Қазақша
Оқыту семинары.

2017 жылғы 10 қараша Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасында Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi, «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» Ақмола облысы бойынша департаментi, «Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң» департаментi мамандарының қатысуымен «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша оқыту семинары өттi.

Семинарға қатысушылар халықтың «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетудiң сапасына қанағаттану деңгейiн жақсарту мәселелерiн талқылады.

Аталған семинардың барысында сындарлы әрi құнарлы диалог орын алды.

Мақаланың шыққан күні: 17.11.2017 12:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 12:12
Қаралым саны: 976

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+