Қазақша
2018 жылдың 1 тоқсанына Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Есептiк кезеңде басқарманың, облыстың барлық архив мекемелерiнiң қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң нұсқауларын, облыс әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындауға бағытталды.

2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан халқына Жолдауының шығуымен байланысты облыстың архив саласында Жолдауды зерттеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер рәсiмделдi. Басқарма басшысы ақпараттық-насихат тобының құрамында Бурабай және Жақсы аудандарының ауылдық округтерiне iс сапарға шықты.

28 ақпан 01 наурыз аралығында басқарма Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бойынша министрлiгiмен өткiзiлген республикалық лаңкестiкке қарсы оқуларға қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында», «Өдке тарихы — ел тарихы», «Тарих беттерiнен» үш жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының 9 отырысы өткiзiлдi.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында «Ақмола облысы архив құжаттарында» бiрiншi жобасының тұсау кесерi болды, жүзеге асыру шегiнде жалпы 1581 адам қамтылған 96 экскурсия өткiзiлдi.

«Жас зерттеушi» клубы құрылды, қағидасы, клубтық жұмыс жоспары әзiрлендi, ғылыми-зерттеу жобаларын жазуға тақырыптары анықталды, ғылыми-зерттеу жобалары үшiн клубтың 30 мүшесiне талондар берiлдi.

Ақмола облысының тарихы бойынша ақпараттарды анықтау және жинау үшiн архив қызметкерлерiмен ҚР ОМА Алматы қаласына 2 жұмыс сапары жасалды, нәтижесi бойынша Ақмола облысының кеңестiк кезенге дейiнгi тарихы бойынша құжаттар тандап алынды.

«Адамдар тарих ағымында» құжаттар жинағы, «Ақмола аймағының тұңғыш басшылары», «Кеңес Одағының батыры» кiтаптары дайындалды, «Ақмола облысы архив құжаттарында» кiтап-альбомымен жұмыс iстеу басталды.

Облыстың архив қызметiнiң жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтардың сайттары қызмет етiп, есептiк мерзiм iшiнде басқарма сайтында 624 кiру белгiленген.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2018 жылғы 01 сәуiрдегi жағдай бойынша 2330 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 11583 парақтан тұратын 1041 жаңғыртылды. Өшiп бара жатқан 90 парақтағы мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 15194 iстiң, 2251 фотоқұжаттың толықтығы мен жай-күйiн тексеру жүргiзiлдi. 14717 iс қатырмаланды.

164 қордың есептiк құжаттар жинағы мұқият салыстырылды, қорлардың негiзi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта рәсiмделдi.

Облыстық мемлекеттiк архивпен №1434 «Көкшетау облысы әкiмдiгiнiң жанындағы орман шаруашылық бiрлестiгi», № 1437 «Көкшетау облыстық су шаруашылығы бөлiмi» қорларының құжаттары бойынша 25 сақтау бiрлiгiндегi ерекше құнды iстер анықталды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының қалыптасуы. мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрғаттарға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау.

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-ның 6 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк, фотоқұжаттар, жеке құрам бойынша, iстер номенклатурасы қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемесiнiң көрсеткiштерi тұрақты сақтаудың 2411 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 1781, жеке тектiк — 122, 103 фотоқұжатты, 50 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 3834 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 2155; жеке тектiк — 122; 179 фотоқұжат келiп түстi.

Жауынгер-интерноционалист — С.В.Демченконың жеке тектiк құжаттары; Қаз СРО халық ағарту iсiнiң үздiгi, Қазақстан Республикасының бiлiмiнiң құрметтi қызметкерi — В.Н.Пшеничныйдың; Зерендi ауданының құрметтi азаматтары А.А.Солошенконың және И.П. Позднякованың; ардагер — И.П.Шишкиннiң жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк мұрағаттары жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңызы бар түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 193 кеңес берiлдi.

Толықтыру көздерi-мекемелерде нормативтi және әдiстемелiк құжаттар пакетiн толықтыру бойынша да жұмыс жүргiзiлуде. Ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы басшылардың бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (70 және тиiсiнше 72).

Мемлекеттiк архивтар қызметкерлерiмен 2 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 421 жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Жинақтау көздерi — ұйымдар үшiн мемлекеттiк архивтармен iс жүргiзу, iстердi құру және ведомстволық сақтау сатысында оларды сақтау, iстер номенклатурасын құру мәселерi бойынша 39 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi.

Айсайын облыстың халқын ақпараттандыру мақсатында облыстың барлық мемлекеттiк архивтерiмен «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша семинарлар өткiзiледi, есептi кезенде 24 семинар өткiзiлдi.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.

Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде басқармалық құжаттаманың 254 сақтау бiрлiгi жетiлдiрiлдi.

Басқармалық құжаттаманың 105 сақтау бiрлiгiне каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 327 карточка енгiзiлдi.

