Қазақша
2018 жылдың бірінші жартыжылдығына Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде басқарманың, облыстың барлық архив мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң нұсқауларын, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындауға бағытталды.

2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан халқына Жолдауының шығуымен байланысты облыстың архив саласында Жолдауды зерттеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер рәсiмделдi. Басқарма басшысы ақпараттық-насихат тобының құрамында Бурабай және Жақсы аудандарының ауылдық округтерiне iс сапарға шықты.

28 ақпан 01 наурыз аралығында басқарма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министрлiгiмен өткiзiлген республикалық лаңкестiкке қарсы оқуларға қатысты.

Ағымдағы жылдың 12 сәуiрi басқармада облыстың мемлекеттiк архивтерiнiң директорларымен «Ақмола облысының мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2017 жылға жұмысы және 2018 жылға арналған алдағы мiндеттерi туралы» кеңейтiлген алқасы өттi.

Ағымдағы жылдың 31 мамыры Ақмола облысы әкiмi орынбасарының, мемлекеттiк органдар, этномәдени, ардагерлер және жастар бiрлестiктерiнiң, оқу орындары, БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған iс шара өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 21 маусымы Президент әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк комиссиясымен құжаттамаларды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларын жүзеге асыру нәтижелерiн тексеру жүргiзiлдi, ескертулер жоқ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында», «Өдке тарихы — ел тарихы», «Тарих беттерiнен» үш жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының 12 отырысы өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Ақмола облысы архив құжаттарында» бiрiншi жобасының тұсау кесерi болды, жүзеге асыру шегiнде жалпы 2402 адам қамтылған 149 экскурсия өткiзiлдi.

«Жас зерттеушi» клубы құрылды, қағидасы, клубтық жұмыс жоспары әзiрлендi, ғылыми-зерттеу жобаларын жазуға тақырыптары анықталды, ғылыми-зерттеу жобалары үшiн клубтың 60 мүшесiне талондар берiлдi. Ағымдағы жылдың 27-28 сәуiрi «Туған өлкенiң тарихы архив құжаттарында», «Ұлы Отан соғысындағы жеңiске Ақмола облысының еңбегi» тақырыптарында 2 аймақтық мектеп конференциялары өткiзiлдi, олардың қортындылары бойынша «Туған өлкенiң тарихы архив құжаттарында» жинағы шығарылды.

Ақмола облысының тарихы бойынша ақпараттарды анықтау және жинау үшiн архив қызметкерлерiмен ҚР ОМА Алматы қаласына 2 жұмыс сапары және Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк архивiне 2 жұмыс сапары жасалды, нәтижесi бойынша Ақмола облысының кеңестiк кезенге дейiнгi және алдыңғы кеңес кезендерiнiң тарихы бойынша 96 құжаттар өндеп алынды.

«Адамдар тарих ағымында» құжаттар жинағы шығарылды, онда қағаз тасымалдағышта 51 құжат, 97 фотоқұжат жарияланған. «Ақмола аймағының тұңғыш басшылары», «1928-1941 жылдары қазақ әлiпбиiнiң латындау тарихы», «Ақмола облысының тарихы бойынша ерекше құнды құжаттардың жинағы» кiтаптары басылымға дайын тұр. «Жауынгер батырлар- Ақмолалықтар», «Ақмола облысының архив қызметi»кiтаптарiмен, «Ақмола облысы архив құжаттарында» кiтап-альбомымен жұмыс iстеу жалғасуда.

Облыстың архив қызметiнiң жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтардың сайттары қызмет етiп, есептiк мерзiм iшiнде басқарма сайтында 1310 кiру белгiленген.

Архив құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi ағымдағы жөндеудi өткiзiп жаңа ғимаратқа көштi; Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi жаңа архив қоймасына ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткiздi.

Архив қоймасының толықтырылу мәселесiн шешу үшiн облыстың мемлекеттiк архивiмен және Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiмен мобилдi сөрелер, Атбасар, Бурабай, Ерейментау аудандарының мемлекеттiк архивтерiмен темiр сөрелер сатып алынды және орнатылды.

Электронды форматқа құжаттарды ауыстыру бойынша жұмыстарды белсендiру үшiн аудандардың мемлекеттiк архивтерiне 19 сканер сатып алынды.

Ұйымдастыру мәселелерiн шешу және кешендiк тексерiстердi жүргiзу үшiн Атбасар қ, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егiндiкөл, Есiл, Жақсы және Зерендi аудандарының мемлекеттiк архивтерiне жұмыс iс сапарлары жасалды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2018 жылғы 01 шiлдесiндегi жағдай бойынша 3970 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 14626 парақтан тұратын 2392 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 191 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 30227 iстiң, 645 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 36795 iс қатырмаланды.

