Қазақша
Өзекті мәселелер жөніндегі анықтама
Архив ісі
Ұйымдар мен қәсіпорындарархивтерінде құжаттардыуақытша сақтау мерзімі қандай? Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес құжаттарды келесі уақытша сақтау мерзімдері белгіленді:- облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың астананың) жергелікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 10 жыл; - облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарының құжаттары – 10 жыл;- қаланың (ауданның) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 5 жыл;- қалалық және аудандық денгейдегі мемлекеттік заңды тұлғалардың құжаттары – 5 жыл;- азаматтық хал актілерінің жазбалары, шаруашылық кітаптары, үй кітапшалары нотариалдық іс-әрекет жазбалары, жылжымайтын мүлік бойынша орталықтар құжаттары және сот істері мен құжаттары – 75 жыл.
Еңбек өтілін растау үшінархивтік анықтаманы қалайалуға болады? Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздан №57 бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қызмет көрсетуінің кеңесі (мемлекеттік архив) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Мақаланың шыққан күні: 22.02.2018 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.02.2018 10:28
Қаралым саны: 1575

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+