A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2017 жылғы 9 ай бойынша жұмысы туралы

Ақмола облысының
мемлекеттiк архив мекемелерiнiң
2017 жылғы 9 ай
бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Облыстық басқарманың және облыс архив мекемелерiнiң есептiк кезеңдегi жұмысы 2017 жылға арналған бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзiлдi.

Аталған жоспарға сәйкес а.ж. 10 наурызында «Ақмола облысының мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2016 жыл бойынша жұмысы және 2017 жылға қойылған мiндеттерi туралы» күн тәртiбiмен мемлекеттiк архив директорларының шақырылуымен басқарманың алқа отырысы өттi.

А.ж. 04 тамызында басқарма басшысының төрағалығымен кеңейтiлген алқа отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде келесi мәселелер қаралды:

1. Қазақстандағы мiндеттi медициналық сақтандыру.

2. «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн сапалы және уақытында көрсету туралы.

3. Облыс архив мекемелерiнiң 2017 жылғы бiрiншi жартыжылдық бойынша жұмыс нәтижелерi туралы.

4. Басқарманың салалық кеңестерiнде және алқа отырыстарында берген тапсырмалардың орындалуы туралы.

Алқа жұмысына Ақмола облысы мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары, денсаулық сақтау басқармасының және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» департаментiнiң өкiлдерi қатысты. Алқа қорытындысы бойынша облыстың архив саласын бұдан әрi дамыту бойынша нақты тапсырмалары көрсетiлген шешiм қабылданды.

А.ж. 17 наурызында Ақмола облысының және Қазақстанның солтүстiк өңiрiнiң тарихы, архивтану, археографиясы саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын тарихшы-ғалымдардың, зерттеушiлердiң, өлкетанушылардың қатысумен «Архив мекемелерiнiң Қазаұстан тарихындағы рөлi» ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өткiзiлдi.

А.ж. 11 қыркүйегiнде архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы облыс әкiмiнiң қатысуымен өткен аппараттық кеңесте сөз сөйлеп, Ақмола облысының архив саласының жағдайы мен даму болашағы туралы баяндады. Осы кеңес барысында облыс әкiмi келесi тапсырмаларды бердi:

- электрондық құжаттарды сандық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты белсендiлендiру;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жаңа жобалар әзiрлеу.

Аталған тапсырмаға сәйкес басқарма 3 ұзақ мерзiмдi жоба әзiрледi: «Акмолинская область в архивных документах», «Туған жерiм — тұғырым», «Архивы говорят», жобаларды жүзеге асыру 2018 жылғы қаңтардан басталады деп жоспарлануда.

Облыстың архивтiк қызметiн ақпараттық қамсыздандыру үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтердiң сайттары жұмыс iстейдi және тұрақты негiзде жаңартылып отырады, есептiк кезең бойынша басқарма сайтына 1763 рет кiру тiркелген.

А.ж. 03 ақпанында архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң базасында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн ХҚКО департаменттерiнiң бөлiмшелерi арқылы көрсетудiң күрделi мәселелерi және оларды шешу жолдары» тақырыбына бiрлескен кеңес өткiзiлдi.

2017 жылғы 07 маусымда Халықаралық архивтер күнiне орай облыстық барлық мемлекеттiк архивтерi адам көп жиналатын жерлерде «Архив кеңес бередi» бiр жолғы акциясын өткiздi. Акциялар әдемi баннерлермен рәсiмделiп, қатысушыларға барлық архивтiк мәселелер бойынша ақпараттық бүктемелер таратылды.

Облыстық басқарма 2017-2021 жылдарға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтiзбесiн әзiрледi.

Жүктемелiктi шешу және архивтiк құжаттарды қабылдау үшiн есептiк кезеңде келесi архивтердiң архив қоймаларына арналған аудандарды арттыру бойынша мәселелер шешiлдi: Бұланды ауданының мемлекеттiк архивiне қосымша жай жалға алу есебiнен (58,4 шаршы метр); Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi сол ғимараттың жалпы ауданы 324,12 шаршы метр бiрiншi қабатына ауыстырылды (ауданның артуы 124,12 шаршы метрдi құрады). Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiне ауданы 525 шаршы метр жаңа ғимарат сатып алынды, онда қазiргi уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi ғимаратының күрделi жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Ақмола облысының әкiмi мемлекеттiк архивке барып қайтты.

Құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты белсендiлендiру үшiн облыстық архив пен Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiне жалпы соммасы 1500,0 мың теңге тұратын қосымша 2 сканер сатып алынды.

Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және кешендi тексерiстер жүргiзу үшiн Атбасар, Степногорск қалаларының, Бурабай, Егiндiкөл, Ерейментау, Жарқайың және Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерiне iс-сапарлар жүзеге асырылды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2017 жылғы 01 қазанға дейiн 6077 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 7442 бет 3052 сақтау бiрлiгi жаңартылды. 305 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 40497 iстiң, 1143 фотоқұжаттың бар болуына және табиғи жағдайына тексерiс жүргiзiлдi. 55787 iс картондалды.

242 қордың есептiк құжаттар жинағы салыстырылды, қорлардың негiзгi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта ресiмделдi.

Мәдениет және спорт министрлiгiнiң тапсырмасына сәйкес электрондық форматта қорлар карточкаларын толтыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, қорлар карточкаларының электрондық базасы құрылды.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету аясында Еңбекшiлдер және Жарқайың аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде күзет дабылы орнатылды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзуiнде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық ету

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-тiң 8 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстердiң тiзiмдемелерi, фотоқұжаттар, жеке тектiк iстер тiзiмдемелерi, iстер номенклатуралары қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемелерiнiң көрсеткiштерi: тұрақты сақтаудағы 9079 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 18024, 334 жеке тектiк, 514 фотоқұжатты, 1772 сот iсiн құрады.

Мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 10969 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 14629; 354 жеке тектiк, 519 фотоқұжат келiп түстi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын жинақтау дереккөздерi-ұйымдардың iс жүргiзу қызметiнiң жұмысшыларына көмек ретiнде Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша iстер, құжаттар тiзiмдемелерiн, сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актiлердi жасау бойынша әдiстемелiк нұсқаулықтар әзiрлендi.

Еңбек ардагерi, Қаз.КСР халықтық ағарту iсiнiң үздiгi — Иван Сергеевич Климошенконың; еңбек ардагерi, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесi — Сайлау Көшкенұлының; тұңғыш қазақ инженер-энергетик, КСРО-ның энергетика және электрификация үздiгi — Рақымбек Мәлiкұлы Сабатаевтың; КСРО және Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесi — Валентина Андреевна Теплякованың; еңбек ардагерi, Қазақ КСР ағарту iсiнiң үздiгi, Зерендi ауданының құрметтi азаматы, Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы — Шияп Шарапұлы Әлиевтiң; Қазақстан Республикасы IIМ отставкадағы полковнигi, Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi, Қазақстан Республикасы ТЖМ Құрметтi ардагерi — Хабибола Хамитұлы Ғазизовтың; дәрiгер-кардиолог, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi — Сергей Викторович Зиборовтың; Зерендi ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерi — Қыныбай Жаныбаевтың; Ұлы Отан соғысының ардагерi, үш мәрте орден иегерi — Петр Ильич Горобцовтың жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Есептiк кезеңде басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңыздағы түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 300-ден аса кеңес берiлдi.

Жинақтау көздерi — мекемелердегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар пакетiн жинақтау бойынша да жұмыс жүргiзiледi. Басшылардың ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (сәйкесiнше 75 және 80).

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен 15 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 260 iстер номенклатурасы, iс жүргiзу бойынша 16 нұсқаулық жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Мемлекеттiк архивтермен iс жүргiзу бойынша 148 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi, соның iшiнде:

-облыстық мемлекеттiк архив мәдениет басқармасыының құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерi үшiн «Ұйымның iстер номенклатурасын құру, iстердi ресiмдеу тәртiбi» тақырыбына семинар өткiздi;

-Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi денсаулық сақтау жүйесiнiң iс жүргiзушiлерiмен iс жүргiзу, iстердi қалыптастыру және оларды ведомстволық сақтау кезеңiнде сақтау мәселелерi бойынша семинар өткiздi;

-Ақкөл, Аршалы, Жақсы, Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерi ауылдық округ мамандары үшiн құжаттау, құжаттаманы басқару, құжаттарды ведомстволық сақтау тақырыптарына семинарлар өткiздi және т.б.

