Қазақша
Көрменің салтанатты ашылуы

2017 жылғы 20 қазаннан 23 қазанға дейiн Әдебиет және өнер мұражайында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы Ақмола облысының мәдениет басқармасымен бiрлесiп дайындаған «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары», көрмесi өттi. Көрме мемлекеттiк әлiпбидiң латын әлiпбиiне ауысуын қолдау бойынша iс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

«Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» көрмесiнiң салтанатты ашылуы 20 қазан Көкшетау қаласының көркемөнер зиялыларының, қала жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының, ЖОО мен колледждер студенттерiнiң, БАҚ өкiлдерiнiң, мәдениет қайраткерлерiнiң қатысуымен өттi.

Көрменiң ашылу салтанатында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң директоры Т.Б. Батырханов, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң доцентi, филология ғылымдарының докторы Бердiбай Шалабаев, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кiтапханасы директорының орынбасары Г.В. Савенкова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң аға оқытушысы Т.А.Уәлиев, Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ұйымдастыру-ақпараттық бөлiмiнiң басшысы Н.Е.Кукушева сөз сөйледi.

Көрмеге Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогика колледжiнiң, Көкшетау жоғарғы медициналық колледжiнiң студенттерi, Көкшетау қаласы жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң оқушылары келдi.

«Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» архивтiк құжаттар көрмесi қазақ жазуының Қаз.АКСР-да 1929 жылдан 1940 жылға дейiн қолданылған латын графикасына ауысуының тарихи тәжiрибесiмен таныстырады. Латын графикасындағы қазақ әлiпбиi өз уақытында қазақ тiлiнiң фонематикасын есепке ала отырып жасалған және тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдiк лингвисттер де колдаған А.Байтұрсынұлының араб әлiпбиiнiң негiзiнде құрылды.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 1929 жылдан 1940 жылдарға дейiнгi кезеңде қазақ жазуының латын графикасында кеңiнен қолданылуы туралы куәландыратын архивтiк құжаттар сақталуда. Бұл мынадай мерзiмдiк басылымдар: «Ленин туы», «Сталинской путь», «Жаңа арқа» газеттерi; ресми құжаттар: Қаз.КСР Орталық Атқарушы Комиссариаттың (ОАК) қаулылары, директивтi нұсқаулар, циркулярлар, бұрыштамалар, статистикалық есептер, хаттамалар және т.б.; азаматтардың жеке құжаттары: кадрларды есепке алу бойынша жеке парақтар, туу туралы жазбалардың актiлерi, сауалнамалар, өмiрбаяндар және т.с.с.

«Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» («История латинизации казахского алфавита по архивным документам»)көрмесiнiң тақырыптық-экспозициялық жоспарына келесi бөлiмдер ендi: латын графикасына ауысу туралы 1920-1940 жж. Заңнамалық актiлер; Қаз.АКСР-ның 1920-1940 жылдардағы мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарының ресми құжаттары; латын графикасындағы мерзiмдiк басылымдар; азаматтардың жеке құжаттары. Көрме 105 жәдiгердi өзара байланыстырды. Көрмеде Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнде сақталып жатқан құжаттар пайдаланылды. Ақмола аудандық партия комиссариатының (АОМА. Қ.25); Атбасаруездiк денсаулық сақтау бөлiмiнiң (АОМА. Қ.3.); Ақмола жер құрылысы партиясының (АОМА.Қ.246); Көкшетау облысы әкiмiнiң жанындағы ауыл шаруашылық басқармасының (АОМА. Қ.1425.); Б (б) КП Ақмола губерниялық комитетiнiң (АОМА. Қ.Б — 3) қорлары; мерзiмдiк баспасөз басылымдары: «Ленин туы», «Сталинской путь», «Жаңа арқа» газеттерiнiң тiгiндiсi пайдаланылды.

Мақаланың шыққан күні: 27.10.2017 15:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.10.2017 15:18
Қаралым саны: 1385

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+