Қазақша
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Акмолинская область в архивных документах», «Өлке тарихы — ел тарихы», «По страницам истории» 3 кiшi жобасын әзiрледi, оларды жүзеге асыру 2018 жылғы қаңтар айынан басталды.

Бiрiншi кiшi жобаның аясында облыстық архив базасында Ақмола облысының тарихы туралы архивтiк құжаттардың көрме залы дайындалды. Әрине, архивтiк құжаттар қойылымы өңiрдiң сонша ұзақ уақыт кезеңiндегi барлық тарихына толық баға беру үшiн жасалмайды. Көрменiң басты мақсаты — архивтiк құжаттардың әртүрлiлiгi, олардың бiрегейлiгi мен құндылығы, халықтың өз облысының, туған өлкесiнiң тарихы, сонда туып, өмiр сүрiп, бүгiнгi құндылықтарды жасаған адамдар туралы ақпараттандыруды жоғарылату.

Құжаттар мәдени және ғылыми құндылығы бар ақпараттық қанықтығы тарапынан iрiктелген.

Көрме 300-ден аса жәдiгердiң басын қосты, оның iшiнде қағаз негiздегi құжаттар, фотоқұжаттар, карталар, кiтаптар бар. Көрмедегi жәдiгерлер бейiмделген көшiрмелер түрiнде ұсынылған.

Көрме залының базасында тек Ақмола облысының бай тарихымен ғана емес, сонымен қатар Елбасының Тәуелсiз Қазақстанның дамуындағы маңызды рөлiмен таныс болатын халықтың барлық санаты үшiн экскурсия iске асырылады.

Қазiргi уақытта экскурсиялар Көкшетау қаласыныңы жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 160 оқушысын, ЖОО студенттерiн қамтыған.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысының барлық мемлекеттiк архивтерi аса құнды архивтiк құжаттарды анықтау бойынша iздеу-зерттеу жұмыстарын жүргiзуде.

Осылайша, Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерi Қадиша Каленова 115 «Алексеевка аудандық атқарушы комитетi» қорынан топографиялық картасын анықтаған.

Картаны 1889 жылы Әскери топографтар корпусы (Санкт-Петербург) әзiрлеген. Жасанды 21 парақтан құралған, оның әрқайсысында сол кездегi әкiмшiлiк-территориялық бөлiнiске сәйкес түрлi географиялық нысандар бейнеленген. Архивте осы картаның үзiндiсi — Ақмола және Торғай облыстарын қамтыған 3-атлас сақтауда жатыр.

1894 жылы картаға бiршама түзетулер енгiзiлiп, қайта басылып шығарылған.

1919 жылғы қыркүйекте өзгерiссiз қайта басылып, 1921 жылғы ақпанда қайта бастырылып шығарылды.

Карта Солтүстiк Қазақстан аудандарының толық географиялық сипаттамасын ұсынады, оған географиялық нысандар мен олардың атаулары бұрынғы тарихи түрiнде енгiзiлген. Құжат орасан зор құжаттық құндылыққа ие және елдi мекендердiң тарихи атауларын тарихи шегiнде зерттеу үшiн қызығушылық тудырады.

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы М.Ю.Тохаева құжаттың маңыздылығын ескере отырып, шешiм қабылдады және 2017 жылғы желтоқсанның соңында топографиялық карта Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне сақтауға тапсырылды.

2018 жылғы қаңтар айының ортасында Көкшетау қаласының ЖОО ғылыми қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, топографиялық картаның деректерi бойынша Ақмола облысының географиялық нысандарының тарихи атауларын зерттеу бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады, жұмыс нәтижесi бойынша материалдар жинағы басылып шығарылады.

 

Суретте: облыстық басқарма басшысы М.Ю.Тохаева
Облыстық архив директоры Т.Б.Батырханов
Облыстық мемлекеттік архивтің бөлім басшысы О.Я.Полеткина
Облыстық басқарманың маманы Д.Б.Бердалина 

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 16:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2018 14:40
Қаралым саны: 1845

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+