A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2017 жылғы 1-тоқсанда атқарған жұмыс туралы есеп

1)Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерi «Архивтiк анықтамалар беру» бiр мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру www.e.gov.kz «Электрондық үкiмет» порталы арқылы, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» арқылы, сондай-ақ қызмет көрсетушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2)Мемлекеттiк қызмет әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы келесi мәлiметтер: жұмыс өтiлi, жалақы мөлшерi, жасы, отбасының құрамы, бiлiмi, марапатталғаны, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлуi, жазатайым оқиға, емделуде немесе қоныс аударуда болуы, қуғын-сүргiнге ұшырағаны, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлiмдер мен құралымдардағы қызметi, экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, бас бостандығынан айыру жерлерiнде болғаны, азаматтық хал актiлерi, құқық берушi және сәйкестендiру жөнiндегi мәлiметтер бойынша архивтiк құжаттар негiзiнде көрсетiледi.

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi.

«Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша ақпарат:

2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша мемлекеттiк архивтер барлығы 6309 мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» арқылы — 2084 (33,0%), «Электрондық үкiмет» порталы арқылы — 2478 (39,3%), облыстың мемлекеттiк архивтерiмен (пошталық байланыс) — 1747 (27,7%) көрсетiлген.

2017 жылдың бiрiншi тоқсаны бойынша: мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша — 51, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша — 13 iс-шара өткiзiлдi, соның iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша — 22, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша -1 мақала жарияланды, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша — 26, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша — 11 семинар, дөңгелек үстел өткiзiлдi; мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша — 2, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша — 1 акция өткiзiлдi.

Бас маман                                                                                                                Жақыпова Д.

18 апреля 2017 года


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.05.2017 18:32
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59