Қазақша
«Халықтың «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін жақсарту» кеңесі өткізілді

2017 жылғы 23 қазан Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы М.Ю.Тохаеваның төрағалығымен «Халықтың «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету сапасымен қанағаттану деңгейiн жақсарту» күн тәртiбiмен кеңес өткiзiлдi.

Кеңес жұмысына Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiнiң басшысы Виталий Валерьевич Городецкий, «Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Қабдуали Қабыкенұлы Құлышев, «Қазпошта» АҚ пошталық технологиялар бөлiмiнiң бас маманы Валентина Александровна Бондаренко, сондай-ақ облыстық және Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары мен бөлiм басшылары қатысты.

Кеңес барысында облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету кезiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдармен өзара әрекеттесу, облыс мемлекеттiк архивтерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн жақсарту мәселелерi, жұмыс барысында туындайтын күрделi мәселелер талқыланды.

Аталған кеңес барысында көтерiлген барлық сұрақтарды қарап және талқылап, келесi шешiм қабылданды:

- облыс мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiмен, «Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiмен өзара әрекеттестiктi нығайтсын;

- «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметiмен сапалы қанағаттану мақсатымен Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiнiң және «Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң қызметкерлерiне арнап оқыту семинарын өткiзу.

Семинар өткiзу күнi 2017 жылғы 10 қараша.

Мақаланың шыққан күні: 03.11.2017 09:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 16:05
Қаралым саны: 1398

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+