A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаттарының 2017 жылғы бірінші тоқсан бойынша жұмысы туралы»

Ақмола облысының
мемлекеттiк мұрағаттарының
2017 жылғы бiрiншi тоқсан
бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде басқарманың, облыстың барлық мұрағат мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Комитеттiң нұсқауларын, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындауға бағытталды.

2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшiншi жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабылеттiлiк» Қазақстан халқына Жолдауының шығуымен байланысты облыстың архив саласында Жолдауды зерттеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер рәсiмделдi.

Басқармада жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 10 наурызында облыстың мемлекеттiк мұрағаттар директорларымен «Ақмола облысы мемлекеттiк архивтiк мекемелердiң 2016 жыл үшiн жұмыс туралы және алда тұрған 2017 жылғы мiндеттер туралы» кеңес өткiзiлдi.

17 наурызда Ақмола облысы және Солтүстiк Қазақстан аймағы тарихы, мұрағаттануымен және археографиясымен айналысып жүрген тарихшылардың, зерттеушiлердiң, өлкетанушылардың қатысуымен «Қазақстан тарихындағы архивтiк мекемелердiң рөлi» атты аймақтық ғылыми-тәжiрибелiк конференция ұйымдастырылды.

Облыстың архив қызметiнiң жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк мұрағаттардың сайттары қызмет етiп, есептiк мерзiм iшiнде басқарма сайтында 768 кiру белгiленген.

Архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен «Халыққа қызмет көрсету» Департаментiнiң базасында «ХҚК департаменттерi бөлiмшелерi арқылы «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетудiң мәселелерi мен олардың шешу жолдары» атты бiрыңғай отырыс ұйымдастырылды.

Архивтiк құжаттардың шамадан тыс жүктемесi мен қабылдауды азайту үшiн Бұланды аудандық мемлекеттiк ауданына қосымша бөлменi жалға алу (54,4 ш.м.) арқылы архив қоймасы аудандарын ұлғайту бойынша мәселелер шешiлдi; Целиноград аудандық мемлекеттiк архив орнынан ауыстырылып, жалпы ауданы 324,12 ш.м. ауданы бар ғимараттың бiрiншi қабатына көшiрiлдi (ауданның ұлғаюы 124,12 ш.м. құрады).

Басқарма мемлекеттiк мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен әрекеттестiк орнату және нығайту бойынша жұмыс жүргiзуде, бұл орайда насихаттау және мәдени-ағарту жұмыстарына үлкен көңiл бөлiнедi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2017 жылғы 01 сәуiрдегi жағдай бойынша 2040 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 2492 парақтан тұратын 1090 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 86 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 15874 iстiң, 272 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 15263 iс қатырмаланды.

174 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау.

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 3 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша iстер тiзiмдемесi, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 1246 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 2083, жеке тектiк — 35, 89 фотоқұжатты, 148 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 27865 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 2022; жеке тектiк — 45; 82 фотоқұжат келiп түстi.

Дала Ертiсмаңында кеңестiк билiк орнауының белсендi қатысушысы, орден иегерi, Сандықтау ауданының қоғам қайраткерi — Шуховцов Василий Михайловичтiң жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк мұрағаттары жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 98 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (53 және тиiсiнше 59).

Мемлекеттiк мұрағаттар қызметкерлерiмен 9 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 170 жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Мемлекеттiк мұрағаттар 25 семинар-кеңес ұйымдастырып өткiздi: облыстық архивпен мәдениет басқармасының құрылымдық бөлiмшелерiнiң кадрлар қызметiнiң жұмысшылары үшiн «Ұйым iстерiнiң номенклатурасын құрастыру, iстердi толтыру тәртiбi»; Көкшетау қаласы мемлекетiк архивi денсаулықсақтау жүйесiнiң iсжүргiзушiлерiмен бiрге iсжүргiзу сұрақтары, iстердi құрастыру және олардың ведомстволық сақтау кезеңiнде сақталу мәселелерi бойынша Ақкөл, Аршалы, Жақсы аудандарының ауылдық округтерiнiң мамандарымен құжаттау мен құжаттамаларды басқару, құжаттарды ведомстволық сақтау және т.б. тақырыптары.

Ақмола облысы мемлекеттiк архивiмен мекемелер мен ұйымдардың паспортизациясы қорытындысы бойынша «Үздiк ведомстволық архив» конкурсы ұйымдастырылды.