Ұйымдардың, кәсiпорындардың ведомстволық архивтерiнде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру мақсатымен аудандық мемлекеттiк архив директорлары «Архив кеңес бередi» акциясын және оқыту семинарларын өткiзумен ауылдық округтарға барады.

Аталған жұмыс Атбасар, Бурабай, Еңбекшiлдер, Зерендi, Сандықтау аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде белсендiлендiрiлген.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi ауданда акция өткiзуде. Сандықтау архивiнiң директоры «Сенiң де тағдырың аудан тарихына тиесiлi» акциясының барысында аудан халқына таспалы негiздегi құжаттарда аудан тарихын бейнелейтiн құжаттарды тапсыруды үндедi.

Ай сайын облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi ХҚКО жұмысшыларымен «Архивтiк анықтамалар беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi, есептiк кезеңде 74-i өткiзiлдi.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивi жүргiзiлген төлқұжаттау нәтижесi бойынша «Үздiк ведомстволық архив» байқауын өткiздi, «Ақмола облыстық соты» ММ, «Ақмола облысының статистика департаментi» РММ мен «Қазақстан Халық Банкi» Ақмола облыстық филиалы байқау жеңiмпаздары атанды.

Жүргiзiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алу нәтижелерi бойынша құжаттарды ведомстволық сақтаудың жағдайына күшейтiлген бақылау жүргiзу үшiн талдау жүргiзiлдi және аудан әкiмдерi мен облыстық басқарма басшыларына облыс әкiмi орынбасарының қолы қойылған хаттар жолданды.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде тұрақты сақтаудағы — 229 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша — 1381 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi жетiлдiрiлдi, тұрақты сақтаудағы 836 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi, жеке құрам бойынша 619 сақт. бiрл. қайта өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 1169 сақт.бiрл. каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1709 карточка енгiзiлдi.

Архивтiк қорларды ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту келiсiм шарттарының мәлiметтер базасына «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша 4495 келiсiм шарт — 101 сақт.бiрл. енгiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивпен 880 тек, Целиноград облыстық партия комитетi номенклатуралық жұмысшыларының атаулы каталогына 1000 карточка енгiзiлдi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «еңбек ардагерi» мәлiметтер базасын құрды, оған 130 тек енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының тарихы бойынша электрондық фотоқұжаттар базасына 52 бiрлiк фотоқұжат енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивтiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 1310 сақт.бiрл. («Көкшетау облыстық Халықтық депутаттар кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 85862 бет сканерден өткiзiлдi. Сандық мәлiметтер — 85862 суретке өңдеу жүргiзiлдi.

Аса құнды құжаттар таспаға (микрофиша) жазылды — 3000 кадр (бет) — 60 сақт.бiрл.

Зерендi ауданның мемлекеттiк архивi 1917-2016 жылдар аралығында мемлекеттiк архивте сақталудағы қорлар бойынша жолсiлтеме әзiрледi.

Мемлекеттiк архивтер мәдени-ағарту қызметiн атқара отыра, архивтiк құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайды, көрмелер ұйымдастырады, тарих сабақтарын, дәрiстер, дөңгелек үстелдер, экскурсиялар өткiзедi.

Облыстық мемлекеттiк архив: Ақмола облыстық Ардегерлер кеңесiнiң 30 жылдығына «Ардагерлер — бiздiң мақтанышымыз»; «Қазақ халқының мәдениетi және тұрмысы»; Наурыз мейрамын мерекелеуге орай «Көктем мен береке мейрамы»; комсомол, партия жұмысшысы, қоғам қайраткерi Геннадий Николаевич Матросовтың жеке тектiк қоры бойынша «Тұлға»; «Ақмола дивизиялары Ұлы Отан соғысы майданында»; Халықаралық архивтер күнiне орай «Естелiк сақтаушылары»; «Еңбек адамы — өз елiнiң патриоты!»; «Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихи құжаттарда» көрмелерiн дайындады.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi — Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне орай «Болашақ үшiн өткен туралы»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Туған жердiң мемлекеттiк рәмiздерi».

