A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысы туралы есебі»

Ақмола облысының
мемлекеттiк архив мекемелерiнiң
2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығы
бойынша жұмысы туралы

1. Архив iсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу

Басқарманың, облыстың барлық архив мекемелерiнiң есептiк кезеңдегi қызметi негiзгi iс-шаралар жоспарының көрсеткiштерiн, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiнiң саланы дамытудың негiзгi мәселелерi бойынша нұсқауларын, облыс әкiмдiгi тапсырмалары мен нұсқамаларын орындауға бағытталды.

2017 жылғы 31 қаңтар Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Қазақстан халқына Жолдауының шығуына байланысты облыстың архив саласында оны зерделеу және талқылау бойынша ұйымдастыру iс-шаралары өткiзiлдi, стендтер ресiмделдi.

Жұмыс жоспарына сәйкес басқармада а.ж. 10 наурызы облыс мемлекеттiк архивтерi директорларымен «Ақмола облысының мемлекеттiк архив мекемелерiнiң 2016 жыл бойынша жұмысы және алға қойылған мiндеттер туралы» алқа отырыс өткiзiлдi.

17 наурыз Қазақстанның Солтүстiк өңiрi мен Ақмола облысының архивтану, археография және тарихы саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын тарихшы-ғалымдардың, зерттеушiлердiң, өлкетанушылардың қатысуымен «Архив мекемелерiнiң Қазақстан тарихындағы рөлi» ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы өттi.

Облыстың архивтiк қызметiн ақпараттық қамсыздандыру үшiн басқарма мен барлық мемлекеттiк архивтердiң сайттары жұмыс iстейдi және олардың мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс әрдайым жүргiзлiп отырады.

Архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң базасында «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн ХҚКО департаментi бөлiмшелерi арқылы көрсетудiң күрделi мәселелерi және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша бiрлескен кеңес өткiзiлдi.

2017 жылғы 07 маусым облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi Архивтер күнiне орай адамдар көп жиналатын жерлерде «Архив кеңес бередi» науқаны өттi. Науқандар әдемi баннерлермен рәсiмделiп, қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылды.

Басқарма 2017-2021 жылдарға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтiзбесiн дайындады.

Архивтiк құжаттарды қабылдау үшiн келесi мемлекеттiк архивтердiң архив қоймасына арналған алаңдарын үлкейту бойынша мәселелер шешiлдi: Бұланды ауданының мемлекеттiк архивiне қосымша үй-жай жалға алу есебiнен (58,4 шаршы метр); Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi сол ғимараттың жалпы ауданы 324,12 шаршы метр бiрiншi қабатына ауыстырылып орналастырылды (ауданның үлкеюi 124,12 шаршы метрдi құрайды). Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiне ауданы 525 шаршы метр ғимарат сатып алынды.

Егiндiкөл, Бурабай, Жарқайың және Қорғалжын аудандарының мемлекеттiк архивтерiне ұйымдастыру мәселелерiмен және кешендi тексерулер жүргiзу мақсатымен iссапарлар жүзеге асырылды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2017 жылғы 01 шiлдеге дейiн 4546 сақтау бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылды, оның iшiнде жалпы көлемi 4682 бет 2157 сақтау бiрлiгi жаңартылды. 178 беттегi өңi өшiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Қағаз негiздегi 31329 iстiң, 667 фотоқұжаттың бар болуына және табиғи жағдайына тексерiс жүргiзiлдi. 41903 iс картондалды.

210 қордың есептiк құжаттар жинағы салыстырылды, қорлардың негiзгi беттерi, тарихи анықтамалары қайта құрылды, карточкалары мен беттерi қайта ресiмделдi.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету аясында Еңбекшiлдер, Жарқайың аудандарының мемлекеттiк архивтерiнде күзет дабылдамасы орнатылды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорын қалыптастыру. Ведомстволық архивтерге және мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзуiнде құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық ету

Есептiк кезеңде басқарма СТӘК-тiң 6 отырысы өттi, онда басқармалық құжаттаманың, жеке тектiк iстердiң тiзiмдемелерi, фотоқұжаттар, жеке тектiк iстер тiзiмдемелерi, iстер номенклатуралары қаралды.

