A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнің тойлауға арналған салтанатты жиналыс

2017 жылдың 14 желтоқсаны Архивтер және құжаттамалар басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiң тойлауға арналған мерекелiк салтанатты жиналыс өткiзiлдi, онда құттықтау сөзiмен басқарма басшысы М. Тохаева және облыстық архив қызметiнiң ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы А.Н.Положенцев сөз сөйледi.

Алғы сөзiнде басқарма басшысы М.Тохаева, Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi — өз елiнiң тағдырына жауапкершiлiк сезiмiн бiрiктiретiн және Қазақстанның бiртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшiн басты мереке екендiгiн атап өттi. Бүгiнде бiздiң мемлекетiмiз Елiмiздiң Тұнғыш Президентi, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен экономиканы дамытуды, әлеуметтiк саланы күшейтудi сәттi жалғастыруда және демократиялық түрлендiрудi жүргiзуде.

Положенцев А.Н. барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтады: «Мен сiздердiң кәсiбилiктерiңiз, өз iстерiңiзге адалдықтарыңыз архив саласын бiздiң облыстың және мемлекетiмiздiң игiлi үшiн одан-әрi дамытуға қызмет ететiндiгiне сенiмдiмiн».

Одан-әрi, мерекелiк көнiл-күйде қызметкерлер және еңбек ардагерлерi «Қазақстан жолы: Тәуенлсiздiк хроникасы» бейне фильмiн қарады.

Осыған ұқсас iс шаралар облыстың барлық архив мекемелерiнде өткiзiлдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.12.2017 11:36
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
@2018 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59