A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттарының 2016 жылғы бірінші тоқсан бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде басқарманың, облыстың барлық мұрағат мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Комитеттiң нұсқауларын, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындауға бағытталды.

Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауыының шығуына байланысты облыстың архив саласында Жолдауды зерттеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер рәсiмделдi.

Басқармада жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 29 қаңтарында облыстың мемлекеттiк мұрағаттар директорларымен «2016 жылға қойылған мiндеттер туралы» кеңес өткiзiлдi.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы жылында облыстық басқарма «Ақмола облысының архив қызметi» кiтабын шығаруды жоспарлаған.

Облыстың архив қызметiнiң жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк мұрағаттардың сайттары әзiрлендi.

Басқарма мемлекеттiк мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен әрекеттестiк орнату және нығайту бойынша жұмыс жүргiзуде, бұл орайда насихаттау және мәдени-ағарту жұмыстарына үлкен көңiл бөлiнедi.

Ұйымдастыру мәселелерi бойынша Атбасар қаласының, Атбасар, Бурабай және Зерендi аудандарының мемлекеттiк мұрағаттарына iс-сапарлар жүзеге асырылды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2016 жылғы 01 сәуiрдегi жағдай бойынша 2056 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 3975 парақтан тұратын 851 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 67 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 18801 iстiң, 200 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 10244 iс қатырмаланды.

57 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы.
Мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау.

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 7 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша iстер тiзiмдемесi, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 1768 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 2384, жеке тектiк — 65, 50 фотоқұжатты, 133 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 3956 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 2328; жеке тектiк — 45; 50 фотоқұжат, 5 бейнеқұжат келiп түстi.

Зерендi ауданының құрметтi азаматы — Азнабаев Баймұрат Азнабайұлының жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк мұрағаттары жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 113 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (53 және тиiсiнше 48).

Мемлекеттiк мұрағаттар қызметкерлерiмен 3 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 235 жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Мемлекеттiк мұрағаттар 31 семинар-кеңес ұйымдастырып өткiздi: облыстық мемлекеттiк мұрағат облыстық сот қызметкерлерi үшiн «Тұрақты сақтаудағы және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу»; Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жұмысшыларына iс жүргiзу бойынша; Ақкөл ауданының бiлiм беру саласындағы мамандарымен «Iс жүргiзудiң негiзi — iстер номенклатурасы» тақырыбына; Степногорск қаласының поселкелер, ауылдар мен ауылдық округтар әкiмдерi аппараттарының мамандарымен және бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiмен iстер номенклатурасын құру, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мәселелерi бойынша; Аршалы ауданының ауылдық округтар мен ұйымдарының құжаттамалық қызмет мамандарымен ведомстволық архивте құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша; Атбасар ауданының ауылдық округтары әкiмдерi мен әкiмдiк мамандары үшiн ҰАҚ құжаттарын орталықтандырылған есепке алу мәселелерi бойынша; Еңбекшiлдер ауданының ауылдық округтары мамандарымен iс жүргiзу бойынша заңнамадағы өзгерiстер бойынша; Жақсы және Шортанды аудандарының ауылдық округтары мамандарымен құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мәселелерi бойынша.

Облыстық барлық мемлекеттiк мұрағаттары ай сайын ХҚКО жұмысшыларымен «Архив құжаттарын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзедi.

Ұлттық архив қорын толымдау көздерi-ұйымдарға iс жүргiзудi енгiзу бойынша қоладынстағы нормативтi құжаттарды енгiзу бойынша, ведомстволық архивтер жұмысы бойынша жұмыс жүргiзiлдi, өзгерiстерi мен толықтыруларын есептегенде, олар барлығы 65 мекемеге жеткiзiлген.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 338 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi.

Басқармалық құжаттаманың 331 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 519 карточка енгiзiлдi.

Целиноград облыстық партия комитетiнiң номенклатуралық жұмысшыларының атаулы каталогын құру бойынша жұмыс жалғастырылды, 250 карточка басталды.

