A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2016 жылғы 9 ай бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Басқарманың, облыстың барлық архив мекемелерiнiң есептiк кезеңдегi қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, Комитеттiң саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша нұсқауларын, облыс әкiмдiгi тапсырмалары мен нұсқамаларын орындауға бағытталды.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауының шығуына байланысты облыстың архив саласында оны зерделеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер ресiмделдi.

Жұмыс жоспарына сәйкес басқармада а.ж. 29 қаңтары, 9 маусымы және 18 тамызында облыстың мемлекеттiк архив директорларымен кеңестер өткiзiлдi.

А.ж. 9 маусымы Халықаралық архивтер күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi, онда облыс әкiмiнiң алғыс хаттары тапсырылды, архив қызметi ардагерлерi, мемлекеттiк архив директорлары, ҚР ҰАҚ жинақтау көздерi — мекемелер мен кәсiпорындар басшылары шақырылды.

18 тамыз Зерендi ауданы әкiмiнiң қолдауымен «Ақмола облысының үздiк мұрағатшысы — 2016»; 22 қыркүйек Қазақстан халқы тiлдерi күнiне арналған «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы» байқаулары өткiзiлдi.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы жылыында облыстық басқарма «Ақмола облысының архивтiк қызметi» кiтабын басып шығаруға дайындалып жатыр.

Облыстың архивтiк қызметiн ақпараттық қамсыздандыру үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтердiң сайттары әзiрлендi және жұмыс iстейдi, олардың мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс әрдайым жүргiзлiп отырады.

Облыстық мемлекеттiк архив аса құнды құжаттармен жұмыс бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрледi.

Басқарма мемлекеттiк мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестiктi орнату және нығайту бойынша нақты жұмыстар жүргiзуде, насихаттық және мәдени-ағарту жұмыстарына көп назар аударылады.

Мемлекеттiк архивтердiң материалдық-техникалық базаларын жаңғырту бойынша шаралар қолданылды. Облыстық мемлекеттiк архивтiң көрме залы мен сатылық алаңының, Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi ғимаратының қасбетiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, көрме стендтерi әзiрлендi, Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң күрделi жөндеу жұмыстары жүрiп жатыр; Жақсы ауданының мемлекеттiк архивiнде автоматтандырылған ұнтақты өрт сөндiру жүйесi орнатылды; Степногорск қаласының, Бұланды, Ерейментау, Сандықтау аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде металл стеллаждар, архив құжаттарын рационалды орналастыру мақсатымен барлық мемлекеттiк архивтерде картондау үшiн қораптар сатып алынды;

Атбасар қаласының, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Есiл, Зерендi, Целиноград және Шортанды аудандарының мемлекеттiк архивтерiне ұйымдастыру мәселелерi және кешендi тексерiс жүргiзу мақсатымен iссапарлар жүзеге асырылды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды
қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2016 жылғы 01 қазанға дейiн 8011 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 9020 бет 3308 сақтау бiрлiгi жаңартылды. 195 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 56847 iстiң, 200 фотоқұжаттың бар болуына және табиғи жағдайына тексерiс жүргiзiлдi. 42885 iс картондалды.

176 қордың есептiк құжаттар жинағы салыстырылды, қорлардың негiзгi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта ресiмделдi.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзуiнде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық ету

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-тiң 16 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстердiң тiзiмдемелерi, фотоқұжаттар, жеке тектiк iстер тiзiмдемелерi, iстер номенклатуралары қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемелерiнiң көрсеткiштерi: тұрақты сақтаудағы 11623 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 8371, 370 жеке тектiк, 194 фотоқұжатты, 839 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 14679 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 5601; 395 жеке тектiк, 240 фотоқұжат, 17 бейне келiп түстi.

