A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Үздік мұрағатшысы – 2016» облыстық байқауы

Жұмыс күнiнiң екiншi жартысында Зерендi ауданының Мәдениет үйiнде архивтер мен құжаттамалар басқармасы алғаш рет «Ақмола облысының үздiк мұрағатшысы — 2016» облыстық байқауын өткiздi, байқаудың мақсаты Ақмола облысының архив қызметi жұмысшыларының беделiн, маңызы мен кәсiби шеберлiгiн арттыру, қазақстандық патриотизм сезiмiн тәрбиелеу болып табылды.

Iрiктеу кезеңiнiң қорытындысы бойынша байқау финалында 9 мұрағатшы қатысты. Байқау бес аталымнан тұрды: «Өзiн-өзi таныстыру», «Мұрағат — тарих қоймасы», «Мен кәсiпқоймын», «Бiз — қазақстандықпыз», «Шабыт».

Байқау қорытындысы бойынша Зерендi ауданының мемлекеттiк архивiнiң мұрағатшысы — Динара Елубайқызы Азнабаева гран-при және жеңiмпаз лентасына ие болды; 1 орын — Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiнiң мұрағатшысы Татьяна Михайловна Павловаға; 2 орын — Жарқайың ауданының мемлекеттiк архивiнiң мұрағатшысы Надежда Викторовна Ложкинаға; 3 орын — облыстық мемлекеттiк архивтiң мұрағатшысы Әсем Болатқызы Хасеноваға берiлдi. Зерендi ауданы әкiмiнiң сыйына Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң мұрағатшысы Дина Зайнулловна Рогова ие болды.

Байқаудың барлық қатысушылары мен жүлдегерлерi дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған iс-шараның демеушiлерi «Той Дастархан» ЖШС-нiң директоры, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi — Елена Ивановна Мащинская, «Нұр-Отан» партиясының Зерендi аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары — Әлия Аманжолқызы Таласбаева, «Рейн» ЖШС-нiң директоры — Павел Павлович Кельм, Зерендi ауданы Бұлақ ауылдық округының әкiмi Оралбек Қожабекұлы Бекiшев болды.

 

 


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.10.2016 18:01
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59