194 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

Облыстық мемлекеттiк архивпен №1434 «Көкшетау облысы әкiмдiгiнiң жанындағы орман шаруашылық бiрлестiгi», № 1437 «Көкшетау облыстық су шаруашылығы бөлiмi» қорларының құжаттары бойынша 26 сақтау бiрлiгiндегi ерекше құнды iстер анықталды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау.

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 14 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 7535 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 5444, жеке тектiк — 441, 460 фотоқұжатты, — фотоальбом, 4 фоноқұжат, 22 бейне құжат, 670 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 8360 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 3556; жеке тектiк — 379; 446 фотоқұжат келiп түстi.

Жауынгер-интерноционалист — С.В.Демченконың жеке тектiк құжаттары; Қаз СРО халық ағарту iсiнiң үздiгi, Қазақстан Республикасының бiлiмiнiң құрметтi қызметкерi — В.Н.Пшеничныйдың; Зерендi ауданының құрметтi азаматтары А.А.Солошенконың және И.П. Позднякованың; ардагер — И.П.Шишкиннiң жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк мұрағаттары жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 245 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (96 және тиiсiнше 153).

Мемлекеттiк архивтер қызметкерлерiмен 7 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 514 жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Жинақтау көздерi — ұйымдар үшiн мемлекеттiк архивтармен iс жүргiзу, iстердi құру және ведомстволық сақтау сатысында оларды сақтау, iстер номенклатурасын құру мәселерi бойынша 99 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi.

Айсайын облыстың халқын ақпараттандыру мақсатында облыстың барлық мемлекеттiк архивтерiмен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша семинарлар өткiзiледi, есептi кезенде 69 семинар өткiзiлдi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 12 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi, 492 сақтау бiрлiгiндегi тұрақты сақтау iстерiнiң тiзбелерi өнделдi..

Басқармалық құжаттаманың 309 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1086 карточка енгiзiлдi.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 2008 келiсiм-шарт — 43 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 1464 сақтау бiрлiгi сканерлендi. («Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 98085 парақ. 98085 суреттiң сандық мәлiметтерiне өңдеу жүргiзiлдi. Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 761 сақтау бiрлiгi сандалды «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» -57579 парақ.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивiмен 600 тек енгiзiлдi.

Целиноград облыстық ком партиясының номенклатуралық қызметкерлерiнiң атаулы каталогын құру бойынша жұмыстар жалғасуда, 550 карточка енгiзiлдi.

Мемлекеттiк архивтар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк архивтердiң құжаттары бойынша 68 мақала, «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 35 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк архив облыстық газетте 10 мақала жариялады «Помним имя героя», «Уникальная карта области 1889 года», «Ценный артефакт», «Материалы память хранят», «С лицом бойца, с душой поэта», «Архивтегi құжаттар сыр шертедi» және басқалары.; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 8 мақала «На службе поколений», «Память не сотрешь», «Неоспоримый вклад», «Хранители истории», «Документы как летопись», «Архивисты о себе» және т.б. Аршалы ауданының мемлекеттiк архивiмен «Его именем названа улица», «В память о батыре», «И грянула война…»; Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен «Ветерану труда — 80 лет», Атбасар қаласының мемлекеттiк архивiмен 4 мақала «Был настоящим руководителем», «Есiмi мәңгiлiк жадымызда»; Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiмен «Южные границы Азиатской России», «Патриот земли Аккольской», «95 лет архивной службе Акмолинской области»; Астрахан ауданының мемлекеттiк архивiмен «Выполняя ваш наказ»; Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Благодатная земля…», «Документальное наследие Ерейментауского района»; Жарқайын ауданының мемлекеттiк архивiмен «Архивы: вчера, сегодня, завтра», «Нам жить и помнить!», «Бiзге  — 20»; Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiмен 6 мақала «Без песни жить не представляет», «Их имена останутся в памяти», «Еске сақталу үшiн», «80 лет  — Зерендинскому лесхозу» және т.б., Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Первые предприятия» және басқа мақалалары жарияланды.

«Көкшетау –Қазақстан» телеарнасы: «Рухаии жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде латын тiңлi бойынша архив құжэаттарының көрмесi, «Жас зерттеушi» клубының қызметi туралы, 31 мамыр –саяси қуғын сүргiн құрбандары бойынша 14 сюжет шығарды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен 6 көрме дайындалды және рәсiмделдi: «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары», «Верный сын земли Кокшетауской», «Акмолинские дивизии на фронтах Великой Отечественной войны», «Политика репрессий в документах государственного архива Акмолинской области».

Көкшетау қаласының мемлекетiк архивiмен 8 көрме дайындалды және рәсiмделдi: «25 лет — мгновение в истории», «Көкшетау — сүйiктi қалам! Любимый город Кокшетау.»; 2 онлайн — көрме «Не забывайте, люди, о войне…», «Черные пятна прошлого…».