СТӘК-пен бекiтiлген iстер тiзiмдемелерiнiң көрсеткiштерi: тұрақты сақтаудағы 6074 сақтау бiрлiгiн, жеке құрам бойынша — 15545, 163 жеке тектiк, 278 фотоқұжатты, 876 сот iсiн құрады.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк сақтауға басқармалық құжаттаманың 8768 сақтау бiрлiгi; жеке құрам бойынша — 13068; 217 жеке тектiк, 296 фотоқұжат келiп түстi.

Қаз. КСР халық ағарту үздiгi, еңбек ардагерi — Иван Сергеевич Климошенконың; Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерi, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесi, еңбек ардагерi — Сайлау Көшкенұлының; тұңғыш қазақ инженер-энергетик, КСРО энергетика және электрофикация үздiгi — Рақымбек Мәлiкұлы Сабатаевтың; Қазақстан Республикасының Құрметтi бiлiм беру жұмысшысы, Қазақстан Республикасы ТЖМ Құрметтi ардагерi, Қазақстан Республикасы IIМ отставкадағы полковнигi — Хабибола Хамитұлы Ғазизовтiң; Зерендi ауданының Ұлы Отан соғысының ардагерi — Қыныбай Жаныбаевтың; Есiл маңында Кеңестiк билiктi орнатудың белсендi қатысушысы, орден иегерi, Сандықтау ауданының қоғам қайраткерi — Василий Михайлович Шуховцовтың жеке тектiк құжаттары қабылданды.

Басқарма мамандарымен және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысшыларымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық маңыздағы түрлi мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерi бойынша 196 кеңес берiлдi.

Жинақтау көздерi — мекемелердегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар пакетiн жинақтау бойынша да жұмыс жүргiзiледi. Басшылардың ұйымдарда тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау комиссияларын құру туралы бұйрықтары шықты, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелер бекiтiлдi (сәйкесiнше 63 және 69).

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен 15 iстер номенклатурасы әзiрлендi, 235 iстер номенклатурасы, iс жүргiзу бойынша 16 нұсқаулық жетiлдiрiлдi және келiсiлдi.

Мемлекеттiк архивтермен 80 семинар-кеңес ұйымдастырылды және өткiзiлдi: облыстық мемлекеттiк архив мәдениет басқармасының құрылымдық бөлiмшелерiнiң кадрлық қызмет жұмысшылары үшiн «Ұйымның iстер номенклатурасын құру, iстердi ресiмдеу тәртiбi»; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi денсаулық сақтау жүйесiнiң iс жүргiзушiлерiмен iс жүргiзу, iстердi және олардың ведомстволық сақтау деңгейiнде сақталуын қалыптастыру мәселелерi бойынша; Ақкөл, Аршалы, Жақсы аудандарының мемлекеттiк архивтерi ауылдық округ мамандарымен құжаттау және құжаттаманы басқару, құжаттарды ведомстволық сақтау тақырыбында және т.б. мәселелер бойынша семинарлар өткiзiлдi.

Ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуы бойынша жұмысты iске асыру мақсатымен директорлар ауылдық округтерге барады, акциялар, семинарлар өткiзiледi.

Ай сайын облыстың барлық мемлекеттiк архивтерi ХҚКО жұмысшыларымен «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi.

Мекемелер мен ұйымдарды төлқұжаттау нәтижесi бойынша Ақмола облысының мемлекеттiк архивi «Үздiк ведомстволық архив» байқауын өткiздi, байқау жеңiмпаздары «Ақмола облыстық соты» ММ, «Ақмола облысы бойынша статистика департаментi» РММ және «Қазақстан Халық Банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы атанды.

4. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру.

Ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Есептiк кезеңде тұрақты сақтаудағы — 19 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша — 840 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi жетiлдiрiлдi, тұрақты сақтаудағы 836 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 110 сақт.бiрл. iстер тiзiмдемесi қайта өңделдi.

Басқармалық құжаттаманың 968 сақт.бiрл. каталогтау жүргiзiлдi, жүйелiк каталогқа 1112 карточка енгiзiлдi.

