Қазақша
«Қазақ тілінің білгірі» интеллектуалдық ойынын өткізді

2017 жылғы 18 қыркүйек Қазақстан халқы тiлдерi күнiн атап өту аясында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы «Қазақ тiлiнiң бiлгiрi» интеллектуалдық ойынын өткiздi. Ойынға облыстық мемлекеттiк архивтiң және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң ұжымдары қатысты.

Мемлекеттiк тiл мәртебесiнiң маңыздылығына және нығаюына ерекше назар аударылды. Iс-шараның мақсаты мемлекеттiк тiлдiң қолданылу және даму аясын кеңейту, мәртебесiн нығайту, мемлекеттiк тiл саясатын архив iсi саласында кеңiнен насихаттау болып табылды.

Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесiнiң төрайымы, Еңбек ардагерi– Қиықова Зере Еспайқызы iс-шараның құрметтi қонағы болды.

Әдiл қазылар алқасының шешiмi бойынша I орынға Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң «Сұңқар» командасы ие болды. Iс-шара жоғары деңгейде өттi. қатысушылар естелiк дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2017 15:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.09.2017 15:35
Қаралым саны: 1422

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+