A- A A+
«Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының 2017 жылғы 10 наурыздағы алқа отырысы

А.ж. 10 наурызында «Ақмола облысы архивтiк мекемелерiнiң 2016 жыл бойынша жұмыс қорытындылары туралы» күн тәртiбiмен Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы (бұдан әрi — басқарма) басшысы Марзият Юсуповна Тохаеваның төрағалығымен басқарманың кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

Отырысқа басқарманың бөлiм басшылары, бас мамандары және облыс мемлекеттiк архивтерiнiң директорлары қатысты.

Отырыс барысында басқарманың бөлiм басшылары Галина Михайловна Филипьева мен Динара Сапарқызы Уразаеваның басқарманың және облыстың мемлекеттiк архивтерi жұмысының қорытындысы туралы, өзектi мәселелер және оларды шешу жолдары туралы есептерi тыңдалды.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң директоры — Тасболат Жазитұлы Какпеновтiң, Еңбекшiлдер ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры — Анар Төлепқызы Шауенованың, Есiл ауданы — Дәулет Ақанұлы Жүсiпбековтiң, Аршалы ауданы — Марина Альгердовна Руденконың, Ерейментау ауданы — Елена Анатольевна Алексееваның 2016 жыл бойынша қызмет туралы есептерi тыңдалды.

Алқа отырысын қорыта келе, басқарма басшысы бәрiне облыстың архив саласын дамыту бойынша атқарған жұмысы үшiн алғыс бiлдiрiп, кейiн басқарма мен архив мекемелерiнiң жұмысын қорытындылады, 2017 жылы басқарма мен архив мекемелерiнiң алдында тұрған мiндеттердi атап өттi.

Отырыстың соңында архив саласы қызметкерлерi 2016 жылдың қорытындысы бойынша марапатталды.

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының алғыс хаттарымен:

Якупова Альфия Муратовна, Атбасар қаласының мемлекеттiк архивiнiң архивистi;

Гончарова Валентина Адамовна, Ақкөл ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi;

Шемургалкина Татьяна Ивановна, Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi;

Золотухина Любовь Андреевна, Бұланды ауданының мемлекеттiк архивiнiң архивистi;

Кабильдина Сауле Кабыкенқызы, Қорғалжын ауданының мемлекеттiк архивiнiң бухгалтерi марапатталды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының архивтiк қызметiндегi үздiк көрсеткiштер үшiн Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы Дипломмен және «Ақмола облысының үздiк архивi» кубогымен марапатталды.

 


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.04.2017 10:01
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов к-сі, 23

8 (7162) 31-56-70

arhiv@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 31-56-59