A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1538

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1538

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 465-құжат

      "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
1999 жылғы 7 қазандағы 
N 1538 қаулысымен   
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.17 N 1863Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының (бұдан әрi - Қор) құрамына жатқызу тәртiбi, оларды есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қор - Заңда белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректi ескерткiштердiң, тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;
      2) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесi немесе мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар мүдделерi үшiн мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
      3) мұрағат қорлары - бiр-бiрiмен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттар жиынтығы;
      4) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметiнде құрылған және бiр немесе бiрнеше белгiлерi бойынша бiрiктiрiлген құжаттар жиынтығы.
      4. Қор мемлекеттiк және жеке меншiктегi құжаттардан тұрады.

2. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын
Қордың құрамына жатқызу тәртiбi

      5. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Қордың құрамына жатқызуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару уәкiлеттi мемлекеттiк органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) құжаттардың құндылығын мемлекеттiк сараптаудың негiзiнде жүзеге асырады.
      6. Республикалық меншiктегi құжаттар құндылығының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастыру үшiн уәкiлеттi орган Орталық сараптау-тексеру комиссиясын (бұдан әрi - ОСТК), коммуналдық меншiктегiлер үшiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) сараптау-тексеру комиссияларын (бұдан әрi - СТК) құрады.
      7. ОСТК туралы ереженi және оның құрамын уәкiлеттi орган бекiтедi, СТК туралы ереженi және оның құрамын жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
      8. Құжаттардың пайда болуы, мазмұны, сыртқы ерекшелiктерi оның құндылығының өлшемi болып табылады.
      9. Құжаттың құндылығын мемлекеттiк сараптау нәтижесi оң болған кезде уәкiлеттi орган құжатты Қордың құрамына жатқызу бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
      10. Уәкiлеттi орган құжаттың құндылығын мемлекеттiк сараптау қорытындысы терiс болған кезде Қордың толықтыру көздерiне Қор құрамына құжатты енгiзуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жiбередi.
      11. Қордың толықтыру көздерi СТК қорытындыларына ОСТК-ға шағым жасауы мүмкiн.
      12. Қордың мемлекеттiк меншiктегi құжаттары ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақталу сатысынан өтедi, содан соң Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк мұрағаттары мен олардың Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берiлетiн филиалдарына берiледi.
      13. Қордың жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi мiндеттемелер олардың меншiк иелерi мен уәкiлеттi орган қол қоятын шарттарда тiркеледi.
      14. Қордың құжаттарын және олардың сақтандыру көшiрмелерiн мемлекеттiк, ведомстволық және жеке мұрағаттарда тұрақты және уақытша сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды
Қордың құрамынан шығару тәртiбi

      15. Құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығаруды құжаттың құндылығын мемлекеттiк сараптау негiзiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      16. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса, құжаттарды, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларды Қордың құрамынан шығару мiндеттi болып табылады.
      Қордың құрамынан саяси және идеологиялық пiкiрлерге байланысты шығаруға тыйым салынады.
      17. Қордың құжаттарын тұрақты сақтауға айрықша құқық берiлетiн мемлекеттiк мұрағаттар уәкiлеттi органға құжатты Қордың құрамынан шығару туралы өтiнiш жолдайды.
      18. Уәкiлеттi орган ОСТК немесе СТК оң қорытындыларының негiзiнде құжатты Қордың құрамынан шығару туралы шешiм қабылдайды.
      Құжаттың құндылығын мемлекеттiк сараптау нәтижесi терiс болған кезде мемлекеттiк мұрағаттарға құжатты Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолданады.
      19. СТК қорытындыларына мемлекеттiк мұрағаттар ОСТК-ға шағым жасауы мүмкiн.

4. Қордың құжаттарын есепке алу және сақтауды ұйымдастыру
тәртiбi

      20. Қор құжаттарының меншiк нысандарына қарамастан, олар орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
      21. Қордың құжаттарын мемлекеттiк есепке алу тәртiбi орталықтандыру, бiрiздендiру, реттiлiк, толымдылық пен шынайылық қағидаттарына негiзделедi.
      22. Қордың құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.11.2015 15:35
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59