Еңбек ардагерi — Ләтипа Неғметқызы Әбуованың; еңбек ардагерi, тыл жұмысшысы — Дәкен Қалиұлы Өтепбергеновтiң; комсомол, партия, кеңес жұмысшысы, қоғамдық, саяси қайраткер — Геннадий Николаевич Матросовтың; Еңбек Қызыл Ту орденiнiң кавалерi, Қазақ КСР еңбек сiңiрген агрономы — Ғазиза Ешмағамбетқызы Ешмағамбетованың; ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нiң профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жұмысшысы, еңбек ардагерi — Тоқтар Қабдөшұлы Есенеевтiң; Қазақ КСР еңбек сiңiрген мұғалiмi, Бұланды ауданының еңбек ардагерi — Жармұхамед Шаймерденұлы Жүсiповтiң; Еңбекшiлдер ауданының интернационалист жауынгерi — Николай Владимирович Дрыгачтың; Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген ауыл шаруашылық жұмысшысы, Жақсы ауданының еңбек ардагерi — Сұлтан Мәжитұлы Насыровтың; Зерендi ауданының құрметтi азаматы — Баймұрат Азнабайұлы Азнабаевтың; КСРО спорт шеберi, Сандықтау ауданының еңбек ардагерi, құрметтi азаматы — Николай Павлович Савиннiң жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңыздағы түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 283 кеңес берiлдi.

Жинақтау көздерi — мекемелердегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар пакетiн жинақтау бойынша да жұмыс жүргiзiледi. Басшылардың ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (сәйкесiнше 96 және 91).

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен 23 iстер номенклатурасы жетiлдiрiлдi және 321 келiсiлдi.

Мемлекеттiк архивтермен 71 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi: облыстық мемлекеттiк архив облыстық сот жұмысшылары үшiн «Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу»; Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң қызметкерлерi үшiн iс қағаздарын жүргiзу бойынша; Ақкөл ауданының бiлiм саласы мамандарымен «Iс қағаздарын жүргiзу негiзi — iстер номенклатурасы» тақырыбында; семинарын өткiздi; Степногорск қаласының бiлiм жүйесi қызметкерлерiмен және поселкелер, ауылдар мен ауылдық округ әкiмi аппараттарының мамандарымен iстер номенклатурасын құру, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мәселелерi бойынша; Аршалы ауданының ауылдық округтары мен ұйымдарының құжаттамалық қызмет мамандарымен ведомстволық архивтегi құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша; Атбасар ауданы ауылдық округтерi әкiмдерi мен әкiмдiк бас мамандарымен ҰАҚ құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алу мәселесi бойынша; Еңбекшiлдер ауданының ауылдық округ мамандарымен iс қағаздарын жүргiзу бойынша заңнамадағы өзгертулер бойынша; Қорғалжын ауданының iс жүргiзушi мамандарымен iстер номенклатурасын құру және мемлекеттiк сақтауға тапсыру үшiн құжаттарды әзiрлеу мәселелерi бойынша; Жақсы, Зерендi, Целиноград және Шортанды аудандары ауылдық округ мамандарымен құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және т.б. мәселелер бойынша семинарлар өткiзiлдi.

Ай сайын облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi ХҚКО жұмысшыларымен «Мұрағаттық анықтамалар беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi.

Ұлттық архив қорының жинақтау көздерi — ұйымдарда iс қағаздарын жүргiзу, ведомстволық архивтер жұмысы бойынша қолданыстағы нормативтi құжаттарды өзгертулерi мен толықтыруларын қоса есептеп енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiлдi, олар барлығы 184 мекемеге жеткiзiлдi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде тұрақты сақтаудағы — 338 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша — 1525 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi жетiлдiрiлдi, тұрақты сақтаудағы 904 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi қайта өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 879 сақт.бiрл. каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1257 карточка енгiзiлдi.

Целиноград облыстық партия комитетi номенклатуралық жұмысшыларының атаулы каталогын құру бойынша жұмыс жалғастырылды, 800 карточка басталды.

«Құжаттардың бiрыңғай электрондық архивi» ақпараттық жүйеiне Ехсеl электрондық нысанында 5233 қорлар карточкасы енгiзiлдi. Жүйеге тiзiмдемелердi енгiзу бойынша жұмыс жалғасуда.

