Қазақша
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Ақмола облысы архив құжаттарында» жобасының тұсау кесері

2018 жылдың 17 қаңтарында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Ақмола облысы архив құжаттарында» жобасының тұсау кесер шарасы өттi.

Жобаның басты мақсаты- халықтың туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн, отансүйгiштiгiн ояту, өзiнiң мәдени-рухани байлығына көзқарасын қалыптастыру. Аталған жоба туған өлкенiң тарихына терең бойлап, аймақтың жандануына ықпал етiп, Ақмола облысының тарихындағы белгiлi тұлғалардың есiмiн жаңғыртуға , сонымен қатар ұлттық сана-сезiмiн оятып, қазақстандық отансүйгiш қасиеттерiн қалыптастырады.

Шараға мемлекеттiк орган, шығармашыл интеллигенция, еңбек ардагерлерi, Көкшетау қаласының белсендiлерi, Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң оқушылары және өңiрлiк БАҚ өкiлдерi шақырылды.

Салтанатты шараны Ақмола облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Юсуповна Тохаева құттықтау сөзбен ашты. Сонымен қатар «Өрлеу» бiлiктiлiктi жоғарлату институты филиалының директоры, «Рухани жаңғыру» кеңсесiнiң жетекшiсi Е.Т. Исимбаев, облыстық архивтiң директоры Т.Б.Батырханов сөз алды. Шара барысында «ХХ-шы ғасырдың соңғы онжылдығындағы Көкшетау қаласының тарихи жылнамасы» атты бейнефильм көрсетiлiп, көрме залының таныстырылымы өттi. Онда архив құжаттарының түпнұсқалары, көшiрмелер, қағаз түрiндегi құжаттар, фотоқұжаттар, карталар, кiтаптар қойылды. Жинаған материалдардың жалпы қоры 300 дананы құрайды.

Шара соңында оған қатысушылар пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабына өздерiнiң көзқарастарын жазып қалдырды.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2018 18:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.01.2018 12:50
Қаралым саны: 980

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+