Қазақша
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлке тарихы – ел тарихы» кіші жобасы презентациясының

2018 жылдың 17 шiлдесiнде сағат 15. 00-де «Достар» Мәдениет үйiнде Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасымен ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы — ел тарихы» екiншi жобасының презентациясы өткiзiлдi.

Iс-шараға Ақмола облысының архив қызметкерлерi, мемлекеттiк органдардың, ардагерлер мен жастар ұйымдарының, этномәдени бiрлестiктердiң, оқу орындарының, БАҚ өкiлдерi қатысты.

Презентацияның құттықтау сөзбен Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Мүсiрәлiмова Айна Ермекқызы ашты, ол өз сөзiнде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында патриотизмге баулудың маңызын атап өте келе «Туған жерге, оның мәдениетi мен салт-дәс­түрлерiне айрықша iңкәрлiкпен атсалысу — шынайы патриотизмнiң маңызды көрiнiстерiнiң бiрi. Бұл кез келген халықты әншейiн бiрiге салған қауым емес, шын мәнiндегi ұлт ететiн мәдени- генетикалық кодының негiзi. Бiздiң бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгiрген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бiздi қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннiң қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас еттi.

Патриотизмнiң ең үздiк көрiнiсi — бұл туған өлке тарихын зерттеу. Себебi кiшi отаннан туған елге — Қазақстанға деген сүйiспеншiлiк туындайды» деген сөздерiн тiлге тиек еттi.

Сонымен бiрге «Өлке тарихы — Ел тарихы» көрмесi бай тарихи құндылыққа ие екенi аталып өтiлдi, өйткенi Туған жер сен қандай ұлт өкiлi болсаң да, сен дүниеге келген жер болып саналады, алғаш күннен бастап Туған жер сен үшiн ерекше қасиетке ие.

Мұндай жылжымалы көрменiң құндылығы оның Ақмола облысының барлық аудандарына, әрбiр ауылына дейiн жетуiнде жатыр. Әрбiр фотосурет тарихи құндылыққа ие бола отыра, тарихи оқиғалар, бабаларымыздың өмiрi мен тұрмысы, танымал тұлғалар туралы көлемдi ақпараттар бередi, бұл өз кезегiнде әрбiр көрме аралаушыға сол тарихи кезеңдердiң рухын, облысымыз бен Қазақстанның даму және қалыптасу кезеңдерiн сезiнуге мүмкiндiк бередi.

Көрме тұжырымдамасы туған жер тарихының елiмiз — Тәуелсiз мемлекетiмiздiң тарихы тұрғысынан қарастыра отыра «Өлке тарихы — Ел тарихы» жобасы идеясының мәнiн тереңiнен аша түседi.

Архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Тохаева Марзият Юсуповна өз сөзiнде «Өлке тарихы — Ел тарихы» жобасының негiзгi мақсаты кiшi Отанның даму тарихын, оның елiмiздiң тарих дамуындағы рөлiн сипаттайтын архив фотоқұжаттары жайында бiлу, олармен танысу. Аталмыш жоба тарих жадын сақтауға деген жауапкершiлiкке, өз түп-тамырыңа құрметпен қарауға шақырады.

Сонымен бiрге Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» Аймақтық жобалық кеңесiнiң жетекшiсi, Көкшетау қаласының мәслихатының хатшысы Исимбаев Еркiн Тұрашұлы да құттықтау сөз алды.

Содан кейiн «Өлке тарихы — ел тарихы» жобасының басталу рәсiмi өттi.

Лента қию құрмет құқығы Көкшетау қаласының Құрметтi азаматтарына, еңбек ардагерлерiне Болат Сүлейменов Жанадиловқа және Сакина Амiрханқызы Аппасоваға берiлдi.

Содаң-соң қонақтар 19 роллаптан тұратын облысымыздың әрбiр аймағының тарихынан сыр шертетiн жылжымалы фотокөрмемен танысты. Сонымен бiрге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Акмолинская область в архивных документах» және «По страницам истории» кiшi бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша материалдардың көрмесi де зор қызығушылық тудырды.

Iс-шара барысында Ақмола облысының 17 аудандары мен 2 қалалары бойынша өтетiн эстафета өз бастамасын алды. 2018 жылға тұрғындарды жалпы қамту көлемi — 16 мың адам.

Жылжымалы көрменi Көкшетау қаласынан Зерендi ауданына тапсыру эстафетасының рәсiмiне Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивнiң директоры Какпенов Тасболат Жазитұлы және Зерендi аудандық архивi директорының м.а. Жүзжанова Динара Елубайқызы қатысты.

Iс-шара аяқталысымен жоба мен iс-шара ұйымдастырушыларына қатысушылармен жылы пiкiрлер мен игi тiлектер айтылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 19.07.2018 09:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2018 16:14
Қаралым саны: 454

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+