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi — Жеңiс күнiне «Жалындаған жылдар естелiгi»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Ту, Елтаңба, Әнұран — тiрегiмiз, туған жер деп соғады жүрегiмiз»; «Арман қала — Астана»; «Ата заң тұрақтылығы — Қазақстан тұрақтылығы».

Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi — «Жеңiмпаздар естелiгi»; «Болашақ пен бүгiнгi шақ үшiн өткен туралы»; «Луч» газетiне 85 жыл».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивi — «Соғысты жеңгендер туралы».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi — Ұлы Отан соғысының ардагерi Қабдiрашид Рақымжановтың 95 жылдығына арналған жеке тектiк қор бойынша көрме; «Алтын жұлдыздары — асыл адам».

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi — «Бiздiң есiмiзде! Бiз мақтан тұтамыз!».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «УIақыттар байланысын жоғалтпау»; «Сандықтау ауданының құжаттық мұрасы»; «Туған өлкенiң тарихынан оның дамуына дейiн»; «Сiздер мәңгi жассыздар»; «Аудан тарихы архивтiң баспасөз басылымдарында: жинақтарда, кiтаптарда, брошюраларда, күнтiзбелерде».

Барлығы 61 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 106 мақала жарияланды. Соның iшiнде:

-облыстық мемлекеттiк архив 37 мақала жариялаған: «Эвакуация, депортация и научные открытия», «Прерванный бег», «Солдат двух войн…», «Акмолинская область между двух революций», «Их Родиной стал Казахстан», «Архивные свидетельства о спецпереселенцах», «Благодаря архивам я узнал свое имя», «Ұлы нәубет: қасiретi мен тағдыры», «Религиозные объединения в Акмолинском регионе на основе архивных документов» және т.б.;

-Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi 7 мақала жариялады: «У нас бесплатно…», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Личность», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Горький период истории» және т.б.;

-Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi: «Неутомимый и преданный делу», «Атбасар: майданда, тылда»;

-Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi: «Жеңiмпаздар рухына», «Казахстан — моя вторая Родина», «Балалардың күлкiсi — ол шынайы бақыт», «О прошлом для настоящего и будущего», «Память на пыльных листах и веб-страницах» және т.б.;

-Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi: «Родник исторической памяти»;

- Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi «По волнам нашей памяти», «По документам военных лет», «Документальное наследие»;

-Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi: «Славен человек труда», «Профессия раз и навсегда»;

-Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi: «Ата заң — болашақтың алтын кiлтi», «Ер атандырады», «Ардегерлердi ардақтаймыз», «Наш долг — служение народу!»;

-Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi: «Мұрағаттан мәлiмет алыңыз», «Герои — наши земляки», «Первый молодежный фестиваль» және т.б.

17 сәуiрде облыстық мемлекеттiк архив Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжi оқытушылары мен студенттерiнiң қатысуымен «Алаш» саяси партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және рухани жаңғыру» дөңгелек үстелiн өткiздi;

а.ж. 31 мамыры iшкi саясат басқармасымен бiрлесiп ХХ ғасыр саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi;

26 маусым Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сараптау тобы мүесiнiң, Көкшетау қаласы ғалымдары мен қоғам белсендiлерiнiң қатысуымен «туған жер» бағдарламасы — жалпыұлттық патриотизмнiң негiзi» дөңгелек үстелi өткiзiлдi.

«Туған жер» бағдарламасын ақпараттық жылжыту аясында Ақмола облысында 3 дәрiс оқылды. Аталған дәрiстердiң негiзiнде телевидениенiң облыстық арнасында облыстық мемлекеттiк архивтiң қызметi туралы телесюжет ұйымдастырылды.

-Облыстық мемлекеттiк архив 42 экскурсия, соның iшiнде «Ақмола облысы архивтiк құжаттарда» көрмесi бойынша 8 экскурсия өткiздi, онда 300-ден астам адам қатысты.

-Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi № 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназияның, Красный Яр с. № 2 орта мектебiнiң оқушылары үшiн «Тарихи естелiк дереккөзi», «Қала көшелерi бойынша саяхат» тақырыптарына 4 сабақ өткiздi.

-Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi колледждiң «iс жүргiзу және архив iсi» тобының студенттерiмен «Архивист мамандығы» тақырыбына экскурсия өткiздi.

-Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi — № 1 Ақкөл балалар үйiнiң 6-8 сынып оқушылары үшiн «Менiң болашақ мамандығым — архивист» тақырыбына;

-Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi аудандық жастар форумының қатысушылары үшiн «Архив аудан тарихының қоймасы» тақырыбына дәрiс жүргiздi;

-Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi «Алаш партиясының құрылу тарихы және тарихи мәнi туралы» дәрiс өткiздi.

9 ай бойынша барлығы 115 экскурсия, 66 сабақ өткiзiлдi.

Архивтiк мекемелердiң жұмысында ұйымдар мен азаматтардың сұраныстарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранысдарды орындау: тақырыптық — 536 (оның iшiнде 485 оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 20657 (оның iшiнде 14447 оң нәтижелi), генеологиялық — 54 (29 оң нәтижелi), терiс жауапты — 2519, бейiнсiз — 3228 сұраныс.

Есептiк кезеңде барлығы 82 зерттеушi, 161 бару тiркелген, жұмыс үшiн 19068 сақтау бiрлiгi берiлген.

Зерттеу жұмыстарының негiзгi тақырыптары: «Ақмола облысының экология-географиялық жағдайын ретроспективтi талдау», «Рим-католиктiк шiркеудiң тарихы», «Солтүстiк Қазақстанның көпұлтты халқының қалыптасуы», «атбасар уезi архив құжаттарында», «Көкшетау уездiнде кеңестiк билiктiң орнатылуы», «Ақмола облысындағы 1916 жылғы көтерiлiс», сондай-ақ, генеалогиялық зерттеулер және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Облыстық басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен басқарма басшысының тапсырмасы бойынша облыстың барлық мемлекеттiк архив директорлары аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң қатысуымен аппараттық кеңестерде сөз сөйледi.

Ай сайын облыс мемлекеттiк архивтерiнiң қызметтiң негiзгi көрсеткiштерiн орындауы бойынша рейтинг жүргiзiледi, 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдық нәтижелерi бойынша рейтингте бiрiншi орынға Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi, 8 ай нәтижелерi бойынша — облыстық мемлекеттiк архив ие болды.

Архивтiк қызмет мамандары мен директорларының, бухгалтерлерiнiң бiлiктiлiктерiн арттыру мақсатымен олардың «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығында» оқуы жүргiзiлдi. Жыл басынан архив мекемелерiнiң 50 қызметкерi бiлiктiлiктерiн арттырды және сертификат алды.

Басқарма мамандары облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшылары үшiн iс жүргiзу, iстер номенклатурасын әзiрлеу, құжаттардың сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша шеберлiк-сыныптарымен 2 оқыту семинарын өткiздi.

2017 жылы архив саласының 21 қызметкерiне аттестация жүргiзiлдi.

Елiмiздiң атаулы күндерiн мерекелеу аясында басқарма мен архивтiк мекемелер мерекелiк iс-шаралар (салтанатты жиындар, концерттер, дөңгелек үстелдер, байқаулар, архив қызметi ардагерлерiн құттықтау) өткiзедi.

2017 жылы келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

-1 наурыз Алғыс айту күнiне этномәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуымен «Бiр халық — бiр ел — бiр тағдыр» iс-шарасы.

-18 қыркүйек Қазақстан халқы Тiлдерi күнiнiң аясында «Қазақ тiлiнiң бiлгiрi» интеллектуалдық ойыны өткiзiлдi. Онда облыстық мемлекеттiк архив пен Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң ұжымдары, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Аналар кеңесiнiң төрайымы қатысты.

-2 қазан «Қарттар күнiне» арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. Ардагерлерге азық-түлiк пакеттерi таратылды, Архив қызметi ардагерлерiнiң кеңесi құрылды.

Архив iсi қызметкерлерi мен ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Қосымша: 2017 жылдың 9 айы бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.

Басқарма басшысы                                                                                                                      М. Тохаева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.10.2017 16:51
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59