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiмен — «Мой город — моя история», «Архивной службе — 95 лет».

Бiржан сал ауданының мемлекеттiк архивiмен — «Латинский язык по архивным документам».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивiмен — Ақмола облысының архив қызметiнiң 95 жылдығына «Мұнда естелiк сақталады».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Латын әлiпбиiне көшу рухани жаңғыру талабы», «Чтобы помнили…».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «Сандықтау ауданы: уақыт, оқиға, адамдар», «Тарихқа қайта оралу», «Сандықтау жерiнiң адамдары», «Уақыт байланысын үзбей», «Сандықтау ауданының құжаттамалық мұрасы», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнң қазақ әлiпбиi», «Рухани жаңғыру — болашаққа сенiмдюi көпiр».

Барлығы 67 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен оқу орындарында 14 сабақ, дөңгелек үстелдерге қатысып келесi тақырыптарда«Свидетельства истории», «Тағдыры қасiреттi қайраткерлер», «Сталин және оның құрбандары» 6 лекция өткiздi

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, Красный Яр селосы №2 орта мектебiнiң оқушыларына «Тарихи жадтың дерек көзi» («Источник исторической памяти»), «Қала көшелерi бойынша саяхат» («Путешествия по улицам города») атты тақырыптарда 4 сабақ өткiзiлдi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «»Тарихқа қайта оралу»,

«Туған өлкенiң тарихынан оның дамуына», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнiң қазақ әлiпбиi», «Рухани жаңғыру — болашаққа сенiмдi көпiр», «Бiлiмдi ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында 17 экскурсия өткiзiлдi. Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiмен Ақкөл ауылының оқушылары үшiн «Өз тарихынды есте сақта және мақтан тұт» атты 3 экскурсия өткiзiлдi, Шортандыауданының мемлекеттiк архивiмен «Қазақстанға халықтарды жер аудару» және «Шортанды ауданының тарихы» атты экскурсиялар өткiзiлдi.

Бiрiншi жартыжылдықта барлығы 244 экскурсия, 60 сабақ өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде облыстың аудандарында фотоқұжатамалық материалдарды жинау бойынша «Тарихты толықтырамыз», «Игiлiк үшiн жинау, сақтау және қолдану» акциясы басталып кеттi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Есептi кезенде 16444 сауал орындалды оның iшiнде: тақырыптық — 242 (оның iшiнде 214 — оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 13771 (оның iшiнде 10185 — оң нәтижелi), генеологиялық — 17 (оның iшiнде 5 — оң нәтижелi). 1174 — терiс нәтижелi, 1240 — профильдi емес. 13771 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi; ХҚКО арқылы — 3966 (28,8%), «электронды үкiмет» порталы арқылы — 4985 (36,2%), пошталық байланыс арқылы — 4820(35,0%).

Есептiк кезеңде барлығы 122 зерттеушi, 258 бару тiркелген, жұмыс үшiн 5375 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Солтүстiк Қазақстандағы соғыс жылдарындағы балалардың жағдайы», «Ақмола облысының ұлы жерлерi», «Архив құжаттарындағы репрессия саясаты», «Есiл ауданының топонимикалық талдануы», «Менiң туған өлкем» және басқалары.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Егiндiкөл, Ереймеентау, Есiл, Жақсы, Жарқайын және Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерiнiң директорылары архив қызметiнiң көкейкестi мәселелерi бойынша аудан әкiмдерiнiң жанындағы аппараттық жиналыстарда сөз сөйледi.

Қызметтiн негiзгi көрсеткiштерiн орындау бойынша облыстың мемлекеттiк архивтерiнде айсайын реитинг жүргiзiледi, 2018 жылдың бiрiәншi жартыжылдығының қортындысы бойынша Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi.

Облыстың архившiлерi үшiн басқарманың мамандарымен iс жүргiзу, iстер тiзбелерiн әзiрлеу, жеке тектi құжаттарды және фото құжаттарды қалпына келтiру мәселелерi бойынша 2 мастер класты оқу семинары өткiзiлдi.

Басқарма бөлiмiнiң басшысымен есептi кезенде iс жүргiзу бойынша Ақмола обюлысы бойынша «Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару академисы» РМКК филиалында 8 лекция оқылды.

2018 жылдың маусым айында архив мекемелерiнiң 16 қызметкерi бiлiктiлiгiн жоғарлатты және сертификат алды.

2018 жылы архив саласындағы 4 қызметкер аттестациядан өттi.

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Архивтiк iс ардагерлерi мен жұмысшыларының әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 10.07.2018 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.07.2018 17:11
Қаралым саны: 465

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+