Қазақша
Көшпелі кеңес

2017 жылғы 23 қараша Ақкөл ауданында «Басқарма мен облыстың архив мекемелерiнiң 2017 жылдың 9 айы бойынша жұмыс нәтижелерi туралы» күн тәртiбiмен Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлiмованың төрағалығымен көшпелi кеңес өттi.

Кеңес жұмысына Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Юсуповна Тохаева, Ақкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Гүлнар Есенқызы Әбiлқайырова, ауылдық округтардың әкiмдерi, Ақкөл ауданы мемлекеттiк ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары, облыстың архив мекемелерiнiң директорлары қатысты.

Кеңес қатысушылары латын әлiпбиi бойынша құжаттар көрмесiмен және «Ақкөл ауданының тарихы тұлғаларда» архивтiк құжаттар көрмесiмен танысты, онда Ақкөл ауданының аса маңызды және қызықты оқиғаларын бейнелейтiн фотоқұжаттар ұсынылған.

Кеңес қатысушыларының алдында Ақкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Г.Е.Әбiлқайырова алғысөзiмен сөз сөйледi.

Кейiн «Облыстың архив мекемелерiнiң 2017 жылдың 9 айы бойынша жұмыс нәтижелерi туралы» ақпаратымен Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы М.Ю.Тохаева сөз сөйледi.

Жарыссөзге Ақмола облысының мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары: Темiрбек Бүркiтбайұлы Батырханов — облыстық мемлекеттiк архив директоры, Сұңғат Шауәлiұлы Жүсiпов — Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры, Жанат Сағнайқызы Сейiтжанова — Жақсы ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры қатысты.

Құжаттардың ұйымдар мен мекемелерде ведомстволық сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорына жататын құжаттардың негiзгi бөлiгi оларда қалыптасады. Аталған бағыт бойынша Азат ауылдық округының әкiмi Самат Жолдаспайұлы Ыдырысов пен Новорыбинский ауылдық округының әкiмi Арман Аманжолұлы Оразов сөз сөйледi.Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.Е.Мысырәлiмова архивтер мен құжаттамалар басқармасының жақсы жұмысын атап өтiп қорытынды шығарды; ол облыстың архив қызметi алдына қойылатын мiндеттер қатарын атап өттi; Ақкөл ауданының ұйымдарының басшыларына құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және аудандық архивке құжаттарды мемлекеттiк сақтауға уақытында тапсыру туралы тапсырма бердi.

Кеңес қорытындысында: «Ақмола облысының архив iсiн дамытуға қосқан елеулi үлесiңiз, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын кеңiнен таныту мен насихаттау жолындағы жемiстi еңбегiңiз, жастар арасында патриоттық және туған өлкеге деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастыруға белсендi түрде қатысқаны үшiн» Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хатымен:

- Бердалина Д.Б. — Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының бас маманы;

- Кошкина О.Л. — Жарқайың ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры;

- Нұржанова М.У. — Степногорск қаласының мемлекеттiк архивiнiң архивистi;

- Рогова Д.З. — Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң қойма меңгерушiсi;

- Анохина Л.В. — Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiнiң бухгалтерi марапатталды.

2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының архив қызметiндегi үздiк көрсеткiштерi үшiн дипломмен және «Ақмола облысының үздiк архивi» кубогымен Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 28.11.2017 17:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 14:58
Қаралым саны: 1480

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

A-
A
A+