Қазақша
Ақмола облысы әкімінің келуі

2017 жылғы 13 қазан Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасына, облыстық мемлекеттiк архивке Ақмола облысының әкiмi М.К. Мырзалин келдi.

Облыс әкiмi облыстың мемлекеттiк архивiнiң жыл сайын Қазақстанның түрлi өңiрлерiнен, сондай-ақ таяу және қиыр шетел мемлекеттерiнен 150 зерттеушi, республикалық институттардың ғылыми қызметкерлерi, ғалымдар, ЖОО-ның студенттерi келетiн оқу залының жұмысымен танысты.

Басқарма басшысы М. Тохаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 3 жаңа жобаның тұсауын кестi: «Акмолинская область в архивных документах», «Туған жерiм — тұғырым», «Архивы говорят». Оларды жүзеге асыру кезеңi 2018 жылдан 2020 жылға дейiн.

Бiрiншi жоба ХIХ ғасырдан бүгiнгi күнге дейiнгi Ақмола облысының тарихын баяндайтын 300-ден астам фотоқұжаттық архив материалдары жиналған көрме залының базасында жүзеге асырылатын болады. Екiншi жобаның аясында Ақмола облысының елдi мекендерi бойынша әр ауданның — кiшi атамекеннiң тарихын суреттейтiн жылжымалы көрмелер ұйымдастыру жоспарланған. Үшiншi жобаны жүзеге асыруға ғалымдар, тарихшылар, ЖОО-ның студенттерi, өлкетанушылар, зерттеушiлер тартылатын болады. Бiрлескен жұмыстың қорытынды нәтижесi архивтiк құжаттардың негзiнде 65 кiтап, 75 брошюра, 50 дана материалдар жинағын басып шығару және таныстыру, 50 ғылыми-тәжiрибелiк конференция, дөңгелек үстел, 4000-нан астам экскурсия өткiзу болып табылады.

Бұдан басқа, облыс әкiмi тұрақты жұмыс iстейтiн, облыстың ХIХ ғасырдан юүгiнгi күнге дейiнгi тарихын әңгiмелейтiн 300-ден астам жәдiгердi бiрiктiрген «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрмесiне барды.

Өңiр басшысы облыстық архивтiң архив қоймаларының бiреуiнде болды. Архивтер басқармасының басшысы М. Тохаева баяндағандай 1873-1935 жылдар аралығындағы «Кокчетав уездiнiң метрикалық кiтаптар және азаматтық халдер жазбаларының актiлерi топтамасы», «Тарихи оқиғаларға қатысушы көкшетаулықтар құжаттарының топтамасы» қорларындағы архивтiк құжаттар көп қызығушылық тудырады.

«Архив қоймалары 90%-ға толған, және осыған байланысты стационарлық стеллаждарды мобильдi стеллаждарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде, бұл мемлекеттiк сақтауға қабылданатын құжаттардың көлемiн арттыруға мүмкiндiк бередi», — дедi ол.

Облыс әкiмi мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмысқа қызығушылық танытты, сндай-ақ, ақпараттық технологиялар бөлiмiне барып, онда облыс архивтiк қызметiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылатын архивтiк құжаттарды сандық форматқа ауыстыру үдерiсiмен танысты.

Бүгiнгi күнi сандық форматқа шамамен төрт мыңдай архивтiк құжат немесе архивтiк iстердiң 313 мың бетi ауыстырылды, бұл архив құжаттарының жалпы санының 0,8%-ын құрайды.

Кездесу соңында облыс әкiмi «Сандық Қазақстан» бағдарламасын практикалық жүзеге асыру аясында архивтi цифрландыру үдерiсiн тездетудi, сондай-ақ өңiр тарихына қатысты архивтiк құжаттарды iздеудi жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың шыққан күні: 18.10.2017 14:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.10.2017 14:49
Қаралым саны: 1724

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+