Қазақша
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының алқа отырысы

Ағымдағы жылдың 12 сәуiрi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Тохаева Марзият Юсуповнаның төрағалығымен «2017 жылға және 2018 жылдың 1 тоқсанына Ақмола облысы архив мекемелерiнiң жұмыс қортындылары туралы» басқарманың кеңейтiлген алқасы өттi.

Алқаға басқарманың бөлiм басшылары, бас мамандары және облыстың мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары қатысты.

Отырыс барысында басқарманың және облыстың мемлекеттiк архивтерiнiң жұмыс қортындылары туралы, күрделi мәселелер және оларды шешу жолдары туралы басқарманың бөлiм басшылары Филипьева Галина Михайловнаның, Уразаева Динара Сапарқызының және бас маман Кәрiмова Гүлнәр Серiкқызының есептерi тындалды.

2017 жылға және 2018 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекеттiк архивтердiң қызметi туралы: директорлар Астрахан ауданы — Аманжолова Зәуре Бегалиқызы, Атбасар қаласы — Ағзамов Мұрат Жәлелұлы, Бұланды ауданы — Қажақанов Бектас Темiрғалиұлы, Егiндiкөл ауданы — Асанов Марат Айтбекұлы, Есiл ауданы — Жүсiпбеков Дәулет Ақанұлы тыңдалды.

Сонымен бiрге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру туралы Ақмола облысы архивiнiң директоры — Батырханов Темiрбек Бүркiтбайұлының, Сандықтау ауданы архивiнiң директоры — Виноградова Галина Ивановнаның есептерi тыңдалды.

Қортынды сөзiнде басқарма басшысы 2017 жылға және 2018 жылдың 1 тоқсанына архив мекемелерiнiң жұмысын қортындылады, 2018 жылға облыстық басқарманың және архив мекемелерiнiң алдында тұрған мiндеттерiн айтты, облыстың архив саласын дамыту бойынша iстеген жұмыстары үшiн барлығына алғысын бiлдiрдi.

Отырыс сонында 2017 жылдың қортындысы бойынша Ақмола облысының архив қызметiндегi үздiк көрсеткiштерi үшiн «Ақмола облысының үздiк архивi» дипломын және кубогiн табыс етумен Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы марапатталды.

  

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2018 10:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2018 16:01
Қаралым саны: 1118

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

A-
A
A+