Архивтiк қорларды ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту келiсiм шарттарының мәлiметтер базасына «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша 2000 келiсiм шарт — 38 сақт.бiрл. енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивтiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 525 сақт.бiрл. («Көкшетау облыстық Халықтық депутаттар кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 54797 бет сканерден өткiзiлдi. Сандық мәлiметтер — 24818 суретке өңдеу жүргiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивпен 420 тек енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi электрондық нұсқада «Көкшетау қаласының хронографиясы. 1991-2016» кiтабын шығарды, онда Көкшетау қаласының тарихынан оқиғалар мен деректер суреттерiмен (фотосуреттерiмен, құжаттармен) бiрге хронологиялық реттiкпен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баяндалған.

Облыстық мемлекеттiк архив «Ақмола облысының алғашқы басшылары» өмiрбаяндық жинағын шығаруға дайындалуда.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi «Құжаттық мұра» жинағын әзiрледi.

Ақмола облыстық ауруханасына Көкшетау трахомотоздық ауруханасының, қазiргi офтольмология ауруханасының 90 жыл бұрын құрылу тарихы туралы ақпараттық хат жолданды.

Облыстық мемлекеттiк архив «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» көрме залы үшiн зерттеу жұмыстарын жүргiзуде: қойылымның тақырыптық жоспары әзiрлендi, 230 материал iрiктеп алынды, өзге мемлекеттiк архивтерде iздеу жұмысы жалғасуда.

Мемлекеттiк архивтер мәдени-ағарту қызметiн атқара отыра, архивтiк құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 86 мақала жарияланды.

Облыстық газетте облыстық мемлекеттiк архив 19 мақала жариялады: «Мир и согласие в общем доме», «20 лет Ассамблее народа Казахстана», «Степной Армагеддон», «Состоялось открытие выставки», «О днях боевых и трудовых», «Тыл тыным таппады», «Жизнь Акмолинской губернии в 20-х годах прошлого века», «История всегда с нами», «Ученый, гражданин и патриот»; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi 6 мақала: «Дело мастером гордится», «Вспомним с благодарностью», «Сохраняя документальное наследие», «Архивтiк анықтама — интернет арқылы»; Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi «Мұрағат анықтамаларын беру», «ЦГХК — 60 лет»; Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi «Солдаты из Акколя»; Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi «Алғашқы көктем мейрамы — 8 Наурыз», «Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз», «Ақындар, жыраулар және суырып салма әншiлер», «Бурабай — курорттық өлке»; Еңбекшiлдер ауданының мемлекеттiк архивi «Май алдындағы социалистiк жарыс», «Мiндеттемелердi асыра орындады», «Қуанышпен қарсы алды»; Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi «Сохранность документов на ведомственном хранении», «Путешествие во времени»; Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi «О фондах личного происхождения», «О порядке исполнения запросов пользователей и оформления архивных справок»; Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Человек с большой буквы», «Елге қадiрлi есiм», «Басты мақсат — сапалы қызмет көрсету», «Чтобы помнили»; Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi «Нам есть за что быть благодарными», «Вечный зов памяти», «Появление немецкой диаспоры в Казахстане», «Немного истории»; Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi «И в труде он, как в бою»; Шортанды ауданының мемлекеттiк архивi «55 лет Шортандинской средней школе», «Ветеран звучит гордо» және т.б. мақалаларын жариялады.

