A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 мамырдағы N 247 Заңы

"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 мамырдағы N 247 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 8, 55-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 11 мамыр N 122-123 (24698)

       1-бап.  "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Мемлекеттiк мұрағаттар ақылы негiзде жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге құқылы. 
      Мемлекеттiк мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен қызметтерiне тек қана: 
      1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу және енгiзу; 
      2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу; 
      3) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазiргi заманғы негiздерiн оқыту жөнiндегi курстар мен семинарларды өткiзу; 
      4) мұрағат iстерi мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау; 
      5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiн дайындау, мәтiндерiн қалпына келтiру, микрофильмдердiң, кино құжаттарының, фото негативтерiнiң, құжаттардың түрлi-түстi слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негiздегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алу; 
      6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауда және оны жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету; 
      7) тапсырыстар (өтiнiмдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргiзу және мұрағат құжаттарының көшiрмесiн алу жатады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Президентi


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.11.2015 15:19
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59