«Құжаттардың бiрыңғай электрондық архивi» ақпараттық жүйесiне Ехсеl электрондық нысанында қорлар карточкалары — 5233 карточка енгiзiлдi. Жүйеге тiзiмдемелердi енгiзу бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 1000 келiсiм-шарт — 24 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың ақпараттық технологиялар бөлiмi 175 сақтау бiрлiгiн сканерледi. («Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 25710 парақ. 24818 суреттiң сандық мәлiметтерiне өңдеу жүргiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк мұрағатпен 125 тек енгiзiлдi.

Ақмола облыстық ауруханасына 90 жыл бұрын Көкшетау трахоматоздық ауруханасының, қазiргi офтальмологиялық аурухананың пайда болу тарихы туралы ақпараттық хат жолданды.

Облыстық мемлекеттiк мұрағат «Архив құжаттарындағы Ақмола облысының тарихы» көрме залы үшiн зерттеу жұмысын жүргiзуде: экспозицияның тақырыптық жоспары әзiрлендi, 230 материал iрiктелдi, басқа мемлекеттiк мұрағаттарда құжаттарды iздеу жалғастырылуда.

Мемлекеттiк мұрағаттар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 16 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк мұрағат облыстық газетте «Мир и согласие в общем доме», «20 лет Ассамблее народа Казахстана», «Степной Армагеддон» 3 мақаласын, Степногорск қаласының мемлекеттiк мұрағаты «Мұрағат анықтамаларын беру», Ерейментау ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Сохранность документов на ведомственном хранении», «Путешествие во времени», Аршалы ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Он был первым…», Бурабай ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Алғашқы көктем мейрамы — 8 Наурыз», «Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз», Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағаты «О фондах личного происхождения», «О порядке исполнения запросов пользователей и оформления архивных справок», Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Человек с большой буквы», «Елге қадiрлi есiм», «Басты мақсат — сапалы қызмет көрсету», Сандықтау ауданының мемлекеттiк мұрағаты «Нам есть за что быть благодарными», Целиноград ауданының мемлекеттiк мұрағаты «И в труде он, как в бою» және т.б. мақалаларды жариялады.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен Алғыс айту күнiне орай «Менiң үйiм! Менiң тағдырым! Менiң Қазақстаным!» фотоқұжаттық көрмесi (1937-2012 жылдар бойынша 86 жәдiгер) ұйымдастырылды.

Ерейментау ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — «Тарихи ракурс» көрмесi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — «Е.Айтқожинға — 85 жыл», «Олардың есiмiмен көшелер аталған» көрмелерi.

Қорғалжын ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — «Туған өлке тарихы».

Сандықтау ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — «Алғыстың шегi жоқ».

Барлығы 6 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң оқушылары үшiн «Депортация» тақырыбына сабақ өткiзiлдi. Сандық тау ауданының мемлекеттiк мұрағатымен «Нам есть за что быть благодарными» экскурсиясы өткiзiлдi, «Ұлт жоспары — қазақстандық тағдырға бастар жол» тақырыбына орта мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткiзiлдi. Қорғалжын ауданының мемлекеттiк мұрағатымен мектеп оқушыларымен «Туған өлке тарихы» тақырыбына экскурсия өткiзiлдi.

Бiрiншi тоқсанда барлығы 4 экскурсия, 5 сабақ өткiзiлдi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранымдарды орындау: тақырыптық — 138, әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 5390, генеологиялық — 10.

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi орындауды жақсарту және жылдамдату мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен «Мемлекеттiк мұрағат кеңес бередi» ақпараттық науқаны ұйымдастырылды, ол Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның № 1 («ХҚКО» РМК) филиалында өткiзiлдi.

Есептiк кезеңде барлығы 27 зерттеушi, 84 бару тiркелген, жұмыс үшiн 5004 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Система образования Акмолинской области за 1920-1997 годы», «Социально-экономическое положение в 20-е годы», халықты жазалау және оларды Солтүстiк Қазақстанға қоныс аударту туралы, генеалогиялық зерттеулер және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат.
Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру.
Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Мұрағат қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Аудан әкiмдерiнiң аппараттық кеңестерiнде ұйымдар мен мекемелерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесi бойынша Аршалы, Еңбекшiлдер аудандарының мемлекеттiк мұрағат директорлары сөз сөйледi.

Барлық мұрағат мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Қосымша: 2016 жылғы 1-тоқсан бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.04.2016 18:05
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59