A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 30 наурыздағы
№А-5/141қаулысымен
бекiтiлдi

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Жалпы ережелер

1.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi архив iсi және құжаттау саласындағы басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң осы ереженiң қосымшасында көрсетiлген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

3.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңба, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

5.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9.Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Баймұқанов көшесi, 23.

10.Мемлекеттiк органның толық атауы:«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

11.Осы Ереже «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.

12.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

13.«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттемелерi

14. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: қызметiнiң мақсаты облыс аумағында архив iсi және құжаттардың құрылуына қатысты бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

15. Мiндетi: облыс аумағында архив iсiн мемлекеттiк басқару.

16. Функциялары:

облыстың мемлекеттiк архивтерiне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорықұжаттарынсақтауды, толықтыруды жәнепайдалануды ұйымдастыру;

облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарына мемлекеттiк есеп жүргiзу және сақталуын қамтамасыз ету;

құжаттардың ғылыми және тәжiрибелiк құндылығына сараптама ұйымдастыру;

облыстың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша мәлiметтер базасын қалыптастыру;

облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;

жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;

облыс аумағында орналасқан тарихи жәнемәдени құжаттық

ескерткiштердi қорғау, оларды сақтау және қолдану;

сараптау-тексеру комиссиясын құру және ереженi бекiту;

Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;

облыс тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;

«Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету;

«Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету бойынша мемлекеттiк архивтердiң қызметтерiн үйлестiру.

17. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi:

мемлекеттiк архивтердiң құрылымы мен жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

мемлекеттiк архивтердiң жұмысын тексеруге;

меншiк түрiне қарамастан, ұйымдар, мемлекеттiк органдарданведомстволық архивтер жұмысы мен құжаттаманы басқару қызметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының жағдайы, мемлекеттiк есепке алынған және оларда сақталудағы тарихи, мәдени ескерткiштер құжаттары туралы қажеттi материалдар алу;

ұйымдардың өкiлдерiн ведомстволық архивтер жұмысы және құжаттаманы басқару қызметтерiнiңмәселелерi бойынша тыңдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

18. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшылығын «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң және қызметтердiң орындалуына дербес жауапты болып табылатын басшы жүзеге асырады.

19. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiнiң өкiмiменқызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiгi:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне ведомстволық бағынысты облыстық, аудандық және қалалық мемлекеттiк архивтердiң басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдарда «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар

басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн бiлдiредi;

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құқықтық актiлерiне қол қояды;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн және ведомстволық бағынысты архив ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң және ведомстволық бағынысты архив ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқауллықтарын бекiтедi;

сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап бередi;

сараптау-тексеру және әдiстемелiк комиссиясының (СТӘК) жұмысын ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысыболмағанкезеңде оның өкiлеттiктерiн

қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

21. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен құрылады.

22. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақмола облысының архивтер
мен құжаттамаларбасқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ережеге қосымша

«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағындағы мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi

1)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақмола облысының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

2)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

3)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Атбасар қаласының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

4)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Степногорск қаласының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

5)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

6)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Аршалы ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

7)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Астрахан ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

8)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

9)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Бұланды ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

10)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

11)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Егiндiкөл ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

12)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Еңбекшiлдер ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

13)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Ерейментау ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

14)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Есiл ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

15)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

16)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Жарқайың ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

17)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Зерендi ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

18)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Қорғалжын ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

19)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

20)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Целиноград ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

21)Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Шортанды ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.05.2017 17:28
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59