Архивтiк қорларды ақпараттандыруды арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту келiсiм шарттарының мәлiметтер базасына «Көкшетау қалалық мемлекеттiк нотариалдық кеңсесi» қоры бойынша 2053 келiсiм шарт — 49 сақт.бiрл. енгiзiлдi.

Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотоқұжаттардың электрондық базасына 32 бiрлiк фотоқұжат енгiзiлдi.

Облыстық мемлекеттiк архивтiң ақпараттық технологиялар бөлiмiмен 628 сақт.бiрл. («Көкшетау облыстық Халықтық депутаттар кеңесi және оның атқарушы комитетi» қоры) — 52193 бет сканерден өткiзiлдi. Сандық мәлiметтер — 52193 суретке өңдеу жүргiзiлдi.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына облыстық мемлекеттiк архивпен 580 тек енгiзiлдi.

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi мемлекеттiк архивте сақтауда жатқан 1917-2016 жылдардағы қорлар бойынша жолсiлтеме құрды.

Мемлекеттiк архивтер мәдени-ағарту қызметiн атқара отыра, архивтiк құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттайды, көрмелер, сабақтар ұйымдастырады.

Есептiк кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 73 мақала жарияланды.

Облыстық газеттерде облыстық мемлекеттiк архив 17 мақала жариялады:

«Эвакуация, депортация и научные открытия», «Прерванный бег», «Солдат двух войн…», «Акмолинская область между двух революций», «Их Родиной стал Казахстан», «Архивные свидетельства о спецпереселенцах», «Благодаря архивам я узнал свое имя», «Ұлы нәубет: қасыретi мен тағыры» и др.; Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi 7 мақала «У нас бесплатно…», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», «Личность», «Құжаттарды сақтаумен бiрге есебiн жүргiзу», Горький период истории»; Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi «Неутомимый и преданный делу», «Атбасар: майданда, тылда», Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi — «Жеңiмпаздар рухына», «Казахстан — моя вторая Родина», «Балалардың күлкiсi — ол шынайы бақыт», «О прошлом для настоящего и будущего»; Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi «Родник исторической памяти»; Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi «Ардагерлердi ардақтайық», «Наш долг — служение народу!», Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi «По волнам нашей памяти», «По документам военных лет», «Документальное наследие», госархивом Целиноградского района «Мұрағаттан мәлiмет алыңыз», «Герои — наши земляки» және т.б. мақалаларын жариялады.

Облыстық мемлекеттiк архив Ақмола облыстық ардагерлер кеңесiнiң 30 жылдығына «Ветераны — наша гордость»; Наурыз мейрамын мерекелеуге орай «Праздник весны и изобилия» ; Комсомол, партия еңбеккерi, қоғам қайраткерi Геннадий Николаевич Матросовтың жеке тектiк қоры бойынша «Личность»; «Акмолинские дивизии на фронтах Великой Отечественной войны»; Халықаралық архивтер күнiне «Хранители памяти» көрмелерiн;

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi — саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне «О прошлом для будущего»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Туған жердiң Мемлекеттiк рәмiздерi» көрмелерiн;

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi — Жеңiс күнiне «Память пылающих лет»; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына «Ту, елтаңба, әнұран — тiрегiмiз, туған жер деп соғады жүрегiмiз» көрмелерiн;

Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi Ұлы Отан соғысының ардагерi Қабдiрашид Рақымжановтың 95 жылдығына жеке тектiк қоры бойынша көрме;

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi — «Не утратить связь времен», «Документальное наследие Сандыктауского района» көрмелерiн ұйымдастырды.

Барлығы 40 фотоқұжаттық көрме дайындалды.

Облыстық мемлекеттiк архив 17 сәуiр Ж. Мусин атындағы қазақ педагогика колледжiнiң оқытушылары мен студенттерiнiң қатысуымен «Алаш» саяси партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және рухани жаңғыру» «дөңгелек үстелiн»; 26 маусым Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы сараптау тобының мүшесiнiң, Көкшетау қаласы ғалымдары мен қоғамының қатысуымен Ақмола облысындағы «Туған жер» бағдарламасының ақпараттық қозғалысының аясында өткiзiлiп жатқан «Туған жер» бағдарламасы — жалпыхалықтық патриотизм негiзi» «дөңгелек үстелiн» өткiздi.

