандырады», «Наш долг — служение народу!»;

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi: «Славен человек труда», «Профессия раз и навсегда»;

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi: «Стратегическая дальновидность в действии»;

Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi: «Мұрағаттан мәлiмет алыңыз», «Герои — наши земляки», «Первый молодежный фестиваль» және т.б.

17 сәуiрде облыстық мемлекеттiк архив Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжi оқытушылары мен студенттерiнiң қатысуымен «Алаш» саяси партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және рухани жаңғыру» дөңгелек үстелiн өткiздi;

А.ж. 31 мамыры iшкi саясат басқармасымен бiрлесiп ХХ ғасыр саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi;

26 маусым Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сараптау тобы мүесiнiң, Көкшетау қаласы ғалымдары мен қоғам белсендiлерiнiң қатысуымен «туған жер» бағдарламасы — жалпыұлттық патриотизмнiң негiзi» дөңгелек үстелi өткiзiлдi.

«Туған жер» бағдарламасын ақпараттық жылжыту аясында Ақмола облысында 3 дәрiс оқылды. Аталған дәрiстердiң негiзiнде телевидениенiң облыстық арнасында облыстық мемлекеттiк архивтiң қызметi туралы телесюжет ұйымдастырылды.

-Облыстық мемлекеттiк архив 42 экскурсия, соның iшiнде «Ақмола облысы архивтiк құжаттарда» көрмесi бойынша 8 экскурсия өткiздi, онда 300-ден астам адам қатысты.

-Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi № 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназияның, Красный Яр с. № 2 орта мектебiнiң оқушылары үшiн «Тарихи естелiк дереккөзi», «Қала көшелерi бойынша саяхат» тақырыптарына 4 сабақ өткiздi.

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi колледждiң «Iс жүргiзу және архив iсi» тобының студенттерiмен «Архивист мамандығы» тақырыбына экскурсия өткiздi,

-Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi — № 1 Ақкөл балалар үйiнiң 6-8 сынып оқушылары үшiн «Менiң болашақ мамандығым — архивист» тақырыбына;

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi аудандық жастар форумының қатысушылары үшiн «Архив аудан тарихының қоймасы» тақырыбына дәрiс жүргiздi.

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi «Алаш партиясының құрылу тарихы және тарихи мәнi туралы» дәрiс өткiздi.

2017 жыл бойынша барлығы 169 экскурсия, 117 сабақ өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 2017 жылғы 07 желтоқсан Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiнiң ғимаратында «Тәуелсiздiктiң тарихи мұрасы» көрме залының ашылуы өттi. Ашылу салтанатында аудан әкiмiнiң орынбасары, мемлекеттiк мекемелердiң басшылары, «Вестник Акмолы» аудандық газетiнiң редакторы қатысты.

Архивтiк мекемелердiң жұмысында ұйымдар мен азаматтардың сұраныстарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранысдарды орындау: тақырыптық — 675 (оның iшiнде 601 оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 27573 (оның iшiнде 19434 оң нәтижелi), генеологиялық — 57 (31 оң нәтижелi), терiс жауапты — 3604, бейiнсiз — 4535 сұраныс.

Есептiк кезеңде барлығы 130 зерттеушi, 267 бару тiркелген, жұмыс үшiн 30982 сақтау бiрлiгi берiлген.

Зерттеу жұмыстарының негiзгi тақырыптары: «Ақмола облысының экология-географиялық жағдайын ретроспективтi талдау», «Рим-католиктiк шiркеудiң тарихы», «Солтүстiк Қазақстанның көпұлтты халқының қалыптасуы», «Атбасар уезi архив құжаттарында», «Көкшетау уездiнде кеңестiк билiктiң орнатылуы», «Ақмола облысындағы 1916 жылғы көтерiлiс», сондай-ақ, генеалогиялық зерттеулер және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Облыстық басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен басқарма басшысының тапсырмасы бойынша облыстың барлық мемлекеттiк архив директорлары аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң қатысуымен аппараттық кеңестерде сөз сөйледi.

Ай сайын облыс мемлекеттiк архивтерiнiң қызметтiң негiзгi көрсеткiштерiн орындауы бойынша рейтинг жүргiзiледi, 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдық нәтижелерi бойынша рейтингте бiрiншi орынға Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi, 8 ай нәтижелерi бойынша — облыстық мемлекеттiк архив ие болды.

Архивтiк қызмет мамандары мен директорларының, бухгалтерлерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру мақсатымен олардың «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығында» оқуы жүргiзiлдi. 2017 жылдың басынан архив мекемелерiнiң 50 қызметкерi бiлiктiлiктерiн арттырды және сертификат алды.

Басқарма мамандары облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшылары үшiн iс жүргiзу, iстер номенклатурасын әзiрлеу, құжаттардың сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша шеберлiк-сыныптарымен 2 оқыту семинарын өткiздi.

Есептiк кезеңде басқарманың бөлiм басшысы «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн арттыру аймақтың орталығы» МКК-да iс жүргiзу бойынша 15 дәрiс оқыған.

2017 жылы архив саласының 21 қызметкерiне аттестация жүргiзiлдi.

Елiмiздiң атаулы күндерiн мерекелеу аясында басқарма мен архивтiк мекемелер мерекелiк iс-шаралар (салтанатты жиындар, концерттер, дөңгелек үстелдер, байқаулар, архив қызметi ардагерлерiн құттықтау) өткiзедi.

2017 жылы келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

-1 наурыз Алғыс айту күнiне этномәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуымен «Бiр халық — бiр ел — бiр тағдыр» iс-шарасы.

-18 қыркүйек Қазақстан халқы Тiлдерi күнiнiң аясында «Қазақ тiлiнiң бiлгiрi» интеллектуалдық ойыны өткiзiлдi. Онда облыстық мемлекеттiк архив пен Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң ұжымдары, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Аналар кеңесiнiң төрайымы З.Е.Қиықова қатысты.

-2 қазан «Қарттар күнiне» арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. Ардагерлерге азық-түлiк пакеттерi таратылды, Архив қызметi ардагерлерiнiң кеңесi құрылды.

-30 қараша және 14 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне және Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған салтанатты жиындар өткiзiлдi, облыс архив қызметiнiң ардагерлерi шақырылды.

Архив iсi қызметкерлерi мен ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Қосымша: 2017 жыл бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.

Басқарма басшысы                                                                                            М. Тохаева

Орынд. Филипьева Г.М.
тел.8 (7162)315661

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2018 17:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 17:29
Қаралым саны: 553

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59

A-
A
A+
Қаз
Рус
Eng