A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей, телефондар 31 56 70; 31 56 59.  Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: www.mki.gov.kz, www.con.gov.kz, www.аrhiv.akmol.kz орналастырылған;

2). Ақмола облысы әкімінің блогына (Ақмола облысы әкімінің blog.akmo.gov.kz интернет-ресурсының «Ақмола облысы әкімінің блогына» беті);

3) 020000, Көкшетау қаласы, Абая көшесі, 83-үй мекен жайы бойынша орналасқан Ақмола облысы әкімінің ғимаратында шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

4) жазбаша шағыммен 020000, Көкшетау қаласы, Абая көшесі, 83-үй мекен жайы бойынша орналасқан Ақмола облысы әкімінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.12.2015 15:40
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59