Облыстық мемлекеттiк архив 28 экскурсия өткiздi, оның iшiнде 8 экскурсия 300-ден астам адам қатысқан тұрақты жұмыс iстейтiн «Ақмола облысы архивтiк құжаттарда» көрмесi бойынша.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi № 13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясының, Красный Яр селосының № 2 орта мектебiнiң оқушылары үшiн «Источник исторической памяти», «Путешествие по улицам города» тақырыптарында 4 сабақ өткiздi.

Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi колледждiң «Iс жүргiзу және архив iсi» тобының студенттерiмен архивте «Профессия — архивист» тақырыбында экскурсия; Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi № 1 Ақкөл балалар үйiнiң 6-8 сынып оқушылары үшiн «Моя будущая профессия — архивист» тақырыбында экскурсия өткiздi.

Бiрiншi жартыжылдықта барлығы 58 экскурсия, 46 сабақ өткiзiлдi.

Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi аудандық жастар форумының қатысушылары үшiн «Архив — кладовая истории района» дәрiсiн, Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi «Об истории создания и историческом значении партии Алаш» дәрiсiн өткiздi.

Ұйымдар мен азаматтардың сұранымдарын уақытында және сапалы орындау мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi. Сұранымдарды орындау: тақырыптық — 344 (оның iшiнде 306 оң нәтижелi), әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 12772 (оның iшiнде 8973 оң нәтижелi), генеологиялық — 38 (20 оң нәтижелi), терiс жауапты — 2344, бейiнсiз — 1455 сұраным.

Есептiк кезеңде барлығы 61 зерттеушi, 100 бару тiркелген, жұмыс үшiн 11711 сақтау бiрлiгi берiлген. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: Көкшетау уездiнде Кеңестiк билiктiң орнауы, Ақмола облысындағы 1916 жылғы көтерiлiс, Солтүстiк Қазақстанның көпұлтты халқының қалыптасуы және т.б.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Басқармада қызметтiң негiзгi мәселелерi бойынша оперативтi және жоспарлы аппараттық кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп тұрады. Директивтi құжаттарды, әкiмнiң тапсырмаларын, жоғарыда тұрған органдардың және дербес шешiмдердi, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiн орындауды бақылаудың кезектi нәтижелерi шықты.

Архив қызметкерлерiнiң iскери және мамандық бiлiктiлiктерiн арттыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, аппараттық оқудың ай сайынғы сабақтары өткiзiледi, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезектi үндеуi зерттелдi, стендтер рәсiмделдi.

Архивтiк қызмет мамандары мен директорларының бiлiктiлiктерiн арттыру мақсатымен олардың «Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығында» оқуы жүргiзiлдi. Жыл басынан архив мекемелерiнiң 28 қызметкерi бiлiктiлiктерiн арттырды және сертификат алды. А.ж. тамызында тағы 30 архив жұмысшысын бiлiктiлiк жетiлдiру курсынан өткiзу жоспарланған.

Алғыс айту күнiне орай басқармада этномәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуымен «Бiр халық — бiр ел — бiр тағдыр» iс-шарасы өткiзiлдi.

Барлық архив мекемелерi Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күнi, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқы бiрлiгi күнiне, Жеңiс күнiне, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар шеңберiнде салтанатты жиындар, мерекелiк концерттер, дөңгелек үстелдер, сайыстар өткiздi, архив қызметiнiң ардагерлерiн құттықтады және т.б.

Басқарма архив қызметiнiң 9 қызметкерiн аттестациядан өткiздi.

Архив iсiнiң жұмысшылары мен ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне көңiл бөлiнедi.

Қосымша: 2017 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша Ақмола облысындағы қызметтiң негiзгi бағыттары мен нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 3 бетте 1 данада.

Басқарма басшысы                                                                                             М. Тохаева

Орынд. Филипьева Г.М.
тел.8 (7162)315661


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.07.2017 17:31
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59