Архив қорларын ақпараттандыруды жоғарылату бойынша жұмыс жүргiзiлдi. «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту келiсiмшартардың мәлiметтер базасына 1008 келiсiм-шарт — 27 сақтау бiрлiгi енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 973 сақтау бiрлiгi сканерлендi. («Көкшетау халық депутаттарының облыстық Кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 71018 парақ. 71018 суреттiң сандық мәлiметтерiне өңдеу жүргiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивiмен 280 тек енгiзiлдi.

Целиноград облыстық ком партиясының номенклатуралық қызметкерлерiнiң атаулы каталогын құру бойынша жұмыстар жалғасуда, 250 карточка енгiзiлдi.

Мемлекеттiк архивтар мәдени-ағарту қызметiн атқара отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттарын насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк архивтердiң құжаттары бойынша 35 мақала, «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша 23 мақала жарияланды.

Облыстық мемлекеттiк архив облыстық газетте 10 мақала жариялады «Помним имя героя», «Уникальная карта области 1889 года», «Ценный артефакт», «Материалы память хранят», «С лицом бойца, с душой поэта», «Архивтегi құжаттар сыр шертедi» және басқалары.; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен 6 мақала «На службе поколений», «Память не сотрешь», «Неоспоримый вклад», Аршалы ауданының мемлекеттiк архивiмен «Его именем названа улица» және басқалары, Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен «Ветерану труда — 80 лет», Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Благодатная земля…», Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiмен «Без песни жить не представляет», Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «Первые предприятия» және басқа мақалалары жарияланды.

«Көкшетау –Қазақстан» телеарнасы: «Рухаии жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» жобасын тұсау кесерi және «Көкшетауминводы» АҚ кәсiпорнының атриумында латын тiлi бойынша архив құжаттарының көрмесi бойынша 2 сюжет шығарды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» көрмесi дайындалды.

Көкшетау қаласының мемлекетiк архивiмен — «25 лет — мгновение в истории».

Есiл ауданының мемлекеттiк архивiмен — Ақмола облысының архив қызметiнiң 95 жылдығына «Мұнда естелiк сақталады».

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Латын әлiпбиiне көшу рухани жаңғыру талабы» кһрмесi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «Сандықтау ауданы: уақыт, оқиға, адамдар», «Тарихқа қайта оралу», «Сандықтау ауданының құжаттамалық мұрасы», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнң қазақ әлiпбиi».

Барлығы 23 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архивiмен «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегi көрме бойынша 3 экскурсия өткiзiлдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiмен №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, Красный Яр селосы №2 орта мектебiнiң оқушыларына «Тарихи жадтың дерек көзi» («Источник исторической памяти»), «Қала көшелерi бойынша саяхат» («Путешествия по улицам города») атты тақырыптарда 4 сабақ өткiзiлдi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiмен «»Тарихқа қайта оралу»,

«Туған өлкенiң тарихынан оның дамуына», «Архив құжаттары бойынша латын тiлiнiң қазақ әлiпбиi», «Рухани жаңғыру — болашаққа сенiмдi көпiр», «Бiлiмдi ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында 10 экскурсия өткiзiлдi. Целиноград ауданының мемлекеттiк архивiмен Ақкөл ауылының оқушылары үшiн «Өз тарихынды есте сақта және мақтан тұт» атты 3 экскурсия өткiзiлдi, Шортандыауданының мемлекеттiк архивiмен «Қазақстанға халықтарды жер аудару» және «Шортанды ауданының тарихы» атты экскурсиялар өткiзiлдi.

Бiрiншi тоқсанда барлығы 119 экскурсия, 33 сабақ өткiзiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде облыстың аудандарында фотоқұжатамалық материалдарды жинау бойынша «Тарихты толықтырамыз», «Игiлiк үшiн жинау, сақтау және қолдану» акциясы басталып кеттi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранымдарды орындау: тақырыптық — 123 (оның iшiнде 109 — оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 5623 (оның iшiнде 4001 — оң нәтижелi), генеологиялық — 9 (оның iшiнде 3 — оң нәтижелi). 680 — терiс нәтижелi, 829 — профильдi емес. 5623 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi; ХҚКО арқылы — 1647 (29,3%), «электронды үкiмет» порталы арқылы — 1968 (35,0%), пошталық байланыс арқылы — 2008 (35,7%).

Есептiк кезеңде барлығы 122 зерттеушi, 258 бару тiркелген, жұмыс үшiн 5375 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «Солтүстiк Қазақстандағы соғыс жылдарындағы балалардың жағдайы», «Ақмола облысының ұлы жерлерi», «Архив құжаттарындағы репрессия саясаты», «Есiл ауданының топонимикалық талдануы», «Менiң туған өлкем» және басқалары.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Астрахан ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры «Мемлекеттiк архивтiн қызмет қортындылары туралы» ақпаратпен аудан әкiмi жанындағы аппараттық жиналыста сөз сөйледi.

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамына арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Архивтiк iс ардагерлерi мен жұмысшыларының әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Қосымша: 2018 жылғы 1-тоқсан бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.

Архив қызметi
бөлiмiнiң басшысы                                                                                                             Г.Филипьева

Мақаланың шыққан күні: 24.04.2018 15:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.04.2018 15:32
Қаралым саны: 997

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+