Телеарнада мемлекеттiк архив құжаттарын және қызметiн насихаттайтын 4 сюжет көрсетiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архив ғарышты игерудiң 55 жылдығына сайтта «Дала айлағы», Жеңiс күнiне — «Тылда да, майданда да», Халықаралық архивтер күнiне «Өткен жылдар iзiмен…», педагогикалық еңбек ардагерi, Қазақ КСР ағарту министрi, Қазақстан Республикасы Балалар қорының төрағасы — К.Б.Балахметовтiң 90 жылдығына арналған «Ұлы Шоқан iзiмен» виртуалды көрмеслерiн әзiрледi және орналастырды;

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi Алғыс айту күнiне «Менiң үйiм! Менiң тағдырым! Менiң Қазақстаным!» ( 1937 — 2012 жылдар бойынша 86 жәдiгер), саяси репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне «Қайғылы тағдарлар беттерi), Халықаралық архивтер күнiне «Құжаттар куәландырады…» фотоқұжаттық көрмелерiн ұйымдастырды;

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi — «Трубицын Федор Гаврилович — Ұлы Отан соғысының ардагерi»;

Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi — «Ешкiм де, ештеңе де ұмытылмайды»;

Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi — «Тарихи ракурс» көрмесi;

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi — «Е.Айтқожин 85 жаста», «Олардың есiмдерiмен көшелер аталған»; «Есте сақтап, мақтан тұтамыз!»;

Қорғалжын ауданының мемлекеттiк архивi — «Туған өлке тарихы»;

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «Алғыстың шегi жоқ»;

Шортанды ауданының мемлекеттiк архивi — «Атақ еңбектiң арқасында» көрмесiн әзiрледi.

Барлығы 30 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архив «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» 4 дәрiс-сабағын өткiздi. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң оқушылары үшiн «Депортация» тақырыбына сабақ өткiздi. Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi «Нам есть за что быть благодарными» экскурсиясы, орта мектеп оқушыларымен «Ұлт жоспары — қазақстандық тағдырға бастар жол» тақырыбына дөңгелек үстел өткiздi. Қорғалжын ауданының мемлекеттiк архивi мектеп оқушыларымен «Туған өлке тарихы» тақырыбына экскурсия өткiздi.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша барлығы 15 экскурсия, 27 сабақ өткiзiлдi.

Саяси репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алу күнiнiң аясында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi «Алжир» кинофильмiнен сюжеттер көрсетiп, «Тарихтың қайғылы беттерi» еске алу ақпараттық сағатын өткiздi және фотоқұжаттық көрмеге экскурсия жасады.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранымдарды орындау: тақырыптық — 573 (оның iшiнде 526 оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 19026 (оның iшiнде 13792 оң нәтижелi), генеологиялық — 26 (9 оң нәтижелi), терiс жауапты — 4052, бейiнсiз — 1182 сұраным.

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi орындауды жақсарту және жылдамдату мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен «Мемлекеттiк мұрағат кеңес бередi» ақпараттық науқаны ұйымдастырылды, ол Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның («ХҚКО» РМК) филиалдарында өткiзiлдi. Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерi ХҚКО қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 48 семинар өткiздi.

Есептiк кезеңде барлығы 84 зерттеушi, 224 бару тiркелген, жұмыс үшiн 26894 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Система образования Акмолинской области за 1920-1997 годы», «Социально-экономическое положение в 20-е годы», «Ақкөл ауданының даму тарихы», «Кеңестiк билiктiң қазақ ауылындағы экономикалық iс-шаралары», халықты жазалау және оларды Солтүстiк Қазақстанға қоныс аударту туралы, генеалогиялық зерттеулер және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Архивтiк қызмет мамандары мен директорларының бiлiктiлiктерiн арттыру мақсатымен олардың «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығында» оқуы жүргiзiлдi. Жыл басынан архив мекемелерiнiң 63 қызметкерi бiлiктiлiктерiн арттырды және сертификат алды.

Аудан әкiмдерiнiң аппараттық кеңестерiнде ұйымдар мен мекемелерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесi бойынша Степногорск, Атбасар қалалырының, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бурабай, Еңбекшiлдер, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Целиноград және Шортанды аудандарының мемлекеттiк архив директорлары сөз сөйледi.

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамы, Конституция күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Қосымша: 2016 жылдың 9 айы бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.


Архив қызметi
бөлiмiнiң басшысы                                                                                                            Г. Филипьева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.10.2016 16:28
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59