Облыстық барлық мемлекеттiк мұрағаттары ай сайын ХҚКО жұмысшыларымен «Архив құжаттарын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзедi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.
Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 754 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi, тұрақты сақтау iстерi тiзiмдемелерiнiң — 255 сақтау бiрлiгi, жеке тектiк құрам бойынша — 110 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 396 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 687 карточка енгiзiлдi.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 1047 келiсiм-шарт — 27 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың ақпараттық технологиялар бөлiмi 191 сақтау бiрлiгiн сканерледi. («Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 22970 парақ. 22970 суреттiң сандық мәлiметтерiне өңдеу жүргiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк мұрағатпен 280 тек енгiзiлдi.

Мемлекеттiк мұрағаттар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 30 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк мұрағат облыстық газетте 5 мақала жариялады «Эвакуация, депортация и научные открытия», «Прерванный бег», «Солдат двух войн…», «Акмолинская область между двух революций»; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 3 мақала жарияланды «У нас бесплатно…», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Личность», Атбасар қаласының мемлекеттiк архивiмен «Неутомимый и преданный делу», Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiмен «Ардагерлердi ардақтайық», және т.б.

Облыстық архивпен келесi көрмелер ұйымдастырылды: Ақмола облысы ардагерлер Кеңесi құрылуының 30 жылдығына орай «Ветераны — наша гордость» көрмес; Наурыз мейрамын тойлау барысында «Праздник весны и изобилия» көрмесi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — Ұлы Отан Соғысы ардагерi Қабдрашит Рахымжановтың 95 жылдығына арналған көрмелерi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк мұрағатымен — «Не утратить связь времен» көрмесi.

Барлығы 16 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архивпен «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме бойынша 3 экскурсия өткiздi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, Красный Яр селосы №2 орта мектебiнiң оқушыларына «Тарихи жадтың дереккөзi» («Источник исторической памяти»), «Қала көшелерi бойынша саяхат» («Путешествия по улицам города») атты тақырыптарда 4 сабақ өткiзiлдi.

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiмен «Iсжүргiзу және архивтiк iс» тобының колледж студенттерiне «Архивист — кәсiбi» («Профессия — архивист») тақырыбында, Ақкөл ауданы мемлекеттiк архивiмен №1 Ақкөл аудандық балалар үйiнiң 6-8 сынып оқушыларына «Менiң болашақ мамандығым — архивист» («Моя будущая профессия — архивист») тақырыбында экскурсия жүргiзiлдi.

Бiрiншi тоқсанда барлығы 14 экскурсия, 17 сабақ өткiзiлдi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранымдарды орындау: тақырыптық — 133 (оның iшiнде 116 — оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 5885 (оның iшiнде 4036 — оң нәтижелi), генеологиялық — 7 (оның iшiнде 6 — оң нәтижелi). 1058 — терiс нәтижелi, 791 — профильдi емес. 5885 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi; ХҚК арқылы — 1913 (32%), «электронды үкiмет» порталы арқылы — 2295 (39,0%), пошталық байланыс арқылы — 1677 (28,5%).

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi орындауды жақсарту және жылдамдату мақсатында Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатымен «Мемлекеттiк мұрағат кеңес бередi» ақпараттық науқаны ұйымдастырылды, ол Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның № 1 («ХҚКО» РМК) филиалында өткiзiлдi.

Есептiк кезеңде барлығы 23 зерттеушi, 71 бару тiркелген, жұмыс үшiн 6182 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: Көкшетау уездiнде Кеңес билiгiнiң орнауы, 1916 жылы Ақмола облысындағы көтерiлiс, Солтүстiк Қазақстанда көпұлтты тұрғындардың қалыптасуы және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Мұрағат қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Аудан әкiмдерiнiң аппараттық кеңестерiнде Ақкөл ауданы мемлекеттiк мұрағат директоры 2016 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде сөз сөйледi.

Алғыс айту күнiне орай басқармада этномәдени бiрлестiктерi өкiлдерiнiң қатысуымен «Бiр халық — бiр ел — бiр тағдыр» атты iс-шара ұйымдастырылды.

Барлық мұрағат мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Архивтiк iс ардагерлерi мен жұмысшыларының әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Қосымша: 2017 жылғы 1-тоқсан бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.

Басқарма басшысы                                           М. Тохаева

Комментарии



Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.